Зулпухар Айида Серікқызы
Мүтан Ұлту Қалижанқызы
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті 6B01701 — «Қазак тілі жане әдебиеті»
білім беру бағдарламасы
Ғылыми жетекші: Бабашов Азат
Аннотация
Бұл ғылыми мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақтың көрнекті өкілі Мұқағали Мақатевтың поэзиясындағы махаббат лирикасы талданады. Ақынның махаббат тақырыбы туралы өлеңдеріндегі сезімі, адамның нәзік күйі, шынайы эмоционалдық толғаныстары ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Сондай-ақ шығармаларындағы махаббат жырларының қазақ әдебиетіндегі орны айқындалады.
Мақалады Мұқағалидің өмір жолы, оның поэзиясындағы лирикалық жолдарындағы еңбектері сонымен қатар белгілі мақалалары “Қазақ поэзиясы туралы ойлар” әдеби журналдарда шыққан сын-пікірлері қарастырылады. “Қарлығаш келдің бе?” “Дариға жүрек”, “Поэзия – менің тағдырым” секілді мақалалары қарастырылып, оның поэзиясындағы махаббат лирикасы және көркемдік ерекшеліктері талданады.
Кілт сөздер: махаббат тақырыбы, поэтикалық әлем, эстетикалық құндылық, XX ғасыр ақыны, ұлттық поэзия.
XX ғасырдың көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев қазақ лирикасының жаңа деңгейге көтерген ақынның бірі болып саналады. Оның махаббат лирикасы терең сезімге, жан әлемінің ішкі тебіреністеріне негізделіп, адам жүрегінің сырын шынайы бейнелеген. Ақынның “Дариға жүрек”, “Қарлығашым, келдің бе?” Секілді жыр жинақтары мен поэзияға арналған мақалалары махаббат тақырыбын айрықша нәзіктікпен ашты. Оның махаббат туралы өлеңдері қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, қазақ поэзиясының алтын қорынан берік орын алды.
Мұқағали Мақатаев өмір жолы мен шығармашылығы.
Мақатаев Мұқағали Сұлейменұлы шын аты Мұхаммедқали 1931жылы Алматы облысының Нарынқұл ауданыындағы Шалкөде ауылында туған. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық шағы соғыс жылдарымен қатар келеді. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза болып. Анасы Нағиман Мұғалимен бірге ерген төрт баласын өзі асырап өсірген. Дегенмен ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Руы ұлы жүздің албан тайпасынан шыққан. Орта мектепті интернатта өсіп жетілген ол еңбекке ерте араласып, қызыл отаудың меңгерушісі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды. Содан Нарнқұл ауданындагы газетіне жұмысқа орналасып қаламгерлік жолына түседі. “Соцалистік Қазақстан”(қазіргі ЕгеменҚазақстан) гезетінің, “Жұлдыз” журналдарының редакциясында, Қазақстан жазушылар одағында қызмет атқарады. Ақын Алматыдағы қазақ әдебиетімен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбек ете білген.
Мұқағали Мақатаевтің алғашқы жыр жинағы отыз үш жасында шыққан.Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралағында сегіз жыр жинағы жарық көрген.Бүгінде ақыннның 1000-нан аса өлеңі мен поэмасы қалды.Дәлірек ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай” өлеңдері 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде басылып шықты. “Қойшы бала – Әкітай” өлеңінде ақынның өз өмірі суреттеледі.Мұқағали Мақатев поэма мен поэзиядан бөлек,аударма да жасаған.көзі тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты.Оған ҚР мемлекеттік сыйлығы берілді.сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген.Шығармалары қырғыз,өзбек т.б тілдерге аударылған.1999 жылы Мұқағалидің “Аманат” атты кітабы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.2011 жылы ақынның 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтті.Осы мерекеге орай “Ақын туған күніңмен” деген Асқаров Алимжан өлең арнаған. Ақын шығармалары халықтың ұлттық дәстүрі мен рухын, жеке адамның ішкі сезімін үйлестіретін ерекше поэзиялық стильге ие. Оның өлеңдерінде қазақтың тұрмысы, табиғаты, тарихы мен тағдыры көрініс табады. Сол арқылы ол оқырманға ұлттық рух пен мен ұлттық сезімді сездіреді.
Мақатаев поэзиясы дәстүрлі халық поэзиясына сүйенсе де, жаңашылдыққа да ұмтылады. Ол тілдік және көркемдік тәсілдерді жаңа формада қолдана отырып, заманауи ой-пікір мен ұлттық нақышты үйлестіреді. Ақынның шығармаларында метафоралар, символдық образдар, табиғат бейнелері арқылы тек сыртқы көріністі емес, адамның ішкі дүниесін де бейнелейді.
Сонымен қатар, Мақатаев поэзиясында лирикалық сезім мен философиялық ой бірге жүреді. Өлеңдерінде туған жерге, халқына деген сүйіспеншілікті сағынышты, өмірге деген терең ойды білдіреді.
Мұғқағали Мақатаевтың поэзиясы – ұлттық дәстүр мен жеке сезімнің үйлесімі, халықтық сана мен философиялық ойдың тоғысуы. Ол қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, шығармалары арқылы ұрпаққа ұлттық рух пен эстетикалық көркемдік сезім береді.
Ақын шығармаларында ешқашан желісі үзілмейтін қай тақырып болсын және көлеміне қарамастан – бәрін бір-біріне байланыстыратын бір қасиет бар. Ол – махаббат. Ақын жүрегіндегі осы құдіретті күшті ұлы сезім мейлі бұзылған үй, ескі жұрт бетін жаңбыр юуып кеткен қара жартас бәрін жанды бейнеде қабылдайды. Мұқағали Мақатаевтың махаббат лирикасы қазақ поэзиясында жаңа философиялық қырын ашатын бағыт болып табылады. Зерттеушілір атап өткендей Мақатаев поэзиясында махаббат табиғатпен үндесіп, лирикалық киіпкердің ішкі әлемін жан-жақты ашады. Бұл оның шығармаларын терең жмоционалдық мәнге толы етеді. Сонымен бірге ақынның махаббат лирикасы ұлтттық дәстүрбі сақтай отырып заманауи тәсілді шебер үйлестіреді, бұл оның шығармаларына бірегейлік береді. Поэзия — адам табиғатының, ақын табиғатының жыршысы. өзектен өніп шыққан өлең ақынның өз табиғатын танытқанда, табиғилығымен тәнті етеді. Мақатаев өлеңіндегі осы табиғилық, қарапайым қазақы табиғат болмысының шынайы бейнеленуімен үлкеннің де, кішінің де көңіліне ұялай кетеді. Бүгінде саңлақ сардары санаулы, самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінде көкіректің тұңғиық сырын сыбызғы сазымен сапырған сыршыл әуен — Мұқағали Мақатаев мұрасы.
Ақын-Жүрек миллион жүректі адамгершілік тегімен жақын тартып, бауырына балады.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар — бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар — бусанып терлегенім.
Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,
Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние керемет қалпыңменен
Жүрек балып кеудеме кірші менің.
Байтақ ел, балауса тал, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған.
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам [2, 27] .
Небәрі үш-ақ шумақтан тұратын осы өлеңде алысқа талпынған арман, келешекке деген сенімнен қуат алған үміт, кең дүниенің көрінісін символ-бейнелер арқылы эстетикалық жинақтау, жалпақ ғаламның жанды көрінісі секілді, адам өмірі мен арманының аясы секілді кең дүниенің нақты-образды бейнесі елжірей қараған лирикалық кейіпкер, нәзік сыршылдық, т. т. бар. Дүние-шалқарға лирикалық кейіпкер үн қатып, «мен келемін, алынбаған ақым бар сенде менің» дегенде, жайдан жай емес, болашаққа қол созған, асқар асуларға талпынған арман елестетіп өтсе, өзін сол дүниенің бір бүршігі ретінде сезінуінен перзенттік үкілі үміт үлбірейді, байтақ ел мен жер көз алмаса, сенім артқаны секілді. Ал керемет кең дүниені «кеудеме кірші» дегенде, қаншама ынтықтық, құштарлық бар! Бұйрат құмдардың «шөлдегенін» жай емес, «бұйығып шөлдегенін» көру үшін нәзік сезімталдықта, ақындық қырағы көз де керек. Шудаланған бұлттарды бураға ұқсату үшін де ақындық аңғарымпаздық алға түсуінің мәні айрықша. Бұйрат құм, бура бұлт, күрсінген аспан, жайқалған жас тал, байтақ ел мен балауса тау, бозаң дала барлығы — жиыла-жинақтала келе болмыстың кең дүниенің символдық көріністері, образ арқылы нақтылануы. Замандастарының естеліктерінде ертемен балалардың балабақшаға ұйқысын қимай қиналып жылап бара жатқанын көргенде, Мұқағалидың қатты қиналатыны айтылады. Осы сезімнің оттай шалқып көрінуі, «Майгүлге» арнаған өлеңінен байқалса, кейінгі көптеген өлеңдерінде сәби сезім, сәби жүрек, сәби сенім, т. т. символдық бейнеге ұласады. «Сәби болғым келеді» атты атақты өлеңіне ән де жазылғаны белгілі.Ақын өз сыбағасын алу — өмірдегі өз орнын табу, өз тұғырында тұру үшін өштенбейді, кектенбейді, елжіреп тұрып, қалауының жүзеге асқанын тілейді, шырылдаған сәбидей түйсігі бардың бетін бері қаратпасқа қоймайды. М. Мақатаев үшін сәби — ұлы бейне, тазалықтың, адалдықтың, мөлдірліктің жарық дүниедегі ең теңдессіз, ең аяулы, ең қастерлі символы. Осы символдық сезім ақынның күллі теорчествосының — өлең, өнер жолына түскеннен бастап, өле-өлгенше үзілмес айнымас арқауы болды. Ал сәбиге жаны ашымау, сәбидің тілегіне құлақ аспау ақын өлеңдерінің көркемдік логикасына, сезім мен ой ағысына қарағанда, мүмкін емес. Кіршіксіз жүрек өзін қоршаған керемет кең дүниенің перзенті сезінеді, сондықтан именбей-ақ тілегін айтады. Міне, осы эстетикалық-адамгершілік аңсар М. Мақатаев өлеңдерінің тағы бір сипатын аңғартады. Мақатаевтың аталған өлеңінен де, оған қоса барлық жырлары мен поэмаларынан да ажарланып көрінетін тағы бір ерекшелік — әуезділігі. Бұл әуезділіктің құрылымын түзетін көркемдік қасиеттер ретінде дыбыс үндестігі — аллитерация, ассонанс, ішкі ұйқастар, өлеңнің мазмұнына сәйкес іріктелетін дыбыстар үйлесімі, сөздердің мағыналық үндестігі, өлең тармақтарындағы, шумақтарындағы әуені туыстас дыбыстардың гармониялылығы, солардың нәтижесінде музыкалық бипаздалуы сияқты белгілер мен бедерлері атап айтарлықтай айрықша.
М.Мақатаев адаммен бірге табиғаттан да келісім мен жарасым іздеген ақын. Оның лирикасындағы табиғат жай сурет, көрініс ғана емес, жанды, сезімтал. Сол үшін Алатауға мұң шағады, жас қайыңнан өзіне сырлас табады, жапырақты жүрекке теңейді, мергеннің оғына іліккен аққу мен киікке жаны ашиды. Кейіпкерлерді өз қиялындағы таза табиғат құшағына, ата кәсіп басына жетектеген – жеңіл — жеңсік, әуесқой желік емес, ішкі жан драмасын ашуға құрылған. Шынайы торығыс, жанға жақын, көңілге қонымды суреттерді еске алудан туған шын серпіліс, тебіреніс көкірегіндегі өзгеше бір шапағатты сәулені оятардай әсер береді. Ақын туған жер табиғатын шабыттана, құштарлықпен өлеңге енгізеді. Жас ұрпақты туған өлкесін сүюге үндейді. Адам назарын аударатын және адам тіршілігімен тығыз байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылған заңғар өзендер қай заманда да ақын қиялын тербетіп, назарынан тыс қалмаған. М. Мақатаевтың туған жерге байланысты өлеңдері бір шоғыр. Олар: «Апырай, туған жер — ай», «Дөңгелек жер», «Рахмет, дала», «Қазақ жері», «Жетісу», «Туған жерге», «Туған жер сағындырды», «Саржайлау», «Туған елге» т. б. Себебі, қай ақынды алмаңыз, ең алдымен өзі өскен жерінің табиғатын жырлап өткен. Мұқағали да сол дәстүрді жалғастырушы.
Ақын таудың тура табиғи кейпін жырлаудан гөрі тауды фон етіп алып өзінің дүниесін, көңіл — күй әлемінің тебіренісін осы фонға ұштастырып жібереді. Тауды жырлай отырып, түйдек — түйдек ой айтады, философиялық топшылаулар жасап, адам психологиясына жарасымдылық ұғымының эстетикалық мәнін сіңіріп жібереді. Тау табиғатының тылсым сырының ақын қиялын тербетіп, сезіміне ыстық шоқ тастап, бойына қуат дарытып отыруы да сондықтан.
Өлмесін деп берген ғой тауды маған,
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран, — дейді.
Тауды өзінің, өз көңіл — күйінің баламасы ретінде салыстыра алады. Жаны да, тәні де табиғатпен өзектес сипатты көреміз.
Оның суреттеу мәнерінде сезім басым. Мұқағали сөзінен сыңғырлаған сұлу дыбыс шығады. Ақынның тілі үнді, әуенді, музыкалы тіл. Өлеңін оқығанда көкірегің күйге толып, өз — өзіңнен ән салып отырасың. Бұл сүйіспеншілік, құштарлық сезімі. Ақынның туған жерге деген махаббатты жыр болып төгілген.
Мұқағалидың табиғат лирикасын ақын лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенттері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады. Ал, қыс тақырыбына жазылған «Анау – аспан, мынау — бақ» өлеңінде:
Аспан жердің арасын,
Дәрігер – қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Таңдырып ап маңдайын
Тағы көйлек сұрап жүр
Бақты кезіп тал – қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс – аппақ, — деп алдындағы көріністерді әшейін көзбен көріп қана қоймайды, көкірекпен қабылдап, өзінше бір бейнемен кейіптеп, кестелеп, бедерлеп көреді.
М. Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл күйін «Біздің көктем» өлеңінен де көруге болады. Көктем мезгілі жер — дүниенің жасарып, тіршілік атаулының басталар тұсы және табиғат ананың босанып, айнала әртүрлі гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөлінер сәті болғандықтан ақын көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде жырлайды. Лирикалық кейіпкердің көңіл — күйін, жан — толқынысын, сезімін бейнелеу, суреттеу арқылы маусымның қайталанбас сәттерін бейнелеп береді. Күзді бейнелеудегі ақынның әдісі өзгеше.
Сен менің тынысым ең, тұрмысым ең,
Сен үшін өмір сүріп тырмысып ем.
Жыл құсымен оралған жаным менің,
Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.
Қызылы жоқ қырманды – күзде міне
Қайтқан құстың қараймын тізбегіне, — деп, өз сағынышын, күрең күзгі күндерін мұңдана еске алып, құлазыған көңілін қайтқан құспен сабақтастырады.
Мұқағали Мақатаев шығармашылығының өзгеше бітім — болмысын, көркемдік қуатын, эстетикалық насанасын, шеберлік сырын тануға әкелетін көркем сөз бен сындарлы ойдың бірлігінен туындап жатқан сан тарау тәсілдер осылайша жалғаса береді.Мұқағалидың табиғат лирикаларының тақырыбы әр алуан, бояу нақышы, бейнелеу машықтары, поэтикалық ізденістері де басқа ақындар шығармасына ұқсай бермейді. М. Мақатаев қазақ поэзиясында айрықша өнімді еңбек еткен, жемісті жырлар қалдырған талант. Өлеңнің поэтикалық күш — қуаты, өлең тамырының бүлк — бүлк соғысы оқушысын эстетикалық әсер құшағына баурап, оқиға ішіне енгізіп жіберетіндей. Тосын да тың бейнелеулер ойды ажарлы ете түседі.Мұқағали Мақатаев шығармашылығының өзгеше бітім — болмысын, көркемдік қуатын, эстетикалық нысанасын, шеберлік сырын тануға әкелетін көркем сөз бен сындарлы ойдың бірлігінен туындап жатқан сан тарау тәсілдер осылайша жалғаса береді.Қорытындыда талданған шығармалардың идеялық — эстетикалық және басқа да рухани құнды жақтарына негізделген М. Мақатаев ақындығының лирикалық табиғаты жайлы түйіндеулер сараланады. М. Мақатаевтың өз кезеңі үшін болған тақырыптарды өз деңгейінде қалай игергені ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, жүйеленеді.
Сонымен, түйіндеп айтқанда, Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. М. Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына, өзгеше пайымдау ерекшелігі, өзіндік өрнек салар тілі, шалқыған шабыты сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін аңғартады. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің өзегінен ақиқат өмір шындығын көреміз, көркемдік өрнегі өзгеше өрілген сөз өнерінің үлгісін танимыз. Ол халықтың сипаттағы көркем бейнесін, сол арқылы адам болмысын, оның жан дүниесін, сезімін, яғни, адам өмірінің асыл шындығын ерекше тебіреніспен толғайды. Ақын әрбір кейіпкерін өзінің сезім елегінен өткізіп, сол күйде өзі тұрғандай етіп шебер бейнелейді. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Мақатаев М. “Шығармалар жинағы”. – Алматы: Жазушы, 1989. – 3 том..
- Қалқабаев С. “Мұқағали поэзиясының көркемдік әлемі”. – Алматы: Ғылым, 2004.
- Тұрсынов Е. “Қазақ лирикасының табиғаты”. – Алматы:Санат, 1998.
- Әуезов М. “Әдебиет тарихы”. – Алматы: Ана тілі, 1991.
- Омаров Б. “Қазақ лирикасының поэтикасы”. – Алматы: Арыс, 2009.