Максим Іңкәр Нұртасқызы
Орал қаласы
№37 мектеп. 11 сынып оқушысы
Жасанды интелект қазіргі таңда ең басты көмекші.
Біз өзіміз байқамасақта, жасанды интелектке тәуелді екенімізді білеміз.
Осы ЖИ-тің адам өміріне қандай әсері бар? Қай жағынан қолданысқа керек? Теріс және оң әселері қандай? Дәл осы сұрақтар жасанды интелект ұғымы қолданысқа енген сәттен бастап қойылыып келе жатыр және осы сұрақтарға мен өз пікіріммен бөлісемін.
Жалпы жасанды интелект ұғымы 1956 жылдан бастап қолданысқа келді. Және бұл ұғымды қолданысқа енгізген ғалым Джон Маккарти. Алғашында жасанды интелектті тек есептеуіш және жеңіл күнделікті сұрақтарға жауап беруші құрал арқылы шығарған екен. Ал қазір кез келген сұраққа тез әрі нақты жауапты тауып береді. Жасанды интелекттің оң әсері өте көп . Біз оны білім саласында және медецина салансында қолданылып жүргенін білеміз. Медецина бағытын жаңарқан ,жаңғыртқан осы жасанды интелект. Белгілі бір ауруларды анықтауға , қиын операцияларды жасауды жасанды интелекттің көмегімен іске асыруда . Сіздердің ойларыңызша адам денсаулыған роботтардың қолына тапсыруымыз дұрыспа?Ал енді білім саласындағы жеңістіктерін айта кетсек. Жасанды интелект арқылы сабақ жоспарын құрастыруға болады , жәнеде қазір үй тапсырмалары мен сынып жұмыстарыда осы жасанды интелекттің көмегімен өтуде . Біз жасанды интелектке тәуелді болып қалғанбыз. Жасанды интелекттің күнделікті өмірден бір мысалын алатын болсақ . Біз күнде қолданып жүрген CHAT-GPT бұл платформа барлық дүние жүзі елдеріне тән ең тиімді платформа. Қандайда бір сұрақтарды немесе тапсырмаларды шешуге көмектеседі немесе жәй ғана жауап береді. Бұл платформа шама есеппен есептегенде әр адам кем дегенде күніне 2-3 рет қолданады екен . Бұл біздің жасанды интелкке деген тәуелділігімізді көрсетеді. Егер жасанды интелек түбегейлі адам өміре келіп алса онда адам өз ақылын қолдануы екі талай деп ойлаймын. Адамдар кез келген сұрақты ақпарат көздерінен алып үйреніп қалғандықтан жасанды интелект олар үшін тапсырмас қосымшалар болды деп ойлаймын . Бұл жерден біз жасанды интелекттің ең үлкен теріс әсерін көре аламыз. Бірақ жасанды интелект заман талабы деп айтылатынында ұмытпауымыз керек. Осы себеппенде қазір оқу жүйесіне жасанды интелектті меңгеру қосылып жатыр . Жасанды интелектті жетік білу қазіргі таңда ең үлкен біліктілік . Бірақ қандай салада болмасын адам ең алдымен өзі ойланып жауап білу қажет, ал жасанды интелект тек көмекші қосымша ретінде жасалған деп ойлаймын . Сондықтанда жасанды интелекттің адам өміріне тигізер әсері көп. Бір тым теріс әсері тимей тұрғанда адам өзін жасанды интелектке тәуелділіктен алыстата білу керек .