Мектепке дейінгі тәрбие – тұлға қалыптасуының алғашқы баспалдағы

Кимаденова Анар Досанқызы
Ақбота бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші


Мектепке дейінгі тәрбие – баланың жан-жақты дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуының негізі. Балабақшада алған алғашқы білім мен тәрбие бала болашағына әсер етеді.

Сондықтан тәрбиешінің рөлі өте маңызды.

Мектепке дейінгі кезең – баланың өміріндегі ең маңызды әрі шешуші кезең.

Бұл кезде бала қоршаған ортаны танып-біліп, алғашқы әлеуметтік тәжірибесін жинақтайды.

Балабақша – бала бойындағы табиғи қабілеттерді дамытуға, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға арналған алғашқы білім ордасы.

Сондықтан тәрбиешінің еңбегі мен рөлі осы сәтте ерекше маңызға ие.

Мен тәрбиеші болуды жүрек қалауымен таңдадым. Себебі бала тәрбиесі – ел болашағы. Әр баланың күлкісі, оның сеніммен қараған көзі – мен үшін үлкен қуаныш.

Тәрбиеші болу тек ойын ұйымдастырып, баланы тамақтандыру емес.

Ол – баланың жанын түсініп, тұлға болып қалыптасуына негіз беру.

Бүгінде балалармен жұмыс істеу үшін үлкен дайындық, шығармашылық, үздіксіз даму қажет. Мен күн сайын балалармен бірге ойнап, ертегі айтып, сурет салып, дамытушы ойындар ұйымдастырамын. Олармен бірге мен де өсе түсемін. Балабақша – баланың екінші үйі.

Мұнда балалар бір-бірімен тіл табысуды, ортада өзін ұстауды, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды үйренеді. Тәрбиеші осы қасиеттерді бала бойына сіңіруші тұлға.

Мектепке дейінгі тәрбие барысында баланың тіл байлығы, қиялы, ойлауы, ұсақ қол моторикасы, эстетикалық талғамы дамиды. Бұл дамуға ойын, ән, би, сурет салу, шығармашылық тапсырмалар ықпал етеді.

Тәрбиеші – бала өміріндегі алғашқы бағыт беруші. Ол тек білім мен дағды үйретіп қана қоймай, бала жүрегіне жылу беретін, сенім мен махаббат ұялататын адам.

Әрбір тәрбиеші балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы дамытудың тиімді жолдарын қолданады.

Ойын – баланың басты іс-әрекеті, сондықтан тәрбиеші ойын арқылы баланың логикалық ойлауын, сөйлеуін, шығармашылық қабілетін дамыта алады.

Мектепке дейінгі мекемеде балалар тек қана білім алып қоймайды, олар өз ойларын еркін жеткізуге, топпен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға үйренеді.

Бұл баланың мектепке баруға дайын болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, әдептілік, сыпайылық, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсету сияқты адами қасиеттер де осы кезеңде қалыптасады.

Балабақша – баланың тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Мұнда бала қоршаған ортамен танысады,

қатарларымен қарым-қатынас орнатады, өз ойын ашық айтуға, еркін әрекет етуге үйренеді.

Сонымен қатар, тәрбиешінің көмегімен баланың сөйлеу тілі дамып,

ойлау қабілеті, зейіні, есте сақтау, қиялы мен шығармашылығы жетіледі.

Тәрбиешілер баламен жеке жұмыс жасап қана қоймай, оны ұжымда әрекет етуге, ережелерді сақтауға, өзін-өзі бағалауға үйретеді.

Бұл қасиеттер – болашақта жетістікке жететін тұлғаның негізгі белгілері.

Балабақшадағы тәрбие мен білім – тек оқу мен ойын ғана емес, бұл – адамгершілікке, еңбекқорлыққа, тәртіпке, жауапкершілікке баулитын алғашқы өмір мектебі.

Мектепке дейінгі тәрбие – білімнің бастауы ғана емес, болашақ азаматтың негізі. Тәрбиеші осы жолда балаға бағыт беруші, жол сілтеуші, сенімді тұлға болуы керек.

Сондықтан бұл мамандық үлкен жауапкершілік пен шынайы махаббатты талап етеді.

Тәрбиеші болу – мен үшін жай ғана жұмыс емес, өмірлік миссия. Әр балаға мейірім мен білім сыйлау арқылы мен еліміздің ертеңіне үлес қосып жүрмін. Бұл – менің ең үлкен мақтанышым.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх