Республика – менің мақтанышым!

Сахыева Куралай Аманбаевна 
№12″Айгөлек»бөбекжай.
Тәрбиеші


Мақсаты: Балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ел рәміздерін құрметтеуге, бірлік пен достыққа тәрбиелеу.

Зал безендірілуі:

Көк және сары шарлар, ту, елтаңба, ұлттық өрнектер, «Республика — менің мақтанышым!» деген жазу.

Фондық музыка: «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әуенімен ортаңғы және ересек топтары балалары кіред

1. «Ботақан» тобының бүлдіршінідері

2. «Еркетай» тобының бүлдіршінідері

3. «Қошақан» тобынан Куннишбек Аяла

4. «Қызғалдақ» тобының бүлдіршінідері

5. «Бүлдіршін» тобының бүлдіршінідері

6. «Құлыншақ» тобының бүлдіршінідері

7. «Балдаурен» тобының бүлдіршінідері

8. «Гүлдер» тобының бүлдіршінідері

9. « Ақбота» тобының бүлдіршінідері

10. «Жасұлан» тобынан Усен Муслима

11. «Көгершін» тобының бүлдіршінідері

Жүргізуші: Бүгінгі концерттік бағдарламамызды Қазақстан республикасының мемлекеттік Ән ұранымен ашамыз.

« Ән ұран»

Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін бөбекжай меңгерушісі Г.Ж.Жетписбаевнаға беріледі

– Құрметті қонақтар, ата-аналар мен балалар!

Бүгін біз Қазақстан Республикасының ең маңызды мерекелерінің бірі – Республика күнін тойлауға жиналдық!

(Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында көк ту мен шарлар)

Жүргізуші: Көк аспандай көк туым,

Желбірейді еліме.

Бақыт болып төгілген,

Нұрлы күндей көгіне.

Бүгінгі концерттік бағдарламамызды ортаңғы топтың бүлдіршіндерінің тақпақтарын қабыл алыңыз.

Музикы әуенімен: Саяхатшы кіріп келеді

Саяхатшы: -Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!

Жүргізуші: — Сәлеметсіз бе Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсі-зау деймін. Саяхатшы: — мен ел аралап жүрген саяхатшымын Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп келдім. Жүргізуші: — Олай болса қош келдіңіз!

Саяхатшы:–Сәлеметсіңдер ме Балалар!Сендер өте көңілді әрі бақытты көрінесіңдер. Айтыңдаршы сендердің Отандарың қай республика?

Балалар: – Қазақстан Республикасы!

– Ал біздің елордамыз қай қала?

Балалар: – Астана!

– Мемлекеттік рәміздерімізді кім біледі?

Балалар: – Ту, Елтаңба, Әнұран!

Саяхатшы: — Өте жақсы Осы елдің ұл- қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?

Жүргізуші : — Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдиді.

Ендеше ортаға ортаңғы топтың бүлдіршіндерін шақырамыз.

1Ботақан (орта топ): Қайрат Шарапат.

Көк аспандай көк туым,

Желбірейді еліме.

Бақыт болып төгілген,

Нұрлы күндей көгіне.

2-Қошақан (орта топ): Куннишбек Аяла

Елтаңбамды мақтан етем,

Жұлдыз, шаңырақ – нұрлы таң.

Тәуелсіз ел баласымын,

Елімменен жырланам.

3-Қызғалдақ (орта топ): Аширбай Асылжан- Ниетбай Нұртилеу- Ерғали Айжұлдыз — Айдарбай Аяна

Республикам жасай бер.

Атар таңың бақ сыйлап,

Тәуелсіз ел жасай бер,

Қуанышты күй сыйлап! Айжұлдыз

Республика күні бұл, Құтты болсын гүл елім. Көңілімнің нұрысың, Сен деп соғад жүрегім. Асылжан

Республика күні бұл, Шаттығымды көбейтер. Қазағымның үні бұл, Тынысымды кеңейтер. Аяна

Балалармыз бақытты,

Мерекені тойлайтын. Республика күнінде, Бар жақсыны ойлайтын. Нұртилеу

Саяхатшы: Жарайсыңдар балалар өркендерің өссін. Енді менің қайтатын уақытым болды. Сендерге тілейтінім білімді ақылды ұл қыздар болыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар!

Балалар:- Рахмет сізге саяхатшы сау болыңыз!

(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші: — Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Кезекті биге береміз.

«Құлыншақ» тобының:

«Қазақстан биін» қабыл алыңыз.

«Көгершін» топтың бүлдіршінің

Әні: «Қазақстан жалауы» әнін қабыл алыңыз.

Жүргізуші:

Күлімде күн күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

Келесі кезектегі би. « Еркетай» тобының бүлдіршіндерінің биіні қабыл алыңыз. « Алға Қазақстан » биі.

Ендігі орындайтын әніміз « Гүлдер» тобының қыздары

Ән: « Қазақстан Отаным» әнін қабыл алыңыз.

« Бүлдіршін» тобының биі «Сазды бүлдіршін оркестр» «Өнеріміз саған Қазақстан».

Қүрметті қонақтар ересек тобының бүлдіршіндерінің тақпағын қабыл алыңыздар.

«Жасұлан» тобының бүлдіршіні Усен Муслима

«Ақбота» тобынан Қонақбай Балауса Дысанқұл Жанерке «Балдәурен» тобынан Муңалбай Айкөркем – Жарылғасын Зейнеп

Мен бақытты баламын!

Мен бақытты баламын,

Айтқанды тілді аламын.

Республика күнінде,

Жулдыз болып жанамын! Айкөркем

Республика күні.

Республика күні бұл,

Мерекеміз мерейлі.

Тақпақ айтып жаттаймыз,

Тақылдатып көмейді. Зейнеп

Ендігі кезекті «Балдәурен» тобының биіне береміз Би «Маряк биі»

Келесі би «Ботақан» тобының «Туған Өлкем» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: — Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын- дейміз! Сау болыңыздар!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх