Ғарыш әлемі
Масимгазиева Айкен Баймолдаевна
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ғарыш әлемі.
Мақсаты : Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар,Байқоңыр ғарыш айлағытуралы түсінік беру, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ТоқтарӘубәкіров туралы түсінік бере отырып,балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін,көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау.
Қажетті көрнекі құралдар: зымыранның,иттердің суреті, Ю.А.Гагарин, В.Терешкова, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаевтың суреттері, сөзжұмбақ, жұлдызшалар.
Оқу іс – әрекетінің барысы: Шаттық шеңбері.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің -оң қолым,
Мынау менің – сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың көктем мезгілі?
- Көктем мезгінде қандай өзгерістер болуда?
- Күн жылынады, жерге көк шөп шықты, ағаштар бүршік жара бастады,
біз жеңіл киім киіне бастадық.
- Аптаның қай күні?
- Аптаның бесінші күні,жұма күні.
- Сәуір айының 10 жұлдызы.
Зымыраным оқтай ұш,
Айға біраз тоқтай ұш,
Апар мені ғарышқа – дей отырып бүгінгі оқу іс- әрекеті тіл дамытудан
« Ғарыш әлемі » тақырыбын өтеміз.Алдымызда 12- сәуір Ғарышкерлер
күні болып саналады.
- Қане , барлығымыз тақтадағы суретке назар аудара отырып, аспан әлеміне саяхат жасаймыз. Өзіміз аспанда ұшып жүргендей болайық.
- Аспанда нелер бар?
- Жұлдыздар , ай, күн.
- Күн не үшін керек?
- Күн жылу береді, жарық береді.
- Ай не үшін керек?
- Түнде жарық береді.
- Ғарышкер деп кімді айтамыз?
- Осы жұлдыздарды, ай мен күнді зерттеу үшін ғарышқа ғарышкерлер
ұшады. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин 1961 жылы 12 сәірде
« Восток » ғарыш кемесімен , Жер шарын 1 рет айналып шықты. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып есептеліп
келеді. Қазіргі таңда әлемде 17 ірі ғарыш айлақтары бар, соның бірі-
Байқоңыр ең үлкен ғарыш айлағы. Ең алғаш иттерді ұшырып тәжірибе
жасаған, Лайка және Белка. Осы иттер аман- сау оралған соң, алғаш рет
адам ұшты.
Ал мына суретте- біздің елімізден тұңғыш ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышта7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал мына суретте- Талғат Мұсабаев ағаларың. Ол ғарышқа 3рет ұшқан, ашық космосқа шығудан немесе орбитада көп болудан рекорд
жасаған. Зымырандар Қазақстанда Байқоңыр қаласынан ұшырылады.
Байқоңыр туралы кім тақпақ біледі?
Расул: Ғарышжай Байқоңыр,
Қаннаттылар мекені.
Қазақ жері Байқоңыр,
Қай жер саған жетеді?
Нұрғазы: Ғажап жерім Байқоңыр ,
Тұңғиықты ғарышты.
Тұнып тұрған алысты,
Орындалып арманы
Ғарышкерлер шарлады.
Нұркелді : Көкке ұшамын,ұшқыш болар баламын,
Соңына ерем, ер ғарышкер ағаның.
Батыр болам , көк аспанды сүйемін,
Жұлдыздарға барып келіп жүремін.
- Ғарышкерлер туралы кім тақпақ біледі?
Ақниет : Тоқтар ағам-жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан,
Аумай қалғым келеді.
Ақбота: Тоқтамайды осы аңыз,
Біз жолыңды тосамыз.
Тоқтар- аға ерлікті,
Күнде өлеңге қосамыз.
Ал енді балалар ойын ойнаймыз. Ойын « түрлі түсті жұлдыздар » деп
аталады.
- Балалар , мынау не? ( жұлдыздарды көрсетемін ).
- Барлығының түсі бірдей ме?
- Жоқ , әртүрлі. Әуен ойналады, балалар түстеріне қарай жұлдыздарды
жинақтайды.( Музыка басталып, балалар жұлдыздарды бір-бірден жи-най бастайды. Музыка тоқтағанда жинауын тоқтатады. Ең көп жұлдыздар жинаған баланы мадақтаймын.)
Нүктелеу арқылы зымыранның, айдың суретін салу.
Қорытынды. « Сөзжұмбақ шешу. Ғарыш сөзі шығады »
Бүгін біз не туралы үйрендік?
Ғарышкер деп кімді айтамыз ?
Кімдерді білеміз ?
Балалар: Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық !
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718