Қазақстан тарихы пәнінен оқушылардың қызығушылығын ояту үшін арналған тиімді әдістер.

Сыдыкова Жулдызай Тасболатовна
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің
«№10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих пәні мұғалімі


Шығармашыл мұғалім –жаңашыл тұлға. Қажет ету мотивтері жоғары болуына байланысты жаңа идея ойлап табу, қолданып көру-оның күнделікті кәсіби міндеті екенін түсіне отырып, оқушыларды сын тұрғысында ойлауға бағыттадым.

Сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

Тиісті ақпарат жинау

Дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалау

Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар

Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар

Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуы, біз алаш ұрпағымыз әрі қарай білімімізді жетілдіру, жанын құрбан еткен батырларымыздың үмітін ақтағанымыз болып табылады. Әрбір ұлттың болашағы өсуі, рухани мәдени, өркениетті дамуы түп қазығы, жер ұйығы-мектеп және ұстаз.

«Болашақтың кілттері» әдісі, бұл әдіс Т.Райанның «Дананың кілттері» ойлауды дамыту құралдары негізінде ыңғайластырылып құрастырылған 7 кілт.

Тони Райан жасаған тәсіл – ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекеттер кешені. Ал менің ұсынып отырған «Болашақтың кілттері» Рухани жаңғыру негізінде құрастырылған жеті кілт болып табылады.

«Рухани жаңғыру» кілті жасырылған сөзді болашақта қалай елестетесіз, көз алдыңызға елестетіп көріңіз.

«Ұлы Дала елі» кілті Дала мәдениеті мен өркениетін еске түсіріңіз, ұлттық тәрбие мен болмысымыз, діліміз бұл қанға сінген қасиет

Мыс: қыздарымыз ұяң, ұлдарымыз жігерлі, қайратты.

“Егер де….” кілті «Егер де» деп басталатын сұрақты қойып, бүгінгі жасырылып отырған сұрақтың маңыздылығын жариялаңыз.

“Жөнсіздік” кілті қателік дұрыс емес, қарама-қарсы сөз

“Жаңа дизайн, қиыстыру” кілті салыстыруға бағытталған

«Әліпби» кілті сөздердің тізімін а-дан я-ға дейін тізбектеңіз, егерде латын әліппиімен жасырсаңыз тіптен керемет. Әріптерді қанша алса да қалағанша қолданса болады, бір әріп екі рет келуі мүмкін.

“Конструктор” кілті бір бөлігін ғана ашуға рұқсат

Оқушыларды: тарихи жәдігерлер мен шежіре естеліктерді жинауға, көзқарасы мен пікірін дәлелдей білуге, дәлелдерді қолдана отырып сұрақтар қоюға, дәйекті ойлауға, пәндік қиындықтарды шешуге, тарихи заңнамалар мен жарғыларды салыстыру айырмашылықтары, ерекшеліктері, ұқсастықтарын талқылауға, тез және берік есте сақтауға үйретуді көздедім.

« Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау күрделі міндеттермен қатар, анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды »

Бұл тұста сын тұрғысынан ойлаудағы сабақтың мақсаты оқушының дамуына бағытталған, өздік ізденіс, ақпаратты іс-әрекетке асыру, талдау, жинақтау және бағалау, мұғалім мен оқушы байланысы ынтымаққа негізделгенін түсіндім. Оқу мен жазуда сыни тұрғыда ойлауды дамытуға сәйкес жауапкершілігі бар, ақыл-ой үрдісі, өмірде мәселені шешетін, ұқсас ойлардың мақсатқа пайдалысын таңдайтын, өзінің жеке пікірі қалыптасқан, ақылмен жүретін азаматтар дайындалады осыған жету үшін мен білімді оқушыға шебер жеткізуім керектігін ойладым.

Бұл әдістің ерекшелігі мен шығармашыл дербестігі: 2017 жылы

12 сәуірде қабылданған «Болашаққа бағдар» бағдарламасының Рухани жаңғырудың 6 бағыты да қамтылуы. Жүз жаңа есім, жүз жаңа кітап, латын әліпбиіне 2025 жылы көшу, рухани құндылықтар, тарихи әулие жерлердің картасын әлемге көрсету. Қазақстан Республикасының мәдениетін әлемдегі орнын жалпы әлемге қазақ мәдениетін таныстыру. Салт-дәстүр Ұлы Дала елі деп аталуы. Туған жерін құрметтеу, Отансүйгістік тәрбие бере отырып, Рухани жаңғырудың төрт кіші бағдарламасын: тәрбие мен білім, рухани қазына, Атамекен, ақпарат толқынын байланыстыру.

Мен мектептегі тәжірибемде оқушылардың біліміне бақылау жасадым. Топтық жұмыс, жеке жұмыс жасауда әр оқушының ойын тыңдап бақыладым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету — басқа

модульдермен тығыз байланысты модуль, себебі оқушылар топта зерттеушілік әңгіме жүргізу барысында,бір-біріне сұрақ қойған кезде, бір-бірін бағалау кезінде сыни тұрғыдан ойланады.Сын тұрғысынан ойлау–бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алатынын сезіндім.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар қарсы пікір айтуға, шешімдерді қабылдауға, ойлауға үйренеді. Топтық жұмыс жүргізу барысында олармен еркін қарым -қатынасты ұстанып,сыни ойлана алуға жағдай жасауға тырыстым. Бұл тұста сыни ойлана алатын оқушы мұғаліммен тең әрекеттесе алады екен. Сабақтың мазмұнын түсіндіру барысында әр оқушының деңгейі мен ойлауын ескеріп отырдым.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын. Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.

Бұған арнайы «Ауыл — Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек. Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек. Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы — Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.

Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Әрбір елдің менталитеті, дәстүрлі тағамдары, сусындары, өндіретін тауарлары сияқты өзіндік ерекшеліктері, бір сөзбен айтқанда – ұлттық брендтері бар. Осы жаңалықтарды оқушыларға лекция түрінде емес есте қаларлықтай түсіндіре отырып өзері шеше алатын жолдарын ұсынсақ сындарлы білімге жеткеніміз. Сындарлы білім дегеніміз-бүгінгі алып отырған білімдерін болашақта өмірде қолдана алу болып табылады.

Сабақта диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға көп көңіл бөлдім.

Диалогтік оқытуға түскенде оқушылар бір-бірлеріне көмектесіп әр түрлі диалог құрастыра отырып білімдерін арттыра алады. Сабақтың барлық бөлімдерінде мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалогты қолдандым.

Болашақта сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модулін басқа модулдермен қоса қолдану арқылы оқушылармен кері байланысты одан әрі жетілдіруге жағдай жасаймын. Тәжірибе барысында белсенді ата-аналарды басшылыққа алып, пікірлерін тыңдадым, олармен кездесіп, көптеген мәліметтер алдым. Балдарының үйде тарих, география сабақтарына деген дайындығы жоғары екендігін айтты, топтық жұмыс жасауда өзінің керек екендерін түсінген, өзінің құндылығын анықтағанын байқадым және басқа сабақтарда осылай өтілсе деген сөздерін айтыпты. Оқушылардың ойымен санасу мен үшін құнды, себебі алда болашақта жоспар құруыма қажет. Бұл әдісті басқа да ұстаздарға өз жұмысымда тиімді жан-жақты қолдануына болады, осы іс-тәжірибемді алмасқым келеді. Оқушылардың өз жұмысына кері пікір жазып, рефлексия жасауға қабілетін арттыра отырып, сыни тұрғыда ойлауын дамытамын.

Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т. б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогы К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық

қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 10 – сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, т. б. тәсілдерді қолданамын. Сурет – иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек – сызбалар, кластерлер, хронологиялық кестелер құрастыру, тірек – конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді. 1 – тапсырма: Кестемен жұмыс. Мысалы: палеолит, мезолит, неолит, энеолит кезеңдеріндегі уақыт шеңбері және ескерткіштердің ерекшеліктерін анықтайды. 2 – тапсырма: Тарихи сынақ хат. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып жазады. Әр топтың басшысы тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз топтарын бағалайды. Тарихи сынақхат мәтіні Кир қайтыс болғаннан кейін б. з. б. 519 жылы парсы патшасы……………………. сақтарға шабуыл жасайды……………………….. есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап,……………………….. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен……………………. көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін………………………..,………………………. сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып……………………. ұшыраттым, елімді…………………….. алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді………………………… келгендеріңді істей беріңдер» деп,………………………… көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен…………………………., еліне……………………… мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз………………………………….. сақтап қалды. 3 – тапсырма. Венн диаграммасын толтыру: 1783 – 1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтеріліспен 1837 – 1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері және көтерілістердің ортақ белгілерін анықтайды. 4 – тапсырма. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты – жөнін атап, өмірбаянына тоқталу). 5 – тапсырма. «Бұл сөзді кім айтқан?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген мәтіннің кімнің сөзі екенін анықтау) т. с. с. 6 – тапсырма. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы: – 100 мың жыл бұрын егіншілік… – Саналы адам, епті адам….. – Малды қолға үйрете бастады….. – Алғашқы еңбек бөлінісі….. – Ежелгі адам тұрағы…..

Міне, осы тәрізді әдіс – тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс – әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай – ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп. Мұғалімнің ой – өрісі кең, жан – жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез – келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата – аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх