Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы

Каналина Мереке Айбулатовна
«Құралай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Тәрбиеші


Бала тәрбиесі-ұлттың болашағын қалыптастыратын аса маңызды сала. Қазақ халқының сан ғасырлық тәжірибесінен туған ұлттық құндылықтар балаға тәрбие беруде ерекше орын алады.себебі ұлттық тәрбие арқылы ұрпаұтың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді, елге деген сүйіспеншілікті үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік қасиетін сіңіруге қалыптасады.

Ұлттық құндылықтар -халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі,діні,өнері мен әдебиеті. Қазақтың “Тәрбие-тал бесіктен басталады” деген сөзі бекер айтылмаған. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасында, ата-ананың үлгі -өнегесімен қалыптасады. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету, қонақжайлылық ата-анаға қызмет ету сияқты дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұралар. Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті де ұлттық тәрбиенің бастамасы. Мәселен балабақшадағы бала тәрбиесіне мақал-мәтел, батырлар жыры, ертегілер мен аңыздар арқылы балаға адамгершілік, еңбекқорлық , батылдық қасиеттерді бойына сіңірсе, жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып әр баланың тілін жаттықтырып, ой-өрісін дамытып, әр түрлі ұлттық ойындар мен қол өнер арқылы балаларды шыдамдылыққа, ептілікке, шеберлікке тәрбиелеуде ұлттық құндылық аса маңызды рөл атқарады.

Қазақ халқының тәрбиелік дәстүрлері терең мәнге ие. Ұл баланы ержүрек, қайсар, жаупкершілігі мол, еңбекқор етіп өсіру-ата-ананың басты міндеті. Ал қыз баланы инабаттылыққа сыпайылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу-отбасы мен қоғамның маңызды парызы. Мысалы, “Бесік жыры” арқылы ананың мейірімі мен тілегі бала санасына сінсе, “Төрге шығару” дәстүрі үлкенді сыйлауға үйретеді. Әр баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіре білу әр отбасының міндеті. Бала бойында адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік секілді қасиетте қалыптастыра білсек

Қорыта айтқанда, ұлттық құндылықтар ұлт болашағының негізі, бала тәрбиесінде шешуші рөл атқарады. Ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы біз өз болмысымызды сақтап, саналы да тәрбиелі ұрпақ өсіреміз. Сондықтан әрбір ата-ана мен қоғам ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше мән беруі қажет.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх