Күз мезгілі
Канжекеева Венера Омирзаковна
Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы білім беру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, аудиобейне материалдар, үлестірмелі қағаздар, постер, стикер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері» тренингі ұйымдастыру.
-Балалар, енді «Жүректен жүрекке» дей отырып шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.
-Балалар, айтқан тілектерің орындалсын, мен де сендерге бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін.
-Енді «Сөздік ойынын» ойнайық. Мына сандықта сиқырлы сөздер бар. Әрқайсымыз сандықтан бір сөзден алып аудармасын айтамыз.
Жарайсыңдар!
-Біз бүгін топтық жұмыс жасаймыз.Ал, қазір сендерді «Алма мен алмұрт» арқылы 2 топқа бөлемін. Өздеріне ұнайтын жемістің біреуін тандап, сол жеміс туралы бір сөзден айтып топқа бөлініп отырасындар. Алма алғандар – бірінші топқа, алмұрт алғандар – екінші топқа отырады.
ІІ. Ой қозғау.
Үнтаспадан Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін тыңдау
ІІІ. Кластер құрастыру.
- Жаңа сөздермен танысу.
(сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру)
- Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді тізбектеп оқу.
- Аудару.
VІ. Тапсырмалар орындау.
1 топ. Мәтіннің мазмұнын айту
2 топ. Мәтін бойыша сурет салу
Сергіту сәті: «Жауын»
VIІ. Дәптермен жұмыс.
Сөздерді буынға бөліп жіңішке, жуан буын екенін анықтау.
1 топ. – күзде, қазан, құстар
2 топ. – сары, жасыл, жемістер.
Синквейн құрастыру (5 жолды өлең)
VII. Бекіту «Доп» ойыны.
VIІI. Бағалау
IX. Үйге тапсырма: Күз туралы эссе жазу