Рысбекова Назигуль Жакеновна
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы
«Балдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші
Кіріспе
Әр адамның өмірінде өз мамандығының орны ерекше. Мамандық таңдау – болашаққа жасалған қадам. Мамандық – әр адамның өмір жолындағы маңызды шешімі . Таңдаған мамандық тек күнкөріс көзі емес, ол – адамның өмірлік бағыты, қоғамдағы орны мен болашағы. Кәсіби маман – ел дамуының кепілі.
Осы орайда тәрбиеші мамандығының жөні бөлек. Себебі бұл мамандық тек білім емес, бала жанын түсіне білуді, мейірім мен сабырды, шығармашылық пен жанашырлықты талап етеді. Мен – тәрбиешімін. Бұл – менің мақтанышым.
Тәрбиеші мамандығы – барлық мамандықтың бастауы десек, артық айтпаймыз. Себебі тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, оның бойына білім мен тәрбие ғана емес, мейірім мен адамгершілік сынды ізгі қасиеттерді дарытатын тұлға.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші – баланың ой-өрісін, сөйлеу қабілетін, дүниетанымын, эстетикалық талғамын қалыптастыратын, өмірге деген көзқарасына ықпал ететін тұлға.
Тәрбиеші мамандығы – жүрек қалауымен, баланы сүйе білетін, оларға мейіріммен қарай алатын адамдардың таңдауы. Себебі бұл мамандық – үлкен төзімділікті, шыдамдылықты, жан-жақты білімді, креативті ойлауды қажет етеді.
Мектепке дейінгі жастағы бала үшін тәрбиеші – екінші анасы секілді. Ол баланың жеке басының дамуына, өзін-өзі бағалауға, дұрыс қарым-қатынас орнатуға, тілдік қорын байытуға, ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар әр баланың қызығушылығына, бейімділігіне қарай тұлғалық дамуына жағдай жасайды.
Қазіргі таңда білім саласында жаңашылдықтарға бейімделу – тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі. Жаңа технологияларды меңгеру, ЖИИ (жасанды интеллект), ойын арқылы оқыту әдістерін қолдану, ата-аналармен тығыз байланыс орнату – тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігінің дәлелі.
Мектепке дейінгі тәрбие – тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезең. Бұл кезеңде тәрбиешінің рөлі ерекше. Ол – баланың жан дүниесін түсінетін, қызығушылығын оята білетін, әр баланың қабілетін танып, дамуына жағдай жасайтын маман.
Тәрбиеші болу – тек мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен сүйіспеншілікке негізделген еңбек. Тәрбиешінің әрбір іс-әрекеті, сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы– балаға үлгі. Сондықтан тәрбиеші үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдықты қабылдай алатын, өз мамандығына шынайы берілген жан болуы тиіс.
Қазіргі заманда тәрбиеші тек бала тәрбиелеуші ғана емес, ата-анамен серіктес, қоғаммен байланыста жұмыс істейтін тұлға ретінде дамып келеді. Мемлекет тарапынан да мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше мән беріліп, балабақша мамандарына қолдау көрсетіліп отыр.
Қорытынды:
«Ұстаздық – ұлы қызмет» десек, тәрбиешілік – соның алғашқы сатысы. Менің мамандығым – тәрбиеші. Тәрбиеші – ертеңгі ел болашағының негізін қалаушы. Мен – осындай жауапты мамандықтың иесі болғаныма қуанамын. Себебі менің әр күнім балалармен басталып, олардың күлкісімен аяқталады. Баланың жүрегіне жол табу, олардың бойына ізгі қасиеттер сіңіру – ең үлкен жетістік.
Мен өз мамандығымды мақтан етемін!.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — Астана, 2020.
- ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік стандарты. — 2021 ж.
- Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. — Алматы: Рауан, 1993.
- Жұмабаев М. Педагогика. — Алматы: Ана тілі, 1992.
- Сатыбалдиев Ә. Тәрбиешінің күнделігі. — Алматы: Мектеп, 2005.
- «Мектепке дейінгі білім беру» әдістемелік журналы, №1-4, 2022-2023 жж.
- Тлеуова С. Заманауи тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі // «Бала мен балабақша», №3, 2023.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми материалдары — www.gov.kz
- Білім және ғылым министрлігі ұсынған тәрбие жұмысының үлгілік бағдарламасы — 2022.