Нұрман Дариға
Битлеуова Меруерт
6В11102-Мәдени тынығу жұмысы БББ 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: Жалғасбаева Қанағат Баймуратқызы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан)
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ эстрадасының тарихын, бұрынғы заманғы эстрададан қазіргі заманғы эстрадалық вокалға өтуін қарастырады жәнеде балаларға эстрадалық вокалды үйретудің әдістемелік негіздері, тәрбиелік және дамытушылық мәні қарастырылады. Зерттеу барысында тыныс алу техникасы, дауыс қыздыру (распевка), артикуляциялық жаттығулар, сахналық мәдениет және репертуар меңгерту үдерістері жан-жақты талданады. Сонымен қатар, қазақ эстрадасының дамуына Дос-Мұқасан, Айгүл, Гүлдер сияқты ансамбльдер мен жеке орындаушылардың ықпалы атап өтіледі. Автор балаларға вокал үйретуде кезең-кезеңмен жүргізілетін репертуар меңгерту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тағы басқада әдістерінің маңызын көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде эстрадалық вокалдың баланың шығармашылық қабілеттерін, музыкалық талғамын және тұлғалық дамуын жетілдіруде маңызды рөл атқаратыны анықталды. енді осы текстің орысша ағылшыншасын жаз
Кілт сөздер: эстрадалық вокал, балалар вокалы, сахна мәдениеті, тыныс алу техникасы, заманауи эстрада.
Аннотация
В данной статье рассматривается история казахской эстрады, переход от традиционной эстрады к современному эстрадному вокалу, а также методические основы обучения детей эстрадному вокалу, его воспитательное и развивающее значение. В исследовании подробно анализируются такие процессы, как техника дыхания, разогрев голоса (распевка), артикуляционные упражнения, сценическая культура и освоение репертуара. Также подчеркивается влияние ансамблей и исполнителей, таких как Дос-Мұқасан, Айгүл и Гүлдер, на развитие казахской эстрады. Автор показывает важность поэтапного обучения репертуару, развития творческих способностей детей и применения других методов в процессе вокальных занятий. По результатам исследования было установлено, что эстрадный вокал играет значимую роль в развитии творческих способностей, музыкального вкуса и личностного роста ребенка.
Abstract
This article examines the history of Kazakh pop music, the transition from traditional pop to modern pop vocal performance, as well as the methodological foundations of teaching children pop singing and its educational and developmental significance. The study analyzes processes such as breathing techniques, voice warm-ups (vocal exercises), articulation training, stage culture, and repertoire mastery. The influence of ensembles and performers such as Dos-Mұqasan, Aigul, and Guldar on the development of Kazakh pop music is also highlighted. The author emphasizes the importance of step-by-step repertoire training, developing children’s creative abilities, and applying other methods in vocal lessons. The study concludes that pop vocal training plays a significant role in enhancing children’s creative skills, musical taste, and personal development.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнері ғасырлар бойы қалыптасқан терең рухани дәстүрге ие. Ежелден бері халықтың тұрмыс-тіршілігінде ән мен күйдің, жыр мен поэзияның орны айрықша болған. «Қазақ халқының еңкейген кәріден еңбектеген баласына дейін ән, әуен десе ішкен асын жерге қойып, елеңдеп қалатыны жақсы мәлім» [1, 43б] деген пікір халқымыздың табиғи музыкалық қабілетін дәл сипаттайды. Дала мәдениеті әр кезеңде өзіне тән әнші, жырау, сал-сері тұлғаларды дүниеге әкеліп, олардың шығармашылығы қазіргі эстрадалық вокал өнерінің негізін қалыптастырды.
XX ғасырдың 60–80-жылдары қазақ эстрадасының жаңа белесі басталды. Бұл кезеңде ел арасында танылған өнерпаздар тек ән орындаушы ғана емес, музыка әлеміне жаңашылдық енгізген композитор, ақын әрі сахна мәдениетін қалыптастырған кәсіби тұлғалар болды. Осы кезеңде ерекше серпіліс әкелген Дос-Мұқасан, Айгүл, Гүлдер, Арай және т.б ансамбльдер қазақ музыкасын жаңа бағытқа бұрып, ұлттық эстраданың кәсіби деңгейге көтерілуіне зор ықпал етті. Олар сахнада өзіндік стиль қалыптастырып, киім таңдауынан бастап көрерменмен байланыс орнатуға дейінгі барлық қырын заман талабына сай жаңартты. Ансамбльдердің вокалдық мүмкіндігі, орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениеті кейінгі буынға үлгі болып, Қазақстанның эстрадалық вокал мектебінің дамуына мықты негіз қалады.
Бұл ансамбльдер қазақ эстрадасының қалыптасуына тек орындаушылық тұрғыдан ғана емес, жалпы музыкалық-мәдени үрдістердің дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Олар ұлттық әуенді заманауи ырғақпен шебер үйлестіріп, қазақ музыкасының жаңа тынысын ашты. Әр топтың өзіндік тембрі, орындау мәнері, аспаптық ерекшелігі тыңдарманға жаңа эстетикалық талғам қалыптастырғаны белгілі. Ансамбльдер сол кезеңдегі мәдени ортаға жаңа леп әкелді олар бізде: кәсіби аранжировка, көпдауысты вокал, электрлі аспаптарды қолдану, сахналық қойылымдар, заманауи безендіру сияқты тың жаңалықтар сол уақыт үшін үлкен серпіліс болды. Бұл үрдіс кейінгі жас орындаушыларға бағыт-бағдар беріп, қазақ эстрадасының жан-жақты дамуына түрткі болды. Потаниннің «Қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген сөзі сол дәуірдегі музыкалық үрдістің шынайылығын жақсы сипаттайды. Қазақ әндері халықтың өмірін, сезімін, қуанышы мен қайғысын, тұрмыс-тіршілігін түгелдей бейнелейтіндігі анық. Сондай-ақ, «Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады» [1, 43б] деген тұжырым ансамбльдердің шығармашылығына да толық қатысты. Себебі олардың репертуарындағы композициялар тек көңіл көтеруге арналған әндер емес, тыңдаушыларға адамгершілік, ізгілік, бірлік пен татулыққа тәрбиелік мән беретін мазмұнға ие болды. Қазақ қоғамы үшін бұл ансамбльдердің орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Сол дәуірдің жастары әлі күнге диін осы топтардың әндерімен өсіп, уақыт өткен сайын бұл шығармалар ұлттық музыкалық мұраға айналды. Бүгінде олардың шығармашылығы қазақ эстрадасының алтын қоры саналып, жаңа буын музыканттар үшін өнеге, бағыт және шабыт көзі болып отыр. Қазіргі жастар да әлі күнге дейін осы ансамбльдердің әндерін сүйіп тыңдайды, олардың шығармашылығы сахна мәдениетінің классикалық үлгісі ретінде өмір сүруін жалғастырып, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты жаңа буынға жеткізуде.
№1.
| Бірінші кезең:
XVIII–XIX ғасырлар. Бұл уақытта ел ішінде той-жиындар мен жәрмеңкелерде өнер көрсеткен халық өнерпаздары мен шаншарлар (Айдарбек, Күндебай, Текебай, Тонтай, Торсықбай және т.б.) қазақтың сахналық дәстүрінің бастаушысы болды. Бұл дәуір ұлттық рухани жаңғыру мен ән, аспаптық және ақындық өнердің өркендеген кезеңі еді. |
Екінші кезең:
XX ғасырдың алғашқы жартысы. Кеңес дәуірінде қазақ эстрадасының негізін қалаған композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди және әншілер Ж.Омарова, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Е.Серкебаев сияқты орындаушылар ұлттық эстраданың кәсіби дамуына зор үлес қосты. |
Үшінші кезең: 1950–1980 жылдар аралығы. Бұл уақытта қазақ эстрадасы кәсіби сипат алып биіктеді. Сол кезеңде Дос-Мұқасан, Айгүл, Гүлдер, Арай сияқты ансамбльдер сахнаға шығып, ұлттық музыканы заманауи стильде орындап, қазақ эстрадасының кәсіби деңгейін арттырды. Сонымен қатар, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, сияқты жеке орындаушылар да қазақ эстрадасының дамуына зор үлес қосып, ұлттық музыка өнерін жаңа биікке көтерді. |
Бұл кестеде қазақ музыкасының дамуы үш негізгі кезеңде көрсетілген. Бірінші кезеңде (XVIII–XIX ғасырлар) халықтың той-жиындары мен жәрмеңкелерінде өнер көрсеткен халық орындаушылары ұлттық рух пен әуезге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, балалардың музыкалық тәрбиесіне алғашқы негіз салды. Екінші кезеңде (XX ғасырдың алғашқы жартысы) Кеңес дәуіріндегі композиторлар мен әншілер қазақ эстрадасының кәсіби деңгейін көтеріп, сахна мәдениетін дамытты. Осылайша, балаларға арналған алғашқы әндер мен шығармалар пайда болып, олардың музыкалық талғамын қалыптастыруға жол ашылды. Үшінші кезеңде (1950–1980 жылдар) қазақ эстрадасы кәсіби сипатқа ие болып, Дос-Мұқасан, Айгүл, Гүлдер, Арай сияқты ансамбльдер және Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева сияқты орындаушылар сахнаға шығып, ұлттық музыканы заманауи стильде насихаттады. Бұл кезеңдегі шығармашылық үлгілер балалар эстрадасының дамуына да әсер етіп, олардың орындаушылық мәдениеті мен музыкалық талғамын қалыптастыруға үлкен үлес қосқаны анық көрсетіліп тұр. Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз осы үшінші кезеңнің бір саласы болып табылады.
Уақыт өте келе ұлттық ән мәдениеті жаңа сипатқа ие болып, кәсіби сахналық өнердің бір тармағы эстрадалық бағытқа ұласты. «Эстрадалық музыка – бұл тыңдаушылардың ең кең аудиториясына арналған ойынсауық музыкалық өнердің түрі» [1, 46б]. Осы пікірмен келісе келе, біздің ойымызша эстрада жанры халықтық музыка мен заманауи ырғақтардың тоғысуынан туындаған синтездік өнер түрі болып есептеледі. Себебі ерекшелігі қарапайымдылық пен қолжетімділікте. Сол арқылы эстрадалық әндер жеңіл әуенімен, есте сақталатын сөзімен және заманауи ырғақтарымен ерекшеленіп тұр. Жанрдың мақсаты- көпшілік тыңдарманға рухани әсер беру, өмірдің түрлі сәттерін музыка тілімен бейнелеу. Эстрадалық музыка халықтың көңіл күйін, заман талабын және әлеуметтік құбылыстарды өз әуені арқылы жеткізеді. Сондықтан ол қоғамның мәдени өмірінде ерекше орын алып, дәуірдің тынысын музыкалық формада бейнелейтін көркем өнер саласы болып саналады. Ғылыми жетекші Керім Наурызбайдың «Қазақ эстрадасының тарихы» атты енбегінде былай делінген: «Эстрада жанрының жаңа заманға сай дамуына әр дәуірдің сұранысы, мемлекеттің көзқарасы, төменнен жасалатын ұсыныстар мен биліктің бастамалары әсер ететіні белгілі» [4]. Осы пікір қазіргі қоғамда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мәселен, тәуелсіздік жылдарында мәдени саясат аясында ұлттық музыканы жаңғыртуға, жаңа буын орындаушыларды қолдауға бағытталған көптеген жобалар іске асырылды. Эстрадалық вокал мектебі кеңейіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған студиялар мен шығармашылық орталықтар ашылып балаларға көп көңіл бөле бастады. Соның арқасында қазіргі заманда Қазақстанның атынан шетелге шығып, Қазақстанның атағын көтеріп жүрген балалар көп. Заман дамыған сайын өнерлі балаларда дамып шетелге танымал болып жатыр. Қазіргі заманда эстрада балалар өнерінің дамуына әсер еткен маңызды фактрлардың бірі- орындаушының өзіне ғана тән ерекше болмысы. Себебі сахнада көпшілікке танылу үшін тек жақсы дауыс немесе мықты техника жеткіліксіз. Әншінің ішкі энергиясы, табиғи харизмасы, сахнада өзін ұстауы, өз образы мен стилін дұрыс қалыптастыруы- оның табысты болуына тікелей әсер етеді. Жазушы Қарамолаеваның «Эстрадалық музыка» енбегінде «әрбір орындаушының ешкімге ұқсамас жеке тұлғасы, имиджі, ішкі қуаты, сахнаға шыққан сәттен көрерменді баурап алатын қасиеті маңызды рөл атқарады» [3, 78б] деген пікір эстраданың мәнін нақты көрсетеді. Бүгінгі таңда эстраданың дамуы тыңдарманның талғамына, қоғамдағы мәдени өзгерістерге және жаңа технологиялардың ықпалына байланысты өзгеріп отыр. Қазір цифрлық платформалар көп, сол себепті әр артист бұл мүмкіндікті пайдаланып, өз өнерін тез тарата алады. Бірақ сонымен бірге бәсеке де күшейді. Сондықтан әрбір орындаушы өзіндік ерекше стилін табуы керек. Сол себепті қазіргі эстрадада ұлттық әуендерді заманауи бағыттармен үйлестіру, орындаушының жеке болмысын айқындай алу, кәсіби түрде дайындалуы және жаңашыл болуға талпынысы- жанрдың басты қозғаушы күштері болып отыр. Ғылыми жазушы Н. Зарлыкова пікіріне сәйкес «Қазақ мәдениетінің жаңаша қырларының бірі және қазіргі заман көші- эстрада саласы» [2]. Әр дәуірде бұл сала қоғамның сұранысына, мемлекеттің мәдени саясатындағы ұстанымына және халық тарапынан туындайтын шығармашылық бастамаларға қарай дамып отырған.
Эстрадалық вокалмен айналысу- баланың тек ән айту қабілетін емес, оның шығармашылық, эмоциялық және тұлғалық дамуын қалыптастыратын күрделі әрі маңызды процесс. О.С. Изюрова өзінің еңбегінде: «Занимаясь эстрадным пением, маленький артист не только овладевает искусством вокала, специфическими приемами, характерными для различных жанров популярной музыки, навыками работы с текстом, фонограммой, микрофоном и звуковой аппаратурой, сольного исполнения под аккомпанемент фортепиано, но и учится работать в команде с другими детьми, достигать поставленной цели, своим трудом добиваться успеха.» [5] деп атап өтеді. Аталған пікір эстрадалық вокал сабағының мәнін тереңірек жеткізіп тұр. Осыған сәйкес, бала эстрадалық ән айту арқылы тек вокалдық шеберлікті меңгеріп қана қоймай, заманауи музыкалық жанрлардың ерекшеліктерін таниды, поп, джаз, рок сияқты бағыттарда өзін еркін көрсете алады. Сонымен қатар ол мәтінмен жұмыс істеуді, сөздің мағынасын түсініп жеткізуді, фонограмма мен микрофонды дұрыс пайдалануды, дыбыс аппаратурасын сезінуді үйренеді. Бұл дағдылар оның сахналық мәдениетін қалыптастырып, кәсіби орындаушы болуға негіз қалайды. Фортепиано сүйемелдеуімен жеке орындау кезінде бала музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін және жауапкершілікті дамытады. Эстрада өнерінің тағы бір маңызды қыры ұжыммен жұмыс істей білу. Топтық ән айту барысында бала өз дауысын басқалармен үйлестіруге, ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе әрекет етуге дағдыланады. Бала өзінің коммуникативтік қабілетін арттырып, сахнада және өмірде сенімді болуға үйренеді. Эстрадалық вокал баланы еңбекқорлыққа, табандылыққа баулиды, себебі жақсы нәтижеге жету үшін тұрақты жаттығу мен тәртіп қажет. Ән айту арқылы бала өз еңбегінің нәтижесін көреді, шығармашылық табыстың артында үлкен еңбек пен төзімділік тұрғанын түсінеді. Жәнеде халық арасында көп миф әнгімелер болған ол «Эстрадалық вокалмен тек туа біткен дарындар ғана айналыса алады» деп. Біз бұл пікірмен келіспейміз себебі танымал Ресей ұстаз И.А. Яроцкая айта кеткендей «И не стоит думать, что занятия по вокалу необходимы только тем детям, у кого есть к этому способности. В зависимости от природных способностей будет получаться чуть быстрее или чуть медленнее. Развитие голоса необходимо и полезно всем без исключения.» [6, 82б] делінген. Вокал сабақтарына тек ерекше дауысы бар, табиғи қабілеті байқалған балалар ғана баруы тиіс деген мифті ата-аналар, ұстаздар арасында көп талқыланады. Алайда бұл көзқарас шындыққа сәйкес келмейді деп айта аламыз. Өйткені дауыс-тек туа біткен дарынға сүйенетін құбылыс емес, дұрыс әдіс пен жүйелі жаттығу арқылы дамитын, ашылатын, қалыптасатын қабілет. Әр баланың табиғи мүмкіндігі әртүрлі болғанымен, дауысқа қатысты дағдылар жаттығу барысында біртіндеп жетіледі. Біреу тез меңгереді, біреу баяуырақ үйренеді. Бірақ бұл айырмашылық баланың жетістікке жету мүмкіндігін шектемейді. Дауыстың дамуы денемен, тыныспен, естумен, эмоциялық еркіндікпен тығыз байланысты болғандықтан, ол тек дарын деңгейіне қарап емес, ең алдымен балаға жасалған дұрыс бағыт пен қолдауға байланысты. Сондықтан да «вокал тек дауысы бар балаларға қажет» деген пікір ескірген. Шын мәнінде, вокал- әр балаға арналған жан-жақты дамытушы құрал. Ол баланың музыкалық қабілетін ашып, оның жалпы тұлғалық қалыптасуына әсер етеді деп білеміз. Әр бала – өзінше ерекше, ал дауыс — сол ерекшелікті көрсетуге көмектесетін табиғи мүмкіндік.
Ғылыми зерттеу әдістері:
Бақылау әдісі- вокал сабақтары барысында балалардың тыныс алу техникасы, дауыс қыздыру (распевка), артикуляциясық жаттығулар, сахналық жұмыс және оның ережелерін бақылауға алынды.
Салыстырмалы талдау әдісі- сабақтың бастапқы кезеңіндегі және жаттығулардан кейінгі балалардың вокалдық дағдыларының (тыныс, дыбыс ашу, сахналық сенімділік) даму нәтижелері салыстырылды.
Сараптамалық әдіс- вокал педагогтері мен музыкалық мамандардың пікірлерін жинақтап, сабақта қолданылатын тиімді әдістерді анықтауға қолданылды.
Интерпретациялық әдіс- вокал сабақтары барысында алынған бақылау мен тәжірибе нәтижелерін ғылыми тұрғыда түсіндіру, олардың бала дамуына әсерін ашу үшін қолданылды.
Жүйелі тәсіл- балалардың эстрадалық вокал дағдыларын тыныс алу, распевка, артикуляция, сахналық жұмыс және репертуарды кезең-кезеңімен біртұтас жүйе ретінде дамытуға негізделді.
Балаларға терең тыныс алу жатығуын үйрету- вокал сабақтарының ең маңызды және алғашқы кезеңдерінің бірі. Гарина З. бұл туралы: «Глубокое дыхание и в медицинском аспекте полезно организму: клетки организма насыщаются кислородом в большем объеме, что способствует лучшему кровообращению, а следовательно, лучшей работе всех органов и систем, их очищению и регенерации» [9,3б] пікірі вокал сабағында дұрыс тыныс алу техникасын үйрету- баланың даусын сау, тұрақты және табиғи етіп қалыптастырудың негізі деп түсіндіреді. Терең тыныс алу (диафрагмалық немесе вокалдық тыныс) дегеніміз – ауаны тек кеудемен емес, іштің төменгі бөлігімен, яғни диафрагма арқылы алу. Көптеген балалар ән айтқанда тек кеудесімен дем алып, иығын көтеріп, ауа жетпей қалады. Мұндай жағдайда дауыс қысылып, тез шаршайды. Сондықтан ең алдымен балаға тыныстың қалай жұмыс істейтінін денесі арқылы сезінуді үйрету керек. Тәжірибе барысында мен балаларға мынадай әдіс қолданамын: «Дем алғанда иығың емес, ішің көтерілсін, ал дем шығарғанда ішің ішке тартылсын». Бұл әдіс арқылы бала диафрагманың қозғалысын бақылап үйренеді. Алғашында әдісті жаттығу түрінде жасаймыз — бала тік тұрып, қолын беліне қояды, мұрны арқылы баяу дем алады, ішін алға шығарып, сосын ауыз арқылы жаймен шығарады. Осындай қарапайым қозғалыс арқылы тыныс алу процесін сезіне бастайды.
Келесі кезеңде ән айту алдындағы ең маңызды дайындықтардың бірі — дауыс қыздыруға арналған жатығулар. Бұл- дауыс бұлшықеттерін «қыздырып», дыбыс шығару аппараты мен артикуляциялық органдарды (тіл, ерін, жақ) жұмысқа дайындайтын арнайы жаттығулар жүйесі. Распевка кезінде әртүрлі дыбыстық комбинациялар айтылады, мысалы, «ма», «мо», «ми», «ле», «ло» сияқты буындар арқылы дауыс диапазоны кеңейтіледі. Бұл жаттығулар дауысты ашуға, дыбыстың еркін әрі таза шығуына көмектеседі. Электронды пианино алып ән айту арқылы «а», «о», «и», «е», «о» сияқты дыбыстарды аузымызбен шығарып распевка айтып әр балаға дауыс аппаратының құрылымын түсіндіру арқылы дыбысты қалай дұрыс шығару керектігін практикада көрсетеміз.
Баланың дауысы ашылған соң, сахналық жұмысқа көшеміз. Ғылыми жетекші Нарымбетов Жомарттың пікірінше, «Эстрадалық вокалда сахнада жұмыс істеу өте маңызды. Оған тек вокалдық шеберлік қана емес, сондай-ақ орындаушының сахнадағы мінез-құлқы, оның көрерменмен байланысы да кіреді.» [7]. Сондықтан тәжірибе барысында біз балаларға сахнада дұрыс тұруды, харизма арқылы қалай көрерменнің назарын аударуды, микрофонмен жұмыс істеуді, эмоцияны жеткізу және әнді сезіну жолдарын, сахнаның ережелерін үйретеміз. Осы арқылы бала сахнада дұрыс қимылдауды, дене тілін тиімді пайдалануды, әр әнді әсерлі жеткізуді меңгереді. Сондықтан да вокалдық репертуарды үйрету кезінде әр баланың дауысы мен қабілетін бірден күрделі деңгейге жатқызуға болмайды, керісінше бәрі кезең-кезеңімен, біртіндеп жүргізілуі керек. Ғылыми жетекші Самолдина Н.А. атап өткендей: «При работе с эстрадным вокальным репертуаром нельзя сразу работать над динамикой, драматургией, звуком и т.д. Все должно происходить поэтапно. Такой подход обеспечивает качественный и скорейший результат» [8, 3б]. Сол принципті біз өз тәжірибемізде қолданамыз. Әр бала алдымен жеңіл әуендер арқылы дауысын дамытып, дұрыс дем алу, артикуляциялық жаттығу мен ырғақ сезімін меңгереді. Содан кейін ғана күрделі репертуарға көшіп, динамикамен, музыкалық драматургиямен және әрбір фразаны толық жеткізуді үйренеді. Аталған тәсіл әрбір ұстаз қолданатын негізгі әдіс болып табылады, себебі ол дауысты шамадан тыс жүктемей, оның табиғи дамуына жағдай жасайды. Мұндай жүйелі тәсіл арқылы балалар өз дауысына сенімді болуды үйренеді, ән айту процесін қызықты әрі нәтижелі етеді, шығармашылық қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, болашақта шетелдік деңгейде өнер көрсетуге, халықаралық сахнаға шығуға қажетті кәсіби негіз қалдырады.
Қорытындылай келе, зерттеу нәтижесінде эстрадалық вокалды оқыту бір қарағанда жай ғана ән үйрету сияқты көрінгенімен, шын мәнінде баланың тұлғалық қалыптасуына тікелей әсер ететін күрделі, көпқырлы өнер мектебі. Бұл зерттеу барысында қолданылған ғылыми әдістер де, тәжірибеде жүргізілген жұмыс та вокал сабақтарының бала дамуына ықпалы орасан екенін көрсетті. Бірінші кезекте, тыныс алу техникасын меңгерту – вокалдың ғана емес, жалпы баланың денсаулығына оң әсер ететін маңызды кезең. Балалар көбіне иықпен, үстүрт дем алатындықтан, дыбыс қысылып, дауыс тез шаршайды. Дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру арқылы біз балаларға тек ән айтуға емес, денесін сезінуге, өзін бақылауға, тыныс арқылы эмоциясын реттеуге үйретеміз. Бұл дағдылар баланың өмірлік әдетіне айналып, күйзелісті жеңуге, өзін жинақтауға көмектеседі. Дауыс қыздыру жаттығулары мен артикуляциялық әдістер баланың сөйлеу мәдениетіне де ықпал етеді. Распевка кезінде дыбыстың еркін шығуы, артикуляцияның ашық болуы тек вокалдық шеберлік қана емес, коммуникациялық дағды. Бұл тұрғыда вокал сабағы баланың сөйлеудегі сенімділігін арттырып, өз ойын анық әрі таза жеткізуге ықпал етеді.Сахналық жұмыс эстрадалық вокалдың жүрегі. Балалар сахнада өзін еркін ұстауды, көрерменмен байланыс орнатуды, эмоцияны жеткізуді үйренген сайын өздеріне деген сенімі арта түседі. Мұндай тәжірибе олардың кейінгі өмірінде де қажет болатын коммуникативтік, көшбасшылық қабілеттерді қалыптастырады. Өнер арқылы бала өзінің ішкі әлемін ашады, харизмасын дамытады, шығармашылық тұлғаға айналады.
Бұл процестің барлық кезеңін жүйелі жүргізу ең маңызды педагогикалық талап. Әр балаға бірден күрделі репертуар беру немесе динамика, драматургия сияқты элементтерге бірден назар аудару оның дауысын шаршатып, мотивациясын төмендетуі мүмкін. Сондықтан қарапайымнан басталып, біртіндеп күрделенетін әдіс баланың табиғи дамуын қамтамасыз етеді. Менің ойымша, вокал сабағы тек музыка үйрететін орын емес, бұл бала өзін тыңдауды, сезінуді, дұрыс тыныс алуды, эмоциясын басқаруды, көпшілік алдында сөйлеуді, өзіне сенуді үйренетін өмір мектебі. Ән айту- баланың ішкі әлемін ашудың ең нәзік, ең шынайы жолы.
Эстрадалық вокал арқылы бала тек әдемі ән айтып қана қоймайды, сонымен бірге тұлғалық тұрғыдан өседі:
- шығармашылық ойлауы дамиды,
- сахналық мәдениеті қалыптасады,
- жауапкершілігі артады,
- өзіне деген сенімі күшейеді,
- әлемді өнер арқылы қабылдауды үйренеді.
Сондықтан да эстрадалық вокалды оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мәні өте жоғары. Бұл балаларды болашақта үлкен сахнаға шығуға ғана емес, жалпы өмірде өз орнын табуға, өз мүмкіндігін сезінуге жетелейді. Ең бастысы- дұрыс бағыт берген ұстаздың жүйелі жұмысы баланың бойындағы табиғи қабілетті ашып, оның өнер жолына деген қызығушылығын тереңдетеді. Осындай үйлесімді, ғылыми негізделген тәсілдер ғана болашақ кәсіби вокалистердің, сенімді тұлғалардың қалыптасуына жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- М.Бақытжанова Қазақстанның вокалдық өнерінің генезисі мен даму үрдістері // Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы. Saryn журналы.-2020. — 43-46 б.
- Н.Зарлыкова Қазақ эстрадасы: кеше мен бүгіні [Электронды ресурс] // massaget.kz [web-сайт].-2021.
- Г.Қарамолаева Эстрадалық музыка // Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.-2012.
- К.Наурызбай Қазақ эстрадасының тарихы [Электронды ресур] // e-history.kz [web-сайт]. -2023.
- С. Изюрова «Детская вокальная эстрада в системе дополнительного образования» [Электронный ресурс] // cyberleninka.kz [web-сайт].- 2017.
- А.Яроцкая Обучение детей эстрадному вокалу петь может каждый // Дворец школьников им.М.Утемисова г.- 81-82 б.
- Ж.Нарымбетов Эстрадалық вокал ұжымдарымен және жеке орындаушылармен жұмыс әдістемесі [Электронный ресурс] // ust.kz [web-сайт]. — 2024.
- Н.Самолдина Современные методы развития вокального мастерства учащихся [Электронный ресурс] // e-koncept [web-сайт]. -2025.
- Г.Гарина Полный курс эстрадного мастерства [Электронный ресурс] // content.ru [web-сайт]. -2015.