Қыстап қалған құстарға қамқорлық

Сапарбаева Акмарал Али-Айдаровна
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«№31 бастауыш мектеп-балабақша» кешені КММ
Тәрбиеші


Ашық ұйымдастырылған  іс-әрекет

Білім беру саласы: таным
Бөлімі: қоршаған ортамен танысу

Мақсаты:

– қыста құстардың көмексіз қалатынын түсіндіру;
– балаларға қамқорлық жасау, табиғатты аялау сезімін қалыптастыру;
– құстар туралы танымдық білімін кеңейту.

Құрал-жабдықтар:

– құстардың суреттері (торғай, сауысқан, қарға, көгершін)
– видео немесе слайд
– жем, ұя (құстарға арналған үйшік)
– сергіту сәтіне арналған музыка

Оқу қызметінің барысы:
– Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, үлкен шеңбер жасап тұрайықшы, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Кел,балалар,күлейік,
Күлкі менен түлейік.
Күлкі-көңіл ажары,
Күліп өмір сүрейік.

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Иә, дұрыс. Қандай ай? Қаңтар. Жарайсыңдар, балалар.
– Қараңдаршы, балалар, дала қандай керемет! Айнала аппақ!
– Қар жауғанда қалай қуанамыз (қолдарын жоғары көтереді)?
-Қардан не жасайсыз? –Аққала жасаймыз, сырғанақта сырғанаймыз.
– Аққаланы қалай жасаймыз ?-Қарды домалақтаймыз
— Жарайсындар орындарына жайғасындар.
–Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Сабақ тақырыбын ашу.

Балалар теледидарға  мұқият қараңдаршы, содан кейін не туралы көргендеріңді айтасыңдар!
– Балалар, бейнебаянды не туралы көрдік?
– Құстар туралы.

Сұрақ-жауап: 
– Қандай құстар туралы?   Қыстайтын құстар туралы.
– Мына құс – сары шымшық. Бауыры сары, түсі сұрғылт. Қайталайық, сары шымшық.
– Балалар, сары шымшық не істеп отыр? Ағаштың басында жидек жеп отыр.
– Келесі құс – торғай. Торғайдың түсі сұр. Торғайды бәріміз күнде көріп жүреміз, солай ма, балалар? Иә.– Балалар, байқадыңдар ма, бұл құстардың түрі, тегі әртүрлі болса да бәрі бір ағаштың басындағы жидекті таласпай, бір-бірінен қызғанбай жеп отыр? Олар да қыста азық табу қиын екенін біледі, сондықтан тапқан азықтарын бірге жейді.
– Балалар, бұл құстар басқа торғайларға қарағанда қалай жүреді екен? Топтасып.
– Өте дұрыс, балалар
– Балалар, қазір біз көрген құстардың барлығы да кіп-кішкентай құстар, байқадыңдар ма?

Өздері кішкентай болса да аязда қорықпай өмір сүре береді екен.
– Балалар, біз бейнебаянда көрген құстардан басқа қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?
Балалар өздері білетін құстарды атай бастайды. Олардың ішінде жыл құстары да аталады.
– Балалар, қыстайтын құстар туралы тағы да білу үшін мына суретке назар аударайық.
– Балалар, қандай таныс құстарды көріп тұрсыңдар? Кептер.
– Тағы қандай құс таныс? Сауысқан.
– Мына құс қандай құс ?  Қарға
– Балалар, қарға қалай қарқылдаушы еді? «Қарқ-қарқ-қарқ» дейді. Жақсы.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жемшашардағы құстарды бақылау.
– Балалар, қыста қыстайтын құстардың тамағын табуы қиын .
– Балалар, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

– Торғайлардың үйі.
– Балалар, дұрыстап ойланайықшы, торғайлардың үйіне ұқсай ма? Онда келесі суретті көрейік, мұқият қараңдаршы?!
– Балалар, бұл жемшашар деп аталады, бәріміз қайталайықшы, жемшашар. Жарайсыңдар.
– Ал, балалар, мен де сендерге жемшашардың өзін көрсетейін.
Балалардың алдына жемшашарды қойып, таныстырады.
– Бұл жемшашар құстарға арналған. Мына жеріне жем салынады.
Педагог алдын-ала дайындалған жемнің түрлерін балаларға көрсетеді.
Балаларды жемшашарға жақындатып, жем салдырады.
– Жемшашар не үшін керек? Құстарға тамақ беру үшін, әсіресе, қыста құстар жем таба алмаған кезде осындай жемшашарларды дайындап, жем салса, құстардың қарны ашпайды. Жарайсыңдар, балалар.

Сергіту сәті.

«Торғай».
Торғай ,торғай, торғайсын

Жақын  келіп қонғайсын.

Жем шашайын тойып ал ,

Сонда аяздан тоңбайсын.

«Қыста қандай құстар қыстайды?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: 
құстар арасынан қыстайтын құстарды табу; ойлау қабілеттерін дамыту.
– Балалар, қазір тақтадан көптеген құстардың суреттері көрсетіледі, солардың ішінен қыстайтын құстардың суретін көргенде білетіндерің орындарыңнан тұрып, «иә» деп жауап беріп, құстың атын айтасыңдар
ал қыстамайтын құстардың суретін көргенде үндемейсіңдер, осылай суреттер алмастырылып тұрады. Қайсың дұрыс, тез жауап бересіңдер, сол бала жеңеді, жеңген бала қыстайтын құстар бейнеленген таңбалауыштарға ие болады.
Педагог ойынды өзі кадағалап, басқарып отырады.

Балалармен жұмыс: «Торғайға ұя жасаймыз.»

-Балалар алдарында жатқан геометриялық пішіндерді пайдаланып ,
құстарға ұя жапсырады. Тік төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек және жіңішке ұзын текше . Балаларға түсіндіру, көрсету.

Көрсетілген үлгіге қарап дұрыс орналастырып орындайды.

Қиналған балаларға қайта түсіндіріп ,көмектесу.

Балалардын дайын болған жұмыстарын көрсетіп мақтап, мадақтау.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ :Оқу қызметінің соңында балалардың алған білімдерін пысықтау үшін сұрақтар қояды:
    – Балалар, бүгін оқу қызметінде қандай құстармен таныстық?
    – Қыстайтын құстармен.
    – Жарайсыңдар!
    – Қыстайтын құстарды кім атай алады?
    – Қарға, сауысқан. Керемет!
    – Тағы қандай құстармен таныстық?
    – Торғай. Суықторғай.
    – Тамаша.

– Құстардың қандай дене мүшелері бар?
– Басы, денесі, құйрығы, қанаттары.
– Дұрыс.
– Құстар тұмсығымен не істейді?
– Шоқиды.
– Қанаттарымен не істейді?
– Қағады, ұшады.
– Құстың аяқтары не үшін қажет?
– Жүреді, секіреді, бұтада тұруға көмектеседі, жүзеді.
– Балалар, бүгін оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар, көп рақмет!
– Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

– Қыстап қалатын құстарды таниды

– Табиғатты аялай біледі

– Қамқорлық, жанашырлық қасиеттері дамиды

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх