Есенқабылова Забира Абдуалиқызы
Тәрбиеші
“Хан-Сұлтан” бөбекжай балабақшасы
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру саласында бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені баланың тұлға болып қалыптасуы, мінез-құлқы мен дүниетанымы ең алдымен балабақша қабырғасында қаланады. Сондықтан тәрбиеші әрбір баланың жүрегіне жол тауып, оның бойына адамгершілік, мейірімділік, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді сіңіруі тиіс.
Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – жас ұрпақтың рухани дамуының басты кепілі. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тіл байлығы мен мәдени мұрасы балалардың санасына ерте жастан сіңірілсе, олар өз елін, жерін сүйетін, ұлттық болмысы қалыптасқан азамат болып өседі. Балабақшада ұлттық ойындар, халық ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдер мен ертегілерді пайдалану арқылы балалардың ой-өрісі кеңейіп, сөйлеу мәдениеті дамиды.
“Хан-Сұлтан” бөбекжай балабақшасында тәрбие үдерісінде әр баланың жас ерекшелігі мен қабілеті ескеріледі. Ойын арқылы оқыту, шығармашылық жұмыстар мен топтық әрекеттер балалардың қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар ата-анамен тығыз байланыс орнату – тәрбиенің нәтижелі болуына үлкен ықпал етеді.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі тәрбие – болашақтың іргетасы. Тәрбиеші ретінде біздің басты мақсатымыз – саналы, тәрбиелі, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Бұл – әрбір педагогтың қасиетті міндеті.