Ғажайып білім әлемі

Нургалиева Жанар Айыповна
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Макинск қаласының “Снежинка бөбекжайы” МКҚК
Тәрбиеші


Ашық сабақ түрі: Кіріктірілген.

Білім салалары : Таным , Сөйлеуді дамыту , Шығармашылық .

Бөлімі: Математика негіздері

Мақсаты: Сандарды санайды, салыстырады, геометриялық пішіндер туралы біледі, ойлау қабілеттері, қиялы, есте сақтап түсінеді, сұрақтарға толық жауап бере алады.Балалардың білімге деген қызығушылығы , шығармашылық қабілеттері артады,өзара қарым –қатынаста болады.

Ресурстар : Буратино, аялдамалар, геометриялық пішіндер, таяқшалар, әуе шары,түтікшелер , жүрекше , сыйлыққа гүл.
Балалар залға кірмес бұрын, тәрбиешімен көңілді қимылдар орындайды.
Мысалы : жүрекше- құшақтасу,
қос алақан – шапалақ алысу,
музыка кілті –би қимылы.
Кіріп , орындықтарға жайғасады.

Тәрбиеші :- Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады:
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақтар келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал , қанекей , бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге ,
Сәлеметсіздер ме ,апайлар !
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар , балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар :- Жүрек
Тәрбиеші: — Қане, балалар жүрегімізден жылы сөздер шығарып айтайықшы.
Балалар: — Аспанымыз ашық болсын !(Әбдірахман)
-Күніміз жарқын болсын !(Раяна)
-Еліміз тыныш болсын !(Анель)
-Ауырмайық , денсаулық болсын !(Мансур)
— Нанымыз көп болсын !(Елеазар)
— Ата- анамыз аман болсын (Жантөре)
— Бейбітшілік болсын (Степан)
— Балабақша гүлдене берсін! (Арлан)
Тәрбиеші: -Қане ,балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді( жүрекшелерді) апайларға сыйлаймыз.
Тәрбиеші: -Жақсы , балалар, бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар:- Көктем мезгілі
Тәрбиеші:- Көктем мзгілінде неше ай болады?
Балалар: — Үш ай .Наурыз, сәуір ,мамыр .
Тәрбиеші: -Балалар ,көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Бұл жайлы ән арқылы айтып , жеткізейік .
Ән : « Көктемде » , орындайтын : Тұрдахын Раяна.
Тәрбиеші :- балалар , аптада неше күн бар ?
Тәрбиеші:-Бүгін аптаның қай күні?
Балалар: -Сәрсенбі.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, енді , біз іс-әрекетімізді ойын арқылы бастайық.
Тәрбиешінің жетекшілігімен ойын: «Қай ойыншық жоқ?»
Ойынның шарты : Ойыншықтар стол үстінде жатады , жақсылап қарап алыңдар , сендер көздеріңді жұмасыңдар. -1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтасыңдар.
Осы кезде есік қағылады
Тәрбиеші : -Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Буратино:- Сәлеметсіздер ме, балалар !
Балалар:- Сәлеметсіз бе, Буратино!
Буратино:-Балалар, осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»
Тәрбиеші: — жоқ Буратино, бұл жер- балабақша .
Буратино:- Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне » қалай барсам екен, баратын жолды таба алмай адасып, осы залға кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші: -Еш уайымдама , Буратино .Қане, балалар, Буратиноға көмектесеміз бе?
Балалар: -Иә, көмектесеміз.
Тәрбиеші: -Олай болса ,балалар ,Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа барып қайтайық. Саяхатқа барамыз ба?
Тәрбиеші: -Балалар ,саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар ,қане ,шеңберге тұрып әуе шарларымен ұшып барайық
( музыкалық сүйемелдеу)
Тәрбиеші: — балалар , міне біз 1-шіаялдамаға да келіп қалыппыз.
Бұл — бірінші аялдама: «Қызықты математика әлемі» аялдамасы екен.
1-ші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:
1) 1-10 ға, дейін тура және кері санау.
2) Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата.
3) Пішінге ұқсас заттарды тауып ,беттестір.
2-ші аялдама тапсырмасы: «Қай сан орнын ауыстырды?»
Шарты: көздерін жұмып ,ашқан сәтте қай сан орнын ауыстырғанын тауып айту,
Сергіту сәті: «Бала, бала ,балапан» музыкалық сүйемелдеу.
3-ші аялдама : « Кім жылдам ?» құрылымдалған ойын.
Ойын шарты: 4 бала шығып , түтікше арқылы шағын пішіндерді ыдысқа жинастырады.
Тәрбиеші: — Балалар, мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан Буратиноға үй жасап берейік .
4-ші аялдама : «Көңілді пішін»
Шарты: шеңберге тұрып дөңгелекті қыстырғыш арқылы бір-біріне береді, кім түсіріп алса ,сол ортаға шығып билейді.
5-ші аялдама : Құрылымдалған ойын: « Сыйқырлы кілт !»
Шарты : қиындылардан кілт құрастыру , арасында алтын кілт болады, соны Буратино таңдап алады.
Буратино : -Алақай, алақай менің кілтім табылды.)
Тәрбиеші : Балалар ,қараңдаршы ,біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.
Буратино:- Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Бота»тобында тапқыр, ақылды, білімді балалардың барына қуанып тұрмын.Мен сендерге арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрбіреуінің ішінде сіздерге арналған тәттілерім бар.
(Буратино сыйлықтарын таратып шығып кетеді)
Тәрбиеші: — Міне, балалар ,Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық (шарларын қолдарына алады)
Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?
Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып,қонақтармен қоштаса
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!
Сау болыңыздар , апайлар !

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх