«Бауырсақ» ертегісі

Түрікпенбаева Гүлжанат Мұратқызы


Міндеті: Ертегі, әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ертегілер әнімен топқа кіру.Музыка,шығармашылық дағдылар

Балалар менде хат бар,бұл хатта егер суретті құрастырсаңдар сурет шығады делінген.Кәне құрастырып көрейікші қандай сурет шығады екен бауырсақ суреті( Құрастыру , шығармашылық дағдылар)

Балалар бүгін сендермен бауырсақ ертегісімен танысамыз.

Ертегіні қуыршақ теарты арқылы көрсету, және дауыс ырғағына келтіріп айтып беру.(Көркем әдебиет,коммуникативтік дағдылар)

Айтыңдаршы, балалар, бауырсақтың пішіні қандай?

Бауырсақтың түсі қандай?

Үлкен және кішкентай бауырсақты салыстыру,пішінін түсін атау. (Сенсорика,сөйлеуді дамыту,коммуникативтік дағдылар,танымдық дағдылар)

Қазір сендермен  үш  топ болып жұмыс жасаймыз,

Бірінші топ ермексаздан бауырсақты мүсіндейміз.

Екінші топ  дайын бауырсақты жапсырамыз

Үшінші топ бауырсақтын суретін бояймыз (Жапсыру,мүсіндеу,сурет салу,шығармашылық дағдылар)

Видео қосу Аңдар биі

Балалармен билеу (Дене шынықтыру,физикалық қасиеттер)

Бауырсақ қашады, артынан түлкі қуып келеді.

Түлкіжан, сен неге бауырсақты қуып жүрсің? Сен бауырсақты жеме,  қарашы,біз мұнда саған балалармен бауырсақ пісіріп дайындап қойдық,осы бауырсақ өте дәмді.Міне, осы бауырсақты же! Ал, сен бауырсақ атаң мен әжеңе бара ғой.

Бауырсақ не істеді?
Бауырсақтың қашып кеткені дұрыс болды ма?
Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы әңгіме.
Қоршаған ортамен танысу,әлеуметтік дағдылар

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх