Әдемі торсықтың сыры

Жугунисова Мирана Амангелдиевна
Қызылорда облысы Арал қаласы Балдырған балабақшасы. Тәрбиеші


Кіріктірілген     ашық ұйымдастырылған іс-әрекет: шығармашылық,сөйлеуді дамыту,математика,дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Әдемі торсықтың сыры»

Мақсаты:Б.т. Балалардың қазақтың ұлттық ыдыстарының бірі де бірегейі-торсық туралы мағлұмат беру,торсықтың пайдасы мен қызметі,тұрмыста қолдану орны туралы ұғындыру.Балаларға қазақтың ұлттық тұрмыстық заттары туралы кеңінен насихаттау арқылы,өз ұлтының құндылықтарын білуге және қастерлеуге үйрету.Түрлі ойындар арқылы баланың танымын кеңейту,ұшқырлыққа,белсенділікке,ұқыптылыққа үйрету,топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктері: түрлі ойындар,картон,пва желім,тұз,түрлі-түсті бояулар,таратпа материал,

Метод.әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.тб

-Балалар ,қанекей бүгінгі күніміз сәтті өту үшін амандасып алайық.

Арайланып таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң балабақшам

Қайырлы таң  достарым

Жарқырасын қаламыз

Жарқырасын даламыз

Менің қолымда күннің бейнесі бар .Күніміз көңілсіз екен ,оны көңілдендіру үшін қандай тілек айтқанымыз жөн деп ойлайсыңдар балалар

Балалар өз тілектерін күнге арнап айтады.

Балалар мен сендерге ұлттық бұйымымыз яғни ыдыс-торсық туралы түсіндіремін.Торсық ежелгі ата бабаларымыз қолданған сусын құятын ыдыс.Торсықты малдың терісінен жасалынады.Түйенің,бұғының,өгіздің мойын терісін алып,оны арнайы қалыпқа салып пішеді,таспамен тігеді.Ішін қарағайдың,арша,тобылғы секілді ағаштармен ыстайды.Торсықтың бүйірі дөңгелек,мойыны жіңішке әрі ұзын болып келеді.Аузына ағаштан тығын тығылады.Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан яғни теріден бау тағып қояды.Торсықтың бетіне қошқармүйіз,арқар мүйіз оюлары салынады.

Торсыққа қымыз құйылған,сақталған .Ол бірқалыпты температурада сақталынып,бұзылмайды.Биенің сүтін құйса торсықтың екі шетіндегі бұрыннан қалған қымыз, сүтті бірден ашыта қояды.Міне,балалар торсықтың сыры осындай.

Балалар менің қолымда торсық бар ,осы торсықта тапсырмалар берілген екен.

Тіл ұстарту жаттығуы: Ық-ық –ық Қолымда менің торсық

Тау-тау-тау Тамақ толы астау

Дық-дық-дық Әшекейлі сандық

Енді біз осы алған ақпаратымызды есімізде сақтау үшін балалар топтарға бөлініп,тапсырмалар орындаймыз.Топқа бөліну үшін асықтарды таңдаймыз.

1.тапсырма Торсықты бейнелейміз

2.тапсырма Сандар кілемшесі ретімен орналастырып,тура,кері санау.

Берілген оюларды ретімен орналастыру.

3.тапсырма Торсықты тігеміз. Қол моторикасы жұмысы.

4.тапсырма Асықпен ойын Монополия

5.тапсырма Қыз қуу. Асықпен ойын

Сергіту сәті:      Қане ,қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Өреге құрт жаяйық

Астауға ас салайық

Торсықтағы қымызды

Кеселерге құяйық

Балалар қанекей бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар, әрі ойын ойнадыңдар бүгінгі іс әрекет ұнады ма өз ойларыңды айтыңдаршы..

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх