Ж.Әлмашұлы. Орманның оянуы
Каримова Толкын Тлеубековна
Сабақтың мақсаты:Әңгімені түсініп оқу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Әңгімені оқып,ағаштарды ренжітпеу керектігіне көз жеткізу.
Дамытушылық:Әңгіменің мазмұны арқылы өмірде судың да сұрауы бар екеніне көз жеткізу.
Тәрбиелік:Бауырмал,тату болуға тәрбиелеу.
Түрі:Ауызша сабақ-1
Технология:«БжС»
Ауызша-1 сабақ картасы
Барысы:Ұйымдастыру.
І.Үй жұмысына қарама-қарсы сұрақтар.
ІІ.Жаңа сабақ.7 тірек сөзді жатқа жазу
ІІІ.Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
ІҮ. Жаңа тақырып бойынша сыни сұрақтар.
Ү.Тілдік-сөздік қор,мәтін мазмұнын жазу,шығарма түрінде өз пікірін қосу.
Ұйымдастыру.Көшбасшыға сөз беру.63 пайыздан асу үшін 15 баладан кем жауап бермеу керек.
І.Үй жұмысына қарама-қарсы сұрақтар.
1)Ілияс Жансүгіров кім?
2) Ілияс Жансүгіровтің балаларға арналған қандай кітаптары бар?
3) Ілияс Жансүгіров Көкшетау өлеңінде қандай сөздерді қолданған?
4)Таудағы су қандай дейді?
5)Өлеңім неден басталады дейді?
6)Орман қандай ?
7)Тоғай қандай?
8)Көлді неге теңеп тұр?
9)Тастар қандай?
10)Тастар қайтіп жатыр дейді?
11) Көкшетаудай таулар бізде бар ма екен?
12)Көкшетаудың даңқы қандай дейді?
13)Оқжетпес туралы не айтылған?
14)Қандай құз?
15)Қандай сарай?
16)Қандай тағы да тастар дейді?
17)Қия құз,бура тастар көлде қалай орналасқан дейді?
18)Көкшетау жердің несі дейді?
19) Көкшетауды даладағы кімге теңеп тұр?
20) Көкшетауды қандай тау дейді?
21) Көкшетау адамдарды неден арылтады дейді?
22)Жомарт тау,момақан тау дегенді қалай түсінеміз?
23)Өз сөзіңмен Көкшетау сұлулығын сипатта.
ІІ.Жаңа сабақ тақырыбын айту.Автор Жолтай Әлмашұлы суретімен өмірбаянымен таныстыру.
Дәптерді ашу,күнді жазу,тақырыбын жазу.
7 тірек сөзді ілу,оқу,түсіндіру.30 секунд жаттау,30 секунд жазу.
1.Татулық
2.Бауырмал
3.Жайт
4.Қора
5.Орман
6.Алай-түлей
7.Тып-тыныш
7 минут мәтінді оқуға беру.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
1)Атай немересінен нені сұрады?
2)Атай ағаштардың бауырмал келетінін қайдан біледі екен?
3)Атайдың есінен не кетпейді екен?
4)Атай жас күнінде бір күні не істемекші болды?
5)Әкей қораны неден салмақшы болды?
6)Мен неге көнбедім дейді?
7)Әкей оған қандай тоқтау айтады?
8)Әкейдің тоқтау айтқанына автор көне ие екен?
9)Мен қайда бардым?
10)Мен қасыма кімді ертіп алдым?
11)Ормандағы ағаштар қандай екен?
12)Досым қандай ағаштарды алайық дейді?
13)Ал мен қандай ағаштарды алайық дедім?
14)Олар ағаштарды қалай кесті?
15)Неге олар әр ағашты бір кесіп жүрді?
16)Кенет орман қандай күйге түсті?
17)Орманда жел тұрғанда досым не айтты?
18)Автор досының қайтайық дегеніне көне ме?
19)Мен неге қорықтым дейді автор?
20)Екі дос қайда баруға асықты?
21)Екі дос жазыққа шыққанда орман қайтті?
22)Ауылға оралып оқиғаны әкейге айтып бергенде ол кісі не деді?
23)Орман оянып кеткен ғой дегенді қалай түсінеміз?
Құтқару сұрақтары:
1.Содан бері атай орманға барып ағаш кесе ме екен?
2.Сен екі достың орнында болсаң не істер едің?
3.Сенің ағаштарды кесіп ренжіткен кезің болды ма?
Сергіту сәтін жасату
ІҮ. Жаңа тақырып бойынша сыни сұрақтар.
1)Ормандағы ағаштар бір-біріне бауырмал болады.
2)Мен оны өз көзіммен көрдім.
3)Бір қызық жайт атайдың есінде жоқ екен.(Атайдың есінде)
4)Бір жолы олар есік алдына қора салмақшы болады.
5)Атай орманнан жаңа ағаштар кесіп әкел дейді.(атай ескі ағаштармен салайық дейді)
6)Мен орманнан жаңа ағаштар кесіп әкелемін дедім.
7)Мен орманға жалғыз бардым.(досыммен)
8)Досым ағаштарды шетінен алайық та қайтайық деді.
9)Мен оған келістім.(мен оған келіспедім)
10)Ормандағы ағаштар әртүрлі,бірі-жуан,бірі-жіңішке.
11)Біз орманға кіріп алып әр ағашты бір кесіп жүрдік.
12)Кенет орманда жел тұрып,алай-түлей болды.
13)Досым қорықпай қайтпайтынын айтты.(досым қорқып қайтайық деді)
14)Мен досыма көнбей ағаштарды тағы да кесе бердім.
15)Мен одан әрі ағаштарды кесе бергенде орман тынышталды.(бұтақтар бетімнен ұра бастады)
16)Ағаштар да өстуші ме еді деп ойладым мен.
17)Мен сонда да қорыққан жоқпын(мен де қорықтым)
18)Құрал-сайманын жинап досым кетемін деді.
19)Біз сонда да ағаштарды кесе бердік.(біз орманннан шықтық)
20)Ең қызығы біз орманнан шыққанда жел басылды.
21)Айнала түк болмағандай тынышталды.
22)Осы оқиғаны ешкімге айтпадым.(Оқиғаны әкейге айттым)
23)Әкей орман оянған екен деді.
Құтқару сұрақтары:
1)Орман тіршілік иесі емес.(Орман тіршілік иесі)
2)Орманнан шығып кеткендерің дұрыс болды деді атай.
3)Содан бері атай ылғи орманнан ағаш қырқады.(атай ағашты кеспейді.
Ү.Тілдік-сөздік қор,мәтін мазмұнын жазу,шығарма түрінде өз пікірін қосу.
5 минутта 44 сөзден асырып жазу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру:Мәтінді мазмұндау.
Ең көп сөз жазған оқушыны оқыту.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718