Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Ава терапия әдістері

Марқабаева Гүлбахрам Оңайбекқызы
Маңғыстау облысы білім басқармасының
«Оңалту орталығы» КММ
Логопед маманы


Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез – құлықты қолданбалы талдау (анализ) әдісін атауға болады.Оның бастыміндеті — қоршаған ортаға бейімделу және қатысуға неғұрлым толық қоғамдақабылдауға белгілі даму мүмкіндігі шектеулі балаға көмектесуге.

АВА – терапия бұл – мінез – құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне
негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. АВА ғылыми тұрғыда адамның
мінез – құлқын өзгерту үшін, мінез – құлыққа қоршаған орта факторларының
әсерін зерттей отырып, осы факторлармен әрекет етеді.
Аутизмі бар балалармен жұмыс істеуде АВА әдісін алғаш болып 1963 жылы
Лос — Анджелестегі Калифорния университетінің докторы Ивар Ловаас пен
оның әріптестері қолданған болатын. Кез – келген мінез – құлық өзімен кейбір салдарларды алады, егер балаға мінез – құлық ұнаса, ол бұл мінез – құлықты қайталайды, ұнамаса қайталамайды, осы әрекеттер негізге алынды.
Осыған орай, сөйлеу, шығармашылық ойын, көзге тура қарай алу сияқты
барлық күрделі дағдылар – іс – әрекет деген ұсақ блоктарға бөлінеді. Әрбір іс – әрекет әуелі баламен жеке – жеке оқытылады, сосын әрекеттер қабаттаса
байланыстырылып, күрделі әрекеттер тізбегін құрады. Ересек баланы
ынталандырмай, керісінше жеткілікті түде оның қызметін қатаң басқарады.
Дұрыс орындалған іс – әрекеттер автоматты дағдыға енгенше бекітіледі, ал
дұрыс еместері қатаң түрде жойылады. Көздеген мінез – құлыққа жету үшін оң да, сондай – ақ теріс те көмектер мен ынталандырулар қолданылады. Бала
қатесіз орындай алса, онда оны дағдыға бекітілді деп санауға болады.

АВА әдісі бойынша оқыту бағдарламасының шеңберінде бала әркез бақылауда, оның еркіндігі мен өзіндік бастамалары оқытатын ересек қалауына қарай шектелген. Әр бала үшін кезеңдік дамудың жеке жоспары құрылады. Бала бір уақытта бір – бірмен байланыссыз 2 – 3 дағдыны меңгеруі мүмкін. Сондықтан педагогқа барлық жаңа дағдыларды күрделендіру мен кезеңдік меңгеруінің айқын жүйесін құру көзделеді.
АВА – ның соңғы мақсаты – балаға қоршаған әлемді өз бетінше танып – білуге жағдай жасау.Оның ішінде: вербальды және вербальды емес еліктеулер, жалпы және ұсақ моторика, тілді түсіну, заттарды
атау, іс – әрекеттерді атау, заттарды жіктеу, «сен қалай …, көрсетіп бер»,
есімдіктер, «Не?», «Кім?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?» сұрақтарына жауап, «иә» және «жоқ» сөздерін қолдану, және басқалары. Бұл бағдарламалар ішіндегі
жоғары дәрежедегілері: «Егер … не болады? Айтып бер» (іс – әрекеттің алдын ала нәтижесін біледі), «Тарихын баянда», «(құрбысының есімі) сияқты істе», «(құрбысының есімін атап) бірге ойнауға шақыр» әдістері.
АВА — терапияда ерте балалық шаққа (1,5 – 3,5 жас), мектепке дейінгі және
мектеп жасындағыларға, жеткіншектер мен ересектерге арналған бірнеше
терапиялық моделдер бар.
Теріс мінез – құлықпен ол әлі санада бекітілмей тұрған кезде, ерте балалық
шақта түзету жүргізу тиімді.
Бала негізгі мінез – құлық дағдыларын меңгеруі және дамудағы артта
қалушылықты жеңу үшін ерте араласу бағдарламасы қарқынды түрде аптасына 30 – дан 40 сағатқа дейін болуы керек.
АВА бағдарламасын жүргізуші маман ең әуелі баладағы мінез – құлық
мәселесін анықтайды, сосын нәтижесінде бағасы шығарылып, оқыту
стратегиясы жасалатын «өлшеулер» жүргізеді (мінез – құлықты бақылайды,
танып біледі).
АВА жүйесі бойынша оқыту кезінде бір күнде баламен әртүрлі бағыттағы
бірнеше маман (мінез – құлық дағдылары бойынша дефектолог,
музыкатерапевт, арттерапевт) жұмыс жасайды. Ал бақылауды әдістеме
бойынша маман жүзеге асырады. Мамандар баламен реттілікпен 2 – 3 сағаттан (осы уақыт арасында 5 – 6 бағдарламадан) айналысады. Бір күн ішінде баламен 2 – 3 маман реттілік бойынша жұмыс жасауы мүмкін. Жұмыс күніне баламен 5 – 6 сағат жүргізіледі. Бағдарлама бойынша, мамандардың іс – әрекетімен үйлестіріле отырып, баламен жүргізілген барлық іс — әрекетттер ортақ журналға жазылады.

АВА әдісін оқыту мекемелерінде, балалар үйірмелерінде, үйге жүргізуге
болады. Сабақтар жеке немесе топтық: кіші топтарда (2 – 3 бала) және үлкен
топтарда (5 – 6 бала) болуы мүмкін.
Әдістемені негіздеуші Ивар Ловаастың нәтижелері бойынша АВА – ны оқып,
бітірген балалардың жартысына дерлігі жалпы мектептерде оқуға мүмкіндік
алады. Және барлық баланың 90 пайызға жуығы өз жағдайын жақсартады.

Аутизмнің ауыр бұзылыстары бар ерте жастағы жәнемектеп жасына дейінгі балаларға арналған арнайы дамытубағдарламасы:

Бағдарлама психофизикалық дамудың, коммуникацияныңжәне мінез-құлықтың келесі ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеуүшін ұсынылады:
— өзгелерге немқұрайлы қарау және елемеу;
— бақыланбайтын мақсатсыз мінез-құлық: бала өтініштер мен тыйымдарға
жауап бермейді, аты-жөніне жауап бермейді, байланысқа түспейді;
— баланың ерікті назарын аудару мүмкін еместігі;
— проблемалық мінез-құлық: теріс қылық, айқай, жылау, озбырлық, өзіне-
өзі озбырлық;
— интеллектуалдық бұзылымдар (ақыл-ой кемістігі);
— ақыл-ой, көру, есту, мотор функциялары мен аутизмнің бұзылуының
күрделі құрамасы
Ақыл-ой кемістігі бар балалармен және әртүрлі талдағыштармен психологиялық жұмысқа түзету-дамыту жұмыстарының алғашқы кезеңдерінде-ақ педагог-дефектологтар: олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог тартылады.

Бағдарламаның мақсаты:

-байланыс пен өзара әрекеттесудің қол жетімді формаларын дамыту, баланың бейімделгіш мінез-құлқы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ететін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Қарапайым бейімделу дағдыларын қалыптастыру: орындықта және үстелде отыру, ересек адамға қарау және іс-әрекеттерге еліктеу, қарапайым нұсқауларды орындау;
  2. Қол жетімді түрлі дағдыларды үйрету: мотор, перцептивті, сөйлеу, зияткерлік, әлеуметтік-тұрмыстық.
  3. Қарым-қатынас және өзара іс-қимыл дағдыларын, оның ішінде бала-малы коммуникация құралдары арқылы дамыту.
  4. проблемалық мінез-құлықты жеңу немесе азайту, әлеуметтік бейімделу мінез-құлқын қалыптастыру.
  5. сенсорлық және эмоционалды ыңғайсыздықты жұмсарту, психофизикалық тонды арттыру.

Әдебиеттер:
1.Ковтунович М.Г. Связь психоакустических и психоэмоциональных
характеристик восприятия музыки // Мир психологии, 2003. – No4. – С. 184-195.
2.Сусанина И.В. Введение в арт-терапию: учебное пособие. – М.: Коги-то-
Центр, 2007. – С.95
3.Кокоренко В.Л. Арт-технологии в подготовке специалистов помогающих
профессий. – СПб.: Речь, 2005. – 101 с.
4.Зинкевич – Евстигнеева Т.Д. Психодиагностика через рисунок в арт-терапии /
Т.Д. Зинкевич – Евстигнеева, Д. Кудзилов. – СПб., Речь
5.Киселева М.В. Арт-терапия в работе с детьми / М.В. Киселева. – СПб.: Речь,
6.Копытин А. И. Теория и практика арт-терапии / А. И.Копытин. – СПб.: Питер,
2002.
7.Вачков И.В. Сказкотерапия. Развитие самосознания через психологическую
сказку. – М.: Ось89, 2007. с 144 с.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх