Қолғап

Обайдуллина Райхан Рахатовна
Ақтөбе  облысы,  Темір ауданы, Шұбарши  ауылдық  округі.
«Еркем – ай»  бөбекжай – балабақшасы
Педагог – модератор


Топ: Кіші топ

Тақырыбы: Қолғап

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Саусақ жаттығуларын дамыту арқылы қол моторикасын жетілдіру.  Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қолмен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Міндеттері:

Коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Көркем шығармашылыққа қызығушылығын арттыру.

Саусақтардың моторикасын жетілдіру.

Қағаз қиындысын қолдану арқылы назарын шоғырландыру.

Қажетті материалдар:

Қолғап суреттері (әр балаға біреу),  қиындылар (қызыл, сары, жасыл, көк қағаз), желім. Саусақ жаттығулары үшін орын

Іс-әрекет барысы:

  1. Кіріспе

Балалармен амандасу.

«Қыс мезгілі қандай?» деп сұрақ қою, қысқы киімдер туралы әңгіме қозғау.

Қолғаптың қысқы киім екенін атап өту.

  1. Дамытушылық жаттығулар

Саусақ жаттығулары: «Қолғапты киеміз — алақан ашамыз, шешеміз — жұдырық түйеміз» деп жаттығу жасау.

Балалардың қол саусақтарының икемділігін дамытуға арналған ойын.

«Сыңарын  тап»  ойыны

Ойын  шарты: Қолғаптардың  сыңарын  табу,  түстеріне  қарай  бір – бірімен  бірікттіру.

  1. Негізгі іс-әрекет

Балаларға қолғап суреттерін тарату.

Қиындылардан (қызыл, сары, жасыл, көк) шағын бөліктерін кесіп, қолғапқа желіммен жабыстыруды көрсету.

Балалар өз шығармашылығына қарай қолғапты безендіреді.

Тәрбиеші балаларға қажетті көмекті көрсетеді, қауіпсіздік ережелерін еске салады.

  1. Қорытынды

Балалар өз жұмыстарын көрсетеді, бір-біріне мақтау айтады.

Қыс мезгілі мен қолғаптың рөлін тағы бір рет атап өту.

Балаларды тазалыққа үйрету, үстелді жинау.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх