Сарсенова Ляззат Сарыбаевна
«Кентау колледжі» ЖШС
Аннотация. Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды талап етеді, осыған байланысты кәсіби білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және оны әлемдік стандарттарға сай жетілдіру мақсатында түрлі инновациялық әдістер мен халықаралық бастамалар енгізілуде. Осындай бастамалардың бірі – WorldSkills қозғалысы. Бұл халықаралық қозғалыс кәсіби дағдыларды дамытуға және жас мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Бұл мақалада WorldSkills — тің кәсіби білім беру жүйесіне тигізетін әсері, оның маңыздылығы және тиімділігі қарастырылады.
Аннотация. Современный рынок труда требует высококвалифицированных специалистов, в связи с этим качества профессионального образования стало одной из актуальных проблем. На сегоднейшний день профессиональное образования и ее совершенствования внедряет в соответствии с мировыми стандартами и различными инновационными методами и международными инициативами. Одной из таких инициатив является движение WorldSkills. Это международное движение направлено на развитие профессиональных навыков и повышение качества подготовки молодых специалистов. В этой статье рассматривается влияние WorldSkills на систему профессионального образования, ее важность и эффективность.
Түйінді сөздер: WorldSkills чемпионаты, материалдық — техникалық база, мейіргерлік білім беру, жаңғырту, кәсіби құзыреттілік, халықаралық стандарттар, тәжірибелік оқыту, халықаралық, мейіргер маманы, денсаулық сақтау, білім сапасы.
WorldSkills қозғалысының негізгі мақсаты:
Кәсіби білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру
Жас мамандардың біліктілігін арттыру
Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай заманауи мамандарды даярлау
Жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру.
WorldSkills – бұл жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және кәсіби білім беру сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық қозғалыс. Оның тарихы 1946 жылы басталып, қазіргі таңда әлемнің 85 — тен астам елін біріктіріп отыр. Бұл чемпионат жұмысшы мамандықтары бойынша халықаралық сайыс ретінде өткізіледі және әртүрлі кәсіптік бағыттарды қамтиды: құрылыс, ақпараттық технологиялар, дизайн, өндіріс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы сияқты салалар[1].
WorldSkills чемпионаты халықаралық деңгейдегі стандарттарға негізделген, сондықтан оған қатысатын елдер кәсіби білім беру жүйесін жетілдіруге мәжбүр болады.Бұл өзгерістер оқу бағдарламаларын жаңартуға, заманауи технологияларды енгізуге және студенттерді жаңа әдістермен оқытуға ықпал етеді.Кәсіби білім беруде теориямен қатар практиканың маңызы зор. WorldSkills жарыстары студенттерге өз дағдыларын іс жүзінде сынауға мүмкіндік береді[2]. Бұл тәсіл олардың тәжірибелік қабілеттерін жетілдіріп, өз ісіне деген сенімділігін арттырады. Тек студенттер ғана емес, оқытушылар да WorldSkills арқылы өз біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие. Олар жаңа оқыту әдістерін меңгеріп, кәсіби деңгейін жақсартады. Шеберлік сабақтары, тренингтер, тәжірибе алмасу бағдарламалары оқытушылардың білікті маман болуына ықпал етеді.
WorldSkills чемпионатында заманауи жабдықтар мен жаңа технологиялар қолданылады. Бұл қатысушыларды болашақ жұмыс орындарында кездесетін технологияларға алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Робототехника, жасанды интеллект, лазерлік өңдеу сияқты заманауи технологиялар кәсіби білім беру жүйесіне енгізіледі[3]. WorldSkills қозғалысы еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап бере алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектеседі. Чемпионатта жоғары нәтиже көрсеткен жастар ірі компаниялар мен кәсіпорындардан жұмыс ұсыныстарын алып жатады. Қазіргі таңда көп жастар жоғары оқу орындарына түсуге тырысып, жұмысшы мамандықтарын таңдаудан бас тартады. Алайда WorldSkills кәсіби — техникалық білімнің маңыздылығын көрсетіп, жұмысшы мамандықтарына деген сұранысты арттыруға көмектеседі.WorldSkills қатысушылары тек жалдамалы жұмысқа орналасуға емес, сонымен қатар өз ісін бастауға да дайын болады. Олар чемпионат барысында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, кәсіпкерлікке қажетті қабілеттерді меңгереді. Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills қозғалысына белсенді түрде қатысып келеді. Бүгінде елімізде кәсіптік білім беру мекемелері бұл чемпионаттың стандарттарына сай жұмыс істеуге бейімделуде[4].
WorldSkills арқылы кәсіптік білім беру саласында бірнеше оң өзгерістер орын алды:
Колледждер мен оқу орындарының материалдық — техникалық базасы жаңартылуда;
Кәсіби білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуде;
Оқытушылардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылуда;
Еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтар даярлануда.
Кентау колледжі WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттардың облыстық және өңірлік деңгейлерін өткізу және конкурсанттарды толыққанды практикалық даярлау үшін республикадағы ең үздік материалдық-техникалық базаның біріне ие. Жамбыл облысында»Медициналық және әлеуметтік көмек» кәсіби құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Jambul-2020» облысытық чемпионаты өтті. Бұл облыстық чемпионата мамандығы «Мейіргер ісі» біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргері» студенті Сүйінбекұлы Кәрім I орынға ие болып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. «WorldSkills Kazakhstan – 2021» VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты Астана қаласында «Медициналық және әлеуметтік көмек» құзыреттілігі бойынша өткізілді. Чемпионатқа Қазақстанның 16 өңірінен жас орта буынды медицина мамандары қатысып, өз білімдері мен тәжірибелік дағдыларын ортаға салды. Аталған байқауда Кентау колледжінің түлегі Сүйінбекұлы Кәрім жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, I жүлделі орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс – колледждің білім беру сапасының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейді. 2024 жылы Талдықорған қаласында өткен «WorldSkills Zhetysu – 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «Кентау колледжі» ШЖҚ КМК-ның «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша 4 курс студенті Данабекова Адиля Саматқызы барлық берілген модульдер бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді. Кентау колледжінің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда. Олардың көпшілігі Қазақстанның түкпір-түкпірінде,сондай-ақ шет елдерде мейіргер, акушер, фельдшер, фармацевт сияқты мамандықтар бойынша табысты еңбек етуде. Түлектеріміздің жоғары кәсіби дайындықтары, теориялық білім мен тәжірибелік дағдылары денсаулық сақтау саласының талаптарына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, колледж түлектері жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланып, медициналық ұйымдарда жетекші қызметтерді де атқарып жүр. Бұл колледж ұжымының сапалы білім беруге, үздіксіз жетілуге және болашақ мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.
Қорытынды
WorldSkills – бұл кәсіби білім беру сапасын жақсартудың және еңбек нарығына білікті мамандар даярлаудың тиімді құралы. Бұл қозғалыс жас мамандардың дағдыларын шыңдауға, жаңа технологияларды меңгеруге және кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту бәсекеге қабілетті жұмыс күшін даярлауға,
кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге және жастардың болашағын жарқын етуге көмектеседі. Сондықтан WorldSkills — ке қатысу тек жеке адамның дамуына ғана емес, жалпыел экономикасының өркендеуіне де оң әсерін тигізеді. Кентауколледжі заманауи білім беру талаптарына сай, кәсіби құзыреттілігі жоғары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауда табысты еңбек етіп келеді. Түлектердің республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіби шеберлік чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болуы – оқу ордасының сапалы білім мен тәжірибеге негізделген тиімді оқу үдерісінің айқын дәлелі. Колледж студенттерінің жоғары жетістіктері мен оқытушылардың еңбегі еліміздің денсаулық сақтау саласына қосылып жатқан маңызды үлес екені сөзсіз. Алдағы уақытта да колледж ұжымы кәсіби шеберлік пен сапалы білім беру бағытында биік белестерді бағындыра беретініне сенім мол.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. (2020). ҚР мейіргерлік білім беруді жаңғырту
тұжырымдамасы 2020–2025 жж. Нұр-Сұлтан.
2.World Health Organization. (2020). State of the World’s Nursing 2020: Investing in Education, Jobs and Leadership. Geneva: WHO Press.
3.Мұқанова, А.Ж., Сағымбекова, Г.Т. (2021). Мейіргерлік білім беруде құзыреттілік тәсілдің маңызы. Медициналық білім беру журналы, №2, 45–50-бб.