Жастар тәрбиесінде ғылым мен мәдени-тынығу қызметінің рөлі

Халиханова Қарақат Сәбитқызы
Тоқтарбай Қымбат Айболқызы
«6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы» БББ 3-курс студенттері
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы қ., Қазақстан)

Ғылыми жетекшісі: Жалғасбаева Қанағат Баймұатовна, аға оқытушы


Аннотация.

Бұл мақалада жастардың тұлғалық қалыптасуында ғылым мен мәдени-тынығу қызметінің рөлі жан-жақты қарастырылады. Авторлар қазіргі қоғамда білім мен мәдениеттің үйлесімді дамуы жастарды зияткерлік және рухани тұрғыдан жетілдіретін маңызды тетік екенін атап өтеді. Мақалада ғылыми және мәдени қызметтің өзара байланысы, олардың жастар тәрбиесіндегі синергиялық әсері нақты деректер мен кестелер арқылы көрсетілген. Авторлардың ойынша, жастардың ғылыми белсенділігі мен мәдени өмірге қатысуы – елдің интеллектуалды және рухани капиталының басты көрсеткіші.

Түйін сөздер: жастар тәрбиесі, ғылым, мәдениет, рухани даму, Алматы қаласы, тұлға қалыптастыру.

 Аннотация:

В данной статье всесторонне рассматривается роль науки и культурно-досуговой деятельности в процессе формирования личности молодежи. Авторы отмечают, что гармоничное развитие науки и культуры в современном обществе является важным механизмом интеллектуального и духовного совершенствования молодых людей. В статье показана взаимосвязь научной и культурной деятельности, а также их синергетический эффект в воспитании молодежи, что подтверждается конкретными данными . По мнению авторов, научная активность и участие молодежи в культурной жизни являются основными показателями интеллектуального и духовного капитала страны.

Ключевые слова: воспитание молодежи, наука, культура, духовное развитие, город Алматы, формирование личности.

 Abstract:

This article comprehensively examines the role of science and cultural-leisure activities in the personal development of young people. The authors emphasize that the harmonious development of education and culture in modern society is an important mechanism for enhancing the intellectual and spiritual growth of youth. The article demonstrates the interconnection between scientific and cultural activities and their synergistic effect on youth education, supported by specific data.According to the authors, young people’s scientific engagement and participation in cultural life are key indicators of a nation’s intellectual and spiritual capital.

Keywords: youth education, science, culture, spiritual development, Almaty city, personality formation.

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан, тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет. Олардың ішіндегі маңыздылары:

  • Мәдени әрекет;
  • Мәдени орта;
  • Мәдени игіліктер мен қажеттіліктер;
  • Мәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік ісқимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қарым-қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады.Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан.

Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі ұлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни ренессанс мәдени дамуда орасан зор рөль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Жастар тәрбиесінде ғылым мен мәденитынығу қызметінің рөлі өте маңызды. Жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыруда ғылым басты орын алады. Ғылым арқылы жастар дәлелге сүйенуді, ақпаратты талдауды, сыни ойлауды үйренеді. Зертханаларда, ғылыми жобаларда жұмыс істеу олардың ізденімпаздығын, жауапкершілігін, шығармашылық қабілетін дамытады. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарға қатысу жасөспірімнің болашақ мамандығын таңдауға көмектесіп, технологиялық сауаттылығын арттырады. Ғылыммен айналысқан жас өзін-өзі дамытуды мақсат етіп, қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.Ал мәдени-тынығу саласы жастардың рухани және адамгершілік тұрғыда жетілуіне әсер етеді. Театр, музей, кітапхана, түрлі мәдени іс-шаралар жасөспірімнің эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге жол ашады. Өнер үйірмелері мен шығармашылық студиялар олардың қабілетін ашып, өзін еркін көрсетуіне мүмкіндік береді. Мәдени ортада жүрген жас өз ойын дұрыс жеткізуге, көпшілікпен тіл табысуға, мәдениетті болуға үйренеді. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру зиянды әдеттердің алдын алып, оларды спортқа, өнерге, пайдалы іске бағыттайды. Ғылым мен мәдениет бірін-бірі толықтырып, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Ғылым зияткерлік деңгейін өсірсе, мәдениет рухани байлығын арттырады. Қазіргі заманда цифрлық кітапханалар, интерактивті музейлер, ғылыми-мәдени жобалар жастардың технологияны дұрыс қолдана отырып дамуына мүмкіндік беріп отыр. Сол себепті ғылым мен мәдени-тынығу қызметі – жас буынды білімді, тәрбиелі, мәдениетті азамат етіп қалыптастыратын негізгі күш.

Жастар термині- гумантиралық және жаратылыстану ғылым салаларында кеңінен қолданады. Сонымен қатар осы бір ғылым төңірегінде «жастар» концепциясы, олардың жас ерекшелігіне байланысты қарастырылып, жас шегін анықтауға тырысады. БҰҰның пікірі бойынша «жастар» терминінің мағынасы әлем елдерінің арасындағы айырмашылықтармен анықталады. Яғни, осы тұжырымдаманың немесе оның төменгі және жоғарғы жасының анықтамасы елдердегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларға, этникалық ерекшеліктерге, ұлттық дәстүрлерге байланысты өзгеруі мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан «жастар» ұғымы өзгермелі категориялардың қатарына жатады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік тарихтың әр кезеңінде өзгеріп отыратын тарихи-әлеуметтік ұғым. Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметтеріне сүйенсек, «жастар» концептциясының қазіргі жасмөлшері 13 пен 14 жастан бастап, 20 мен 30 жасқа дейін. Дүниежүзілік зерттеулерге сәйкес төменгі жас шегі жыныстық жетілумен, жалпы білім берудің аяқталуымен, кәсіптік білім берудің басталуымен, ал жоғарғы шегі экономикалық тәуелсіздік, жеке тәуелсіздік, қаржылық меншік және отбасын құру мүмкіндігімен байланысты. [1,2б].

Мәдени –тынығу қызметін әдістемелік қамтудың білімнің ғылыми саласы ретінде қалыптасуы клубтардың, мәдениет үйлері мен сарайларының, жастардың демалыс орталықтарының әдістемелік және практикалық қызметін зерттеу және жинақтау, олардың жұмысындағы заңдылықтарды айқындауға деген қоғамның сұранысынан келіп шығады. Мұнда оның нақты мазмұнын анықтап, мәдени-тынығу қызметінің неғұрлым тимді түрлерін, әдістері мен құралдарын жетілдіру қажет. Сонымен бірге әдістемелік қамту — тек ғылым ғана емес, сондай-ақ, ұйымдастыру — әдістемелік және практикалық қызмет. Ғылым саласы ретіндегі МТЖ-н әдістемелік қамту және мәдениет факультеттері және университеттердің мәдени-тынығу жұмысы кафедралары оқытатын МТЖ-н әдістемелік қамту пәні ұғымдарын ажыратып алу қажет. Мәдениет институтарында оқу пәні қатарында оқытылатын МТЖ-н әдістемелік қамту ғылым ретінде өз алдына МТЖ-н әдістемелік қамтудың маңызды жетістіктерін студенттерге меңгерту, сол арқылы студенттерді әдістемелік және практикалық қызметке дайындауды міндет етіп қояды. МТЖ-н әдістемелік қамту жөніндегі ғылым саласындағы білімдердің жалпы көлемі мен мазмұндалу бірізділігі оқу жоспарында және курстың бағдарламасында анықталады. [2,3б].

Зерттеу барысында алған деректер бойынша Жастар тарбиесіндегі ғылым мен мадениеттің рөліндегі көзқарастық бірнеше маңызды қырын айқындадық. Бұл тақырыпқа байланысты біз 57 респонденттің ойын біле отыра осы сауалнаманы жасадық. Алдымен респонденттерден <Ғылыммен айналысу сіз үшін қаншалықты маңызды?> деген сұрақ қойылғанда жауаптардың көп бөлігі (Маңызды) бөлігін таңдады. 56,1% бұл компонентті таңдады.Бұл Мәдени тынығудағы жастардың тәрбиесін, мәдениетке деген құрметін көрсетеді. Мәдени тынығу,театр мәдениеті т.б қалыптасқанан бері жастарға мәдени,рухани тәрбиенің қандай екенін көрсетіп келе жатыр. Келесі сұрақ Мәдени шаралар жастардың адамгершілік,рухани дамуына үлкен әсер етеді деп 75,4% таңдаған. Тынығу қызметтерінің <спорт,волонтерлық,саяхат,түрлі клубтар> тәрбиелік маңызы өте жоғары деп 63,2% таңдаған. Бұлар жастар мәдениетімен ғылымның бір-бірімен ортақ екенін көрсетеді.Бірақ та қазіргі таңда өнерді бағаламайтын халықтар арасында өнердің толықтай ашылмағанын айқындайды.

 Зерттеу нәтижелері жастар тәрбиесінде ғылым мен мәдениеттің маңыздылығы жоғары деңгейде бағаланатынын көрсетті. Респонденттердің басым бөлігі ғылыммен айналысудың қажеттілігін мойындап, оны жеке дамудың әрі мәдени сананың бөлігі ретінде қабылдайтынын байқатты. Сонымен қатар мәдени шаралардың жастардың адамгершілік және рухани қалыптасуына әсерінің зор екенін атап өткен қатысушылар санының көп болуы – қазіргі қоғамда мәдениеттің тәрбиелік ықпалы күшейіп келе жатқанын дәлелдейді.Тынығу қызметтерінің (спорт, волонтерлік, саяхат, клубтық жұмыстар) жоғары тәрбиелік мәнге ие деп танылуы жастардың жан-жақты дамуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер ғылым мен мәдениеттің өзара байланысты екенін, олардың жастардың рухани, интеллектуалдық және әлеуметтік дамуына бірдей ықпал ететінін айқындайды.Сонымен бірге зерттеу кейбір ортада өнерді толық бағаламау, мәдениеттің әлеуетінің толық ашылмауы сияқты мәселелердің бар екенін көрсетті. Бұл жағдай жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттауды күшейту қажеттігін тағы да дәлелдейді.Жалпы алғанда, сауалнама нәтижелері жастар тәрбиесінде ғылым мен мәдениеттің орны ерекше екенін, әрі оларды дамыту қоғамның рухани жаңғыруына негіз болатынын көрсетеді

Жастар тәрбиесінде ғылым мен мәдени-тынығу қызметінің рөлі – қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі тетіктердің бірі. Ғылым жастардың ойлау қабілетін жетілдіріп, олардың дүниені тану деңгейін кеңейтеді, сыни ойлауға, дәлелді пікір айтуға, технологиялық үрдістерді түсінуге үйретеді. Зерттеу жұмыстарымен айналысқан жас жаңашылдыққа ұмтылады, кәсіби бағдарын нақтылап, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін толық ашады. Бұл – елдің ғылымитехникалық прогресін жалғастыратын қабілетті азаматтарды қалыптастырудың басты жолы.Ал мәдени-тынығу қызметі жастарды рухани бай етіп тәрбиелеуге бағытталған маңызды орта.  Мәдени ортада белсенді қатысу жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуына, қоғамға пайдалы іс-шараларға араласуына жол ашады. Сонымен бірге мәдениет адамға өзін-өзі танып, өз сезімін, ойы мен көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.Ғылым мен мәдениеттің бір-бірін толықтыруы жастар тәрбиесінде ерекше мәнге ие. Ғылым интеллектуалдық дамуды қамтамасыз етсе, мәдениет рухани кемелдікке жол ашады. Екі саланың үйлесімді ықпалдастығы жас ұрпақты жан-жақты дамыған, парасатты, заманауи ойлайтын, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін азамат ретінде қалыптастырады. Цифрлық технологиялардың дамуы ғылым мен мәдениеттің тоғысуына жағдай жасап, жастарға жаңа білім алу, мәдениетпен байланысу мүмкіндіктерін ашып отыр. Сол арқылы тәрбиенің жаңа формалары пайда болып, жастардың әлеуметтік белсенділігі артады. Ал мәдени-тынығу қызметі жастарды рухани бай етіп тәрбиелеуге бағытталған маңызды орта. Театр, музей, кітапхана, өнер үйірмелері мен мәдени шаралар жас буынның эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, олардың адамгершілік қасиеттерін тереңдетеді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіреді. Мәдени ортада белсенді қатысу жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуына, қоғамға пайдалы іс-шараларға араласуына жол ашады. Сонымен бірге мәдениет адамға өзін-өзі танып, өз сезімін, ойы мен көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.Ғылым мен мәдениеттің бір-бірін толықтыруы жастар тәрбиесінде ерекше мәнге ие. Ғылым интеллектуалдық дамуды қамтамасыз етсе, мәдениет рухани кемелдікке жол ашады. Екі саланың үйлесімді ықпалдастығы жас ұрпақты жан-жақты дамыған, парасатты, заманауи ойлайтын, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін азамат ретінде қалыптастырады. Цифрлық технологиялардың дамуы ғылым мен мәдениеттің тоғысуына жағдай жасап, жастарға жаңа білім алу, мәдениетпен байланысу мүмкіндіктерін ашып отыр. Сол арқылы тәрбиенің жаңа формалары пайда болып, жастардың әлеуметтік белсенділігі артады.Ғылымның жастар тәрбиесіне әсерінің тағы бір қыры – олардың кәсіптік бағдар алуына тигізетін ықпалы. Қазіргі заман мамандықтары тез өзгергендіктен, жасөспірімдерге болашақ сала таңдауда икемділік, жаңашылдық, ізденімпаздық қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми жобаларға қатысу, зертханалық тәжірибелер жасау, робототехника мен бағдарламалау бағытындағы жұмыстар олардың кәсіби қызығушылығын оятып қана қоймай, нақты ғылымдар мен технологияларға деген сенімді арттырады. Ғылымға икемі бар жас еліміздің инновациялық дамуына үлес қосуға дайын тұлға болып өседі.Сонымен қатар ғылым жастардың мәдениеттілігі мен дүниетанымын кеңейтуге тікелей әсер етеді. Жас буын әртүрлі ғылыми жаңалықтарды зерттеп, әлемдік ғылыми қауымдастықтағы трендтерді біліп отырса, олардың ой-өрісі кеңейеді, жаһандық процестерді түсінуге бейімделеді. Бұл – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыратын маңызды фактор. Білімді, ғылыми ойлайтын жас – кез келген қоғамның тірегі, экономикалық және мәдени дамуының кепілі.Ал мәдени-тынығу саласының жастар тәрбиесіндегі рөлі ғылымнан кем емес. Мәдениет – рухани құндылықтар жиынтығы. Жастардың мінез-құлқын, әлеуметтік қарым-қатынасын, адамгершілік бейнесін қалыптастыратын ең маңызды орта осы мәдени-тынығу кеңістігі болып табылады. Театр, музей, кітапхана, мәдени орталықтар, шығармашылық студиялар – жас адамға рухани тәрбие беретін негізгі мекемелер. Мұнда олар өнердің түрлі бағыттарымен танысып, эстетикалық талғамын қалыптастырады.Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – мәдени-тынығу қызметінің басты міндеттерінің бірі. Ерікті жастар қозғалыстары, спорт секциялары, өнер үйірмелері, интерактивті мәдени шаралар жасөспірімдердің өз әлеуетін дұрыс арнаға бағыттауына жағдай жасайды. Қазіргі заманда бос уақыт дұрыс ұйымдастырылмаса, жасөспірімдердің түрлі зиянды әрекеттерге еру қаупі жоғары. Сондықтан мәдени демалыс саласының дамуы жастар арасында құқықбұзушылықтың, интернетке тәуелділіктің, әлеуметтік девиациялардың алдын алады.Жастар тәрбиесінде ғылым мен мәдениеттің рөлі артуы үшін бірнеше негізгі бағытты дамыту қажет. Біріншіден, білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу орталықтарын көбейтіп, жастардың тәжірибе жинауына жағдай жасау керек. Екіншіден, мәденитынығу мекемелерінің инфрақұрылымын жаңартып, жастарға тартымды әрі қолжетімді мәдени кеңістік құру маңызды. Үшіншіден, ғылым мен мәдениетті біріктіретін жобаларды дамыту қажет. Бұл – жастардың білім алуын да, рухани дамуын да күшейтеді. <<Адам баласы өмірінің басты мақсаты-мәдениет ұстындарына сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда басталған жаңа үрдістерде көп деңгейлі және көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің біріқазіргі кездегі қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар-ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бірбірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өмірінде орын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі-бұл реттеу функциясы. Оның негізгі мәні-адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез құлқына ықпал етеді. [3,18б]

Қорытынды

 Жастар тәрбиесінде ғылым мен мәдени-тынығу қызметінің рөлі – қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі тетіктердің бірі. Ғылым жастардың ойлау қабілетін жетілдіріп, олардың дүниені тану деңгейін кеңейтеді, сыни ойлауға, дәлелді пікір айтуға, технологиялық үрдістерді түсінуге үйретеді. Зерттеу жұмыстарымен айналысқан жас жаңашылдыққа ұмтылады, кәсіби бағдарын нақтылап, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін толық ашады. Бұл – елдің ғылымитехникалық прогресін жалғастыратын қабілетті азаматтарды қалыптастырудың басты жолы.Ал мәдени-тынығу қызметі жастарды рухани бай етіп тәрбиелеуге бағытталған маңызды орта. Театр, музей, кітапхана, өнер үйірмелері мен мәдени шаралар жас буынның эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, олардың адамгершілік қасиеттерін тереңдетеді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіреді. Мәдени ортада белсенді қатысу жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуына, қоғамға пайдалы іс-шараларға араласуына жол ашады. Сонымен бірге мәдениет адамға өзін-өзі танып, өз сезімін, ойы мен көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.Ғылым мен мәдениеттің бір-бірін толықтыруы жастар тәрбиесінде ерекше мәнге ие. Ғылым интеллектуалдық дамуды қамтамасыз етсе, мәдениет рухани кемелдікке жол ашады. Екі саланың үйлесімді ықпалдастығы жас ұрпақты жан-жақты дамыған, парасатты, заманауи ойлайтын, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін азамат ретінде қалыптастырады.

Қолданылған әдебиттер:

  1. Жастардың қоғамдағы орны және жастар саясатының маңызы https://madeniportal.kz/article/5949 2018-2025 «Мәдениет порталы» А
  2. https://auezov.edu.kz/media/attachments/2022/03/29/41-..-..-..-239-243
  3. Қорқыт ата атындағы қызылорда университеті. Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы Т.Х. Ғабитов Н.Қ. Альджанова Ж.О. Әбікенов «Мәдениеттану негіздері» Оқулық Алматы 2021 ж,318- 8 б https://elibrary.kaznu.kz/wpcontent/uploads/2022/11/madeniettanu-2022-okulyk.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх