Нұрмұхамет Алтынай
Төребаева Шұғыла
Ғылыми жетекшісі: Ибраимкулов А.Е.
Әль Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы
Жаһандық цифрландыру дәуірі білім беру парадигмасын түбегейлі өзгертіп, оқытудың инновациялық форматтарына көшуді талап етуде. Бүгінгі таңда білім сапасы тек ақпараттың көлемімен емес, оны игерудің қолжетімділігімен және технологиялық икемділігімен өлшенеді. Осы орайда, қашықтықтан оқыту жүйелері заманауи білім беру инфрақұрылымының стратегиялық элементіне айналды. Әсіресе, машиналық оқыту және жасанды интеллект сияқты жоғары технологиялық бағыттарды оқытуда цифрлық платформалардың рөлі айрықша.
Соңғы жылдары білім беру саласында қашықтықтан оқыту технологиялары ерекше маңызға ие болды. Онлайн платформалар білім алушыларға уақыт пен орынға тәуелсіз түрде білім алу мүмкіндігін беріп, оқу процесінің қолжетімділігін арттырады. Осы үрдісті ескере отырып, «Машиналық оқыту негіздері бойынша қашықтықтан оқытуға арналған платформа әзірлеу» тақырыбында арнайы цифрлық білім беру платформасы жасалды.
Машиналық оқыту саласы жасанды интеллекттің іргелі бағыты ретінде медициналық диагностикадан бастап, қаржылық модельдеуге дейінгі ауқымды салаларды қамтиды. Осы себепті де, машиналық оқыту алгоритмдерін меңгеру болашақ мамандардың жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты фактор болып табылады.
Әзірленген білім беру платформасы теориялық білім мен қолданбалы дағдыларды ұштастыруға бағытталған бірегей жоба. Платформаның архитектурасы білім алушының материалды кезең-кезеңімен игеруіне негізделген
Теориялық модульде күрделі алгоритмдердің математикалық және логикалық негіздерін қазақ тіліндегі бейнедәрістер арқылы баяндау ұсынылған. Білім алушының прогресін қадағалайтын квиздер мен адаптивті тест тапсырмалары және деректерді өңдеу, модельдерді құру және олардың дәлдігін тексеруге арналған шынайы кейстер бар. Машиналық оқыту негіздерді бойынша қашықтықтан оқытуға арналған платформаның іске қосылуы — отандық ІТ-экожүйенің дамуына қосылған үлес ретінде саналмақ. Сапалы цифрлық ресурс арқылы даярланған мамандар ертеңгі күні еліміздің технологиялық тәуелсіздігі мен инновациялық дамуының негізі болмақ.