Сұраулы сөйлем

Карменбаева Шолпан Нурхасимовна

(1 слайд)

Сабақтың мақсаты: 1.Сұраулы сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету,белсенділігін арттыру.2.Өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларындыру, шығармашылық   ойлау қабілеттерін дамыту.3.Достыққа,адалдыққа,әділдікке

жылдам шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Түрі: топтық жұмыс

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,оқыту

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мұғалімдерді қарсы алу

Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,қонақтарымызға «Қош келдіңіздер»

-дей отырып не тілейміз:

(хормен)

Ашық аспан, мықты денсаулық!

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

(2 слайд)

1.Ребус           ,,,,                  ,                ,                  ,,                             ,

– Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлемнің неше түрін білеміз?

(3 слайд)

                                                Сөйлем

         Хабарлы сөйлем        Сұраулы сөйлем          Лепті сөйлем

                       .                             ?                                     !

Хабарлы сөйлемнің ережесін айтып мысал келтіреміз.

  1. Үйге берілген 174-жаттығуды тексеру.

Жоспар бойынша әңгіме құрау.

(4 слайд)

Жоспар:

  1. Жалғыз басты әжей
  2. Кішкентай қамқоршылар
  3. Балалардың әжейге көмегі
  4. Мереке күндері

(оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту)

ІІІ Мақсат қою кезеңі.Сұраулы сөйлем туралы білімімізді  тереңдете түсеміз.

ІҮ Жаңа сабақ

Диалог

-Нешінші сыныпта оқисың ?

-Сабақтарың сағат нешеде басталады?

-Сабақтан кейін не істейсің?

1-ші оқушы не істеді? (сұрақ қойды)

2-ші оқушы неістеді? (жауап берді)

Яғни ,жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

(5 слайд)

Өлең шумақтарын салыстыру. Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?

Көлге келіп қонады ,                                   -Сені өсірген баптап кім?

Көлдің көркі болады.                              Аққу неткен аппақсың?

Аңшы бірақ атпайды,                                   -Таза ауада жүремін,

Аққудың бар обалы.                                 Тұнық сға жүземін

Ү Оқулықпен жұмыс

176-жаттығу .Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

-Көке, мынау не төбешік?-дедім.

-Илеу деген не?

-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?

-Олар тату тұра ма?

Сергіту сәті

ҮІІ Топтық жұмыс

Үш топқа үш жабықхат беру.

Хатшы,баяндамашы сайлау

Тапсырма: Жабықхат ішіндегі жануарға байланысты сұрақтарға жауап жазу.

-Бұл қандай жануар?

-Түр түсінде қандай ерекшелігі бар?

-Оның қандай пайдасы бар?

ҮІІІ Жұптық жұмыс

1-ші оқушы хабарлы сөйлемге мысал келтіреді

2-ші оқушы оны сұраулы сөйлемге айналдырады

ІХ  Білімді бекіту.

Ыстық микрафон

Номерленген карточкалар тарату .

Номерге қарап ретімен тұрады және қолдарына ыстық микрафонды алып сұрақтарға  жылдам жауап береді.Жылдам жауап бере алмаса ,қолдары күйіп кетеді.

ІХ  Қорытынды

Х Үйге тапсырма.  Бағалау

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *