Болашаққа бастар білім ордасы – ҚазҰУ

Сәбит Жазира Нұрланқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) 
Ақпараттық жүйелер


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі, ұлттық білім мен ғылымның іргелі орталығы. Университет қабырғасында сапалы білім беру, ғылыми зерттеу жүргізу және студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасау – басты құндылықтардың қатарында.

Мен – аталған университеттің Ақпараттық мамандығы бойынша 4-курс студентімін. Бұл бағыт қазіргі цифрлық қоғамның сұранысына толық жауап береді. ҚазҰУ-да біз тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық жобалар арқылы кәсіби дағдыларымызды дамытамыз. Университеттегі студенттік өмір тек аудиториямен шектелмейді. Ғылыми үйірмелер, стартап жобалар, конференциялар – барлығы болашақ маман ретінде қалыптасуға ықпал етеді. Кампустың заманауи инфрақұрылымы, кітапхана қоры және зертханалар білім алуға қолайлы орта қалыптастырады. Сонымен қатар, студенттік өмір белсенді қоғамдық және мәдени шаралармен ерекшеленеді. Университет қабырғасында өтетін дебат турнирлері, спорттық жарыстар, шығармашылық кештер мен еріктілер қозғалысы студенттердің көшбасшылық қабілетін дамытып, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастырады. Әртүрлі факультет студенттерімен тәжірибе алмасу, ортақ жобаларға қатысу – кәсіби нетворкинг қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады. Бұл орта әр студентке өз әлеуетін ашуға, бастамашыл болуға және болашақ мансабына берік негіз қалауға мүмкіндік береді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх