Тәуелсіздік тұғырым

Молдагалиева Фарида Рахметоллина
№20 «Балбөбек» бөбекжай» КМҚК
Тобы: Ортаңғы топ.
Тәрбиеші


Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Мақсаты:

– Балаларға Тәуелсіздік туралы түсінік беру
– Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
– Мемлекеттік рәміздерді таныту, сөздік қорын дамыту

Құрал-жабдықтар:

– Қазақстанның туы, елтаңбасы, әнұраны суреттері
– Тәуелсіздікке арналған бейнебаян
– Балаларға арналған өлең шумақтары

Сабақтың барысы:

– Қолдарына ту ұстаған балалар музыка әуенімен ішке кіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері: «Біз — бақытты баламыз!» әнімен көңіл күй көтеру Мотивация: «Бүгінгі сабағымыз ерекше – ол Тәуелсіздік туралы болады!» Түсіндіру:

— Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз ел болды
— Өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар
— Біз тәуелсіз елде еркін өмір сүріп жатырмыз

Мақала оқу:

Тәрбиеші «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбындағы қысқа мақаланы оқиды:

Қазақстан — біздің туған Отанымыз. 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіз ел болды. Тәуелсіздік — бақыт, еркіндік. Біз — тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Өз елімізді сүйеміз, Отанымызды қорғаймыз!

Сұрақ-жауап:

– Біздің еліміз қалай аталады?
– Тәуелсіздік деген не?
– Тудың түсі қандай? т.б.

Сергіту сәті: «Отан» туралы қимылды өлең

Қорытынды:— Балаларға мадақтау

— Сабақты бекіту: «Мен Қазақстанды сүйемін!» ұранымен аяқтау

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тәуелсіздік туралы негізгі ұғымды
Игереді: Мемлекеттік рәміздерді тануды
Меңгереді: Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх