Қоянмен ойнаймыз

Нағашыбайқызы Айгерім
КМҚК “Балдырған“ балабақшасы тәрбиеші


Тобы: «Сәуле»  ортаңғы тобы
ББС: Таным
ҰОҚ: Математика негіздері
Тақырыбы: «Қоянмен ойнаймыз»
ҰОҚ мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы бекіту. (шаршы, шеңбер, ұшбұрыш)                                                                                               Кеңістікте  орналасуын анықтай алады.(жоғары,төмен)                                                                                                              Әр- түрлі заттарды салыстыра алады.(аз,көп)
Күтілетін  нәтиже:  

Геометриялық пішіндерді біледі.                                                                                                                Кеңістікті ажырата алады.                                                                                                                             Бір затты екінші затқа салыстыра алады.

Ресурстар: АКТ, суреттері,пішіндер,фонарик
Әділ-тәсілдер: 4К (бала үні,  креативтілік, командада жұмыс жасау, сыни ойлау),  сауалнама (ашық сұрақтар), жігерлендіру. рефлексия, кері байланыс. Бақылау, бағалау, саралау  ( өнім арқылы) әдістері.

 

 

 

ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері ҰОҚ бойынша іс- әрекет   Ресурстар
 

«Миға шабуыл әдісі» Ашық сұрақтар

(2мин)

 

Бала үні

 

 

Жаңа оқу қызметіне көпірше

(3мин)

 

 

 

 

 

 

Топтастыру:

 

 

 

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс:

(6мин)

 

Кері байланыс:

(2мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(5мин)

Балалар шаттық шеңберін орындап жіберейік:

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Балалар, жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
  • Қыс мезгілінде неше ай бар?
  • Мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.

Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз
математика негіздері тақырыбы:
«Қоянмен ойнаймыз» деп аталады.

  • Бұл қоян орманда мекендейді.
  • Қоянның баласын көжек дейміз.
  • Қоян қорқақ.
  • Құлағы ұзын.
  • Қоян сәбізді жақсы көреді.

Экраннан қоян көрсетіледі.

  • Балалар, қоян бізбен бірге ойнағысы келіп тұр екен.

Қоян орманда келе жатса,
алдынан жабайы жануарлар кездесіп,
бізге жібермей қойыпты.

  • Балалар, алдымыздағы фонарикті жағып,
    қандай жануардың ізі екенін табайықшы.
  • Дұрыс, түлкінің ізі екен.
  • Барлығымыз экранға қарайықшы,
    қандай жануар екен?
  • Дұрыс, түлкі екен.

Түлкі:
«Егерде менің ойынымды дұрыс орындасаңдар,
қоянды жіберемін» – дейді.

  • Балалар, біз пішіндер білеміз бе?
    Атайықшы.

Педагог жетекшілігімен ойын:
«Пішіндерді дұрыс орналастыр»

Шарты:
Алдарына әр-түрлі пішіндер беріледі,
сол пішіндерді үйшікке сәйкестендіріп орналастырады.

  • Балалар, біз пішіндерді білеміз бе?
    Атайықшы.

Кері байланыс:
Балалар пішіндерден не жасағанын айтады.

  • Балалар, келесі ізді қарайықшы,
    қандай жануардың ізі екен?
  • Дұрыс, қасқырдың ізі екен.

Қасқыр да:
«Егерде менің ойынымды дұрыс орындасаңдар,
қоянды жіберемін» – дейді.

Құрылымдалған ойын:
«Қайсысы көп, қайсысы аз»

Шарты:
Заттарды салыстырып,
қайсы көп, қайсы аз екенін айтып береді.

  • Жарайсыңдар, балалар!
  • Балалар, сендер қандай ойын ойнап жатсыңдар?
  • Біз не салыстырдық?
  • Қайсысы көп, қайсысы аз екен?
  • Оны біз қалай байқадық?

Балалар, тағы да фонарикті жағып қарайықшы,
қандай жануардың ізі екен?

  • Дұрыс, аюдың ізі екен.

Аю да бізге ойын әкеліпті.
«Егерде дұрыс орындасаңдар,
қоянды жіберемін» – дейді.

Еркін ойын:
«Жоғарыда, төменде»

Шарты:
Берілген суреттерді ажыратып,
жоғары, төменге орналастырады.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан өзінің,
Көжегі екен өзінің.

  • Балалар, бізге қоян рахмет айтып жатыр.
    Бізбен ойнағысы келіп тұр екен.

Жеке жұмыс.

Ойын:
«Сәбіздерді ретімен орналастыру»

Шарты:
Балаларға үлкен-кіші, орташа
сәбіздердің суреті беріледі.
Балалар ретімен орналастырып шығады.

 

 

Шаттық шеңберін орындайды.

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

Қоян.

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылдарын жасап орындайды.

 

 

 

 

 

 

Бала үні

 

 

Қорытынды:

Бала үні

(2мин)

 

Рефлексия:  «Менің көңіл-күйім» әдісі

Балалар бүгінгі оқу қызметін жақсы түсінсе  күліп тұрған смайликті, әліде түсінбеген сұрақтары болса ойланып тұрған смайликті алады.

Мадақтау:«Бес жұлдыз» әдісі

 

Балалардың жауаптары

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх