Мектепке дейінгі білім беру – болашақтың берік іргетасы

Курбанбаева Айтбикеш Сисенбайқызы
“Хан-Сұлтан” балабақшасы
Тәрбиеші


Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру – баланың тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Осы кезеңде баланың ой-өрісі дамып, сөйлеу мәдениеті, шығармашылық қабілеті мен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Осы орайда «Хан-Сұлтан» балабақшасының «Балдәурен» мад тобында жүйелі әрі мазмұнды тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу-тәрбие үдерісі арқылы олардың танымдық қызығушылығы артып, өз ойын еркін жеткізе білуіне мүмкіндік жасалады. Түрлі ойын, шығармашылық тапсырмалар, көркем сөз оқу, ән айту, қимылды жаттығулар арқылы балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді.

Топ жетекшісі Курбанбаева Айтбикеш Сисенбай қызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, бала жүрегін түсіне білетін тәжірибелі педагог. Ол әр баланың қабілетін ескеріп, олардың бойындағы дарынын ашуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Сабақ барысында ұлттық тәрбиеге, әдептілікке, бір-біріне деген құрмет пен мейірімге ерекше назар аударады.

«Балдәурен» тобының тәрбиеленушілері түрлі байқаулар мен шығармашылық іс-шараларға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Мұндай жұмыстар балалардың өзіне деген сенімін арттырып, сахна мәдениетін қалыптастырады.

Қорытындылай келе, «Хан-Сұлтан» балабақшасы мен «Балдәурен» мад тобының оқу-тәрбие жұмысы – сапалы білім мен саналы тәрбие берудің жарқын үлгісі. Осындай еңбектің нәтижесінде болашақта елін сүйетін, білімді де тәрбиелі ұрпақ өсіп шығары сөзсіз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх