Ұлттық тәрбие негізі-балабақшада

Дарибаева Жазирагул Кубейсиновна
Астана қ. №22 «Әлем» балабақшасы, тәрбиеші


№1.

Тақырыбы:

«Әдепті бала қандай болады?

ҰІӘ мақсаты:

-Балалардың бойында әдептілік туралы түсінікті бекіту;

-Қарым-қатынас жасауда, бір-біріне сыйластық таныту, сөзін аяқтағаның күтуге тәрбиелеу;

-Барлық әдептілік дағдыларын, қуыршақтарды сөйлету,сюжеттік рөлді ойындар, диалогтар арқылы енгізу;

Әдісі : Қуыршақтарды сөйлету, диалог құру,марионеткаларды ойнату;

ҰІӘ барысы

Ұйымдастыру іс-әрекеті

Тәрбиеші: «Білгір қазақ баласы,сәлем-сөздің анасы» деп,балалармен амандасып,хормен тақпақ айтқызады.

Бақшамызға барғанда,

Жоллыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін.

«Қайрлы күн!» тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін

Барысы.

Қазақ ұлтының өте бір ізеті айырмашылығы, үлкендердің алдында дауысты бәсендетіп сөйлеу,сөз жарыстырмау, ұрыспау екендігі туралы кенінен ашып айту.

Марионетка ойыншығы Әли :

-Анашым саған айтарым бар,неге осы маған жиі ұрсасың, менде саған ұрыссам болама?

Марионетка ойыншығы, Айша апа:

-Балам байқадынба,сен деп сөйлеген сәтіннен бастап, сен мені жақсы көрмейтіндей сезілді маған.Екіншіден ана баласына қатты жақсы көргенінен,уайымдағаннан ұрсып сөйлеуі мүмкін.Ал бала ата-анасына тек жақсы сөз айтуы тиіс.Сен әженді көрдінбе, мен әжеңе ұрысып сөйлеймінбе?

-Жоқ анашым, ол кісі кәрі ғой,өкпелеп,ауырып қалуы мүмкін.

-Менде әжендей боламын, менде сен қатты сөйлесем ауырып қаламын. Ал анасы ауырса не болатының өзің білесін.

-Жаңылмас жақ,сүрінбес тұяқ болмайды.-деп мақал айтушы едіңіз ғой,кешіріңіз,-деп Әли анасына күлімдей қарады.

-Сөз қадірін біле біл балам,-деді  анасы баласына

Тәрбиеші сұрақтар қойып,пікірталас ұйымдастырды.

-Сіз бен сен сөзінің айырмашылығы неде?

Бала өз қателігін түсіндіме?

Анасы не деп жауап берді?

Тағы қандай әдепті сөздерді білесіңдер?

Балалар:Рахмет,кешіріңіз,айбы жоқ,қош келдіңіз,қуаныштымын,

сізге қызмет етуге әзірмін,ас болсын,өтінемін айып етпеңіз,

оқасы жоқ,ғафу етіңіз,ризамын,қарсы емеспін.

Тәрбиеші Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек? деген өлеңін оқып берді.

«Әдепті сөздер дүкені» ойыны

Балалар топқа бөлінеді.1топ-сатып алушы

2-топ сатушылар

3-топ ойыншықтар

3топтағы балалар өздеріне ойыншықтар таңдап аладыолар оының дыбыстарын шығарады Сатушылар ойыншықтарды рет ретімен қояды.

Ойынның шарты

«сатып алушылар» дүкенге келіп,»ойыншықтар сатып алады.біздің дүкенімізде «ақша»-әдепті сөздер /ақшаның орнына әдепті сөздерді қолданып ойыншықтарды сатып алады.

Тәрбиеші

-Дүкенге келіңіздер ойыншықтар сатып алыңыздар.Ойыншықтар сатылады.босқа бермейді.Әдепті сөздерді қолданып сатып алыңыздар.

Сатушылар ойыншықтарды әдепті сөз айтқанда ғана ұсынады.

Сатушыға сұрақтар:

Ойыншықтарды сіз не үшін сатттыңыз?

Сатып алушылар қандай әдепті сөздер айтады?

Сендерге өздеріңнің иелерің ұнай ма,неліктен?

Сендерге қандай жылы сөздер ұнады?

Сатып алушыларға сұрақтар:

-Сатушы сендерге ойыншықтарды неліктен сатты?

«Әдепті сөз» әңгімесін оқып беру.

Сұрақ-жауап.

-Атасы Еділжанға не деді?

-Ағасы әділет қандай әдепті сөздерді қолданды?

-Өнеге сөздер дәптерінде қандай жылы сөздер бар?

-жарайсыңдар ,балалар,әдепті сөздерді естеріңе жақсы сақтапсыңдар.

-Жылы киім тәнді жылытар,жылы сөз жанды жылытар»дегендей ,егер сен бір нәрсе қажет болып тұрса сұрай қалсаң өтінемін деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа.

Мысалы :

Өтінемін,қарындас,

Бере тұршы қарындаш!

-Саған біреулер әлдебір істе қол ұшын беріп немесе дәмді мен тәттісін ұсынып,сыйлап жатса тілегіңді орындай қалса,оларға алғыс айтып,»рахмет» деуді ұмытпағайсың.Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң ,сол жерде кешірім сұра.Үйде,балабақшада көшеде «Сәлем! Сәлеметсіз бе?»,»Қайрлы күн!» деген сияқты ізгі сөздерді айтуды ұмытпа.

Қандай әдепті сөздерді қолдануды үйрендік?/

-астарыңыз дәмді болсын!

Сәлеметсіз бе?

-Сау болыңыз!

-Қайрлы таң!

Қайрлы күн!

Қайрлы түн!

-Кешіріңіз

-Өтінемін!

Қоштасу рәсімі

Ризамыз, Ризамыз!

Өткен күнге ризамыз!

Ризамыз! Ризамыз!

Осы күнге ризамыз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх