УДК 81`25
Мұратбек Аида, Нұрғалиева Ғайнижамал
«Тұран» университеті
«Аударма ісі» оқу бағдарламасы
3 курс студентттері
Ғылыми жетекшісі:
Сениор-лектор Турагулова Айгерим Алгабековна
Түйіндеме
Бұл мақала аударманың тарихи даму жолын және қазіргі кездегі жағдайын талдауға арналған. Аударманың әлеуметтік, мәдени және тілдікөзгерістер арасындағы байланысы қарастырылып, заманауи машиналықжәне де нейрондық аударма жүйелерінің рөлі талқыланады. Сонымен, 21 ғасырдағы аудармашының рөлі мен міндеттері , келешектегі аударматенденциялары туралы айтылатын болады . Яғни, мақаланың бастымақсаты аударма әлемінің өткені мен бүгінгі жағдайын көрсету.
Кілт сөздер: аударма,аударма тарихы, заманауи аударма, аударма рөлі, нейрондық аударма, машиналық аударма.
Аннотация
В данной статье анализируется историческое развитие перевода и его современное состояние. Рассматривается взаимосвязь перевода с социальными, культурными и языковыми изменениями, а также обсуждается роль современных систем машинного и нейронного перевода.Таким образом, будут рассмотрены роль и задачи, переводчика в XXI веке, а также будущие тенденции перевода. Основная цель статьи — показать прошлое и настоящее мира перевода.
Ключевые слова: перевод, история перевода, современный перевод, роль перевода, нейронный перевод, машинный перевод.
Annotation
This article analyzes the historical development of translation and its current state. It examines the relationship between translation and social,cultural, and linguistic changes, and discusses the role of modern machine and neural translation systems. It also examines the role and tasks of translators in the 21st century, as well as future translation trends. The article’s primary goal is to explore the past and present of the world of translation.
Keywords: translation, history of translation, modern translation, the role of translation, neural translation, machine translation.
Кіріспе
Аударма – әлемдік мәдениеттің дамуында үлкен рөл ойнайды. Сонауб.з.д. III мыңжылдықтан бастау алған бұл саланың мақсаты адамдардыңбір-бірімен қарым-қатынас жасап, білім мен мәдениетті таратуды көздеуі. Осылайша қазіргі заманда да аударманың дамуына үлес қосып, оны тек қанатілдік емес, мәдени және философиялық құбылысқа айналдыруда.
«Аударма әлемі: өткен мен бүгін» тақырыбының өзектілігі – қазіргіцифрлық ғасырда аударманың рөлі өткенге қарағанда артып, технологияныңарқасында жаңа әдістермен толық байланысуында. Қазір аудармашы – жайғана тіл маманы емес, түрлі мәдениет арасындағы көпірді қалыптастырып, жалғайтын кәсіби бір маман. Сондықтан аударманың өткен жолын зерттейотырып, біз оның қазіргі сәттегі болмысын толық әрі терең түсінуге жолашады.
Аударма ұғымы туралы
Аударманың жалпы теориясы мәселелерін зерттеуді аударма ұғымынталдаудан бастау орынды болар. Қазіргі уақытта аударманың көптеген түрліанықтамалары белгілі. Өз теориясын әзірлеуге ұмтылатын әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісінің өз анықтамасын да береді.
Шын мәнінде, аударма өте күрделі және көпжақты құбылыс ретіндекөрінеді, оның барлық маңызды жақтарын бір, тіпті өте жан-жақтыайқындауда, егер мүлдем мүмкін болса, сипаттау өте қиын. Ең алдымен, аударма сөзінің өзі көп мағыналы болып табылатынын және тіпті осығылыми пәннің шегінде кем дегенде екі түрлі ұғыммен: аударма қандай да бірзияткерлік қызмет ретінде, яғни процесс ретінде және аударма осы процестіңнәтижесі ретінде, қызмет өнімі, басқаша айтқанда, аудармашы жасағансөйлеу туындысы болып табылатынын ескерген жөн. Кейде екі мағынаныболдырмау үшін қатаң ғылыми сипаттамаларда аударма қызметінің өнімінбелгілеуге арналған ағылшын тілінен алынған «транслат» терминіпайдаланылады. Бұл терминді дәл оның бөтен түріне байланысты сәтті депсанауға болмайды. Оның үстіне, ғылыми сипаттаманың контексті, әдетте, әңгіме қызмет туралы немесе өнім туралы болып отырғанын қателіксізанықтауға мүмкіндік береді. Белгілі ғалымдарға тиесілі аударманың кейбіранықтамаларын келтірейік және оларда бізді қызықтыратын объектініңқандай да бір жақтарының бейнесін көрейік:
А.Б. Федоров: «Аударма ең алдымен оның түпнұсқамен арақатынасындажәне екі тілдің ерекшеліктеріне және материалдың қандай да бір жанрлықсанаттарға жататындығына байланысты сөйлеу туындысы ретіндеқарастырылады» [1].
А.Д. Швейцер: «Аударма: тіларалық және мәдениетаралықкоммуникацияның бір бағытты және екі фазалы процесі ретінде анықталуымүмкін, бұл ретте бастапқы мәтіннің мақсатты бағытталған («аударма») талдауы негізінде басқа тілдік және мәдени ортадағы бастапқы мәтіндіалмастыратын екінші мәтін (метатекст) жасалады… Екі тілдің, екімәдениеттің және екі коммуникативтік жағдайдың арасындағыайырмашылықтармен ішінара түрлендірілетін бастапқы мәтінніңкоммуникативтік әсерін беруге орнатумен сипатталатын процесс» [2].
Б.С. Виноградов аударма сөздік өнердің ерекше түрі – «қайталамашығармашылық» ретінде қарастыру керектігін атап өтті, өйткені олтүпнұсқаны басқа тілдің құралдарымен қайта ойластырып, қайта білдіреді[3].
Аудармашының жұмысы сыртқы жағынан актердің немесе музыканттыңорындаушылық шеберлігін еске түсірсе де, ол бар шығармағасүйенетіндіктен және оның мазмұнымен шектелгендіктен, ұқсастық осыменаяқталады. Оның айтуынша, аударма көркем шығармашылықтың өзіндікжәне бірегей формасын білдіреді.
Аударманың қандай маңызды белгілері жоғарыда келтірілген анықтамалардан шығарылуы мүмкін?
Сонымен, аударма – бұл:
— оның түпнұсқамен арақатынасындағы сөйлеу туындысы;
— басқа тілдің құралдарымен көрсетілгендердің көрінісі, қайта айту;
— тіларалық және мәдениетаралық коммуникация процесі; екі тілді қолдана отырып коммуникация, тіл байланысы, билингвизм құбылысы;
— коммуникация құрауышы екі еселенген сөйлеу қызметінің түрі;
— екі фазалық процесс, өйткені ол екі сәтке, екі бөлікке бөлінеді;
— тіларалық трансформация;
— сөз өнерінің түрі; ғылымға негізделген өнер (Н.К.Гарбовский, 2007). [4, с.11].
Аударма тарихы
Аударма көптеген ғасырлар бойы үздіксіз даму үстінде. Өткенді алып қарасақ, сол заманның белгілі тұлғалары Цицерон мен Гораций аударманы күрделі бір процесс деп қарастырған. Себебі бұл процесс мәтінді тек сөзбе-сөз аудару ғана емес, оның негізгі мағынасын көркем әрі дұрыс жеткізуді талап етеді. Көп зерттеушілердің ойынша, Цицерон мен Горацияның аудару процессіне деген көзқарасы келешек аударма мамандарына зор әсерін тигізді. Мысалы, олардың талқылаған тәсілдерін алсақ болады. Олар «мағынасына сай» және «сөзбе-сөз» сияқты тәсілдерін дұрыс ажыратып, аударманың көркемдік жағымен оның дәлдігін қалай үйлестіру қажет екенін талқылаған. С. Баснеттің (2002) жазуы бойынша, осы екі түрлі көзқарасты аударманың тарихындағы әр кезеңінен байқауға болады [5].
Келесі қарастыратын бұл аударма тарихында маңызды орын алған діни мәтіндер. Ғалымдардың сөзінше, орта ғасыр соңында киелі діни кітаптарды ұлттық тілге аудару үлкен бір дәуірге айналған болатын. Өйткені, аударма христиан дінінің таралуына ықпал етті. Мысал ретінде, Джон Уиклифтің (XIVғ.) және Уильям Тиндалдың (1525) ағылшынша Жаңа өсиет атты аудармаларын алса болады. Ал сол дәуірдің атақты ғалымы,теологы және аудармашысы Иероним Стридонский, Библия кітабын латын тіліне аударып, кейін сол аударма Католик шіркеулерінде көп ғасырлар бойы пайдаланылды. Білімнің таралуы – сол заманғы аударма саласының негізгі міндеті еді.
Ал кейін аударма Реформация (XVI-XVII) кезінде идеологиялық құрал ретінде пайдаланылды. Библия кітабын қарапайым тілге аударуды ұсынған Мартин Лютерді мысалға алуға болады. Бұл ұсыныс аудармаларды кеңінен таралуына және жаңа деңгейге шығуына жол ашты.
Аударма әлемінің ең танымал тақырыптардың бірі – эквиваленттік пен адекваттық. Бұл термидер XX ғасырдың ортасында пайда болса да, одан ерте заманда қолданыла бастады. Әсіресе Ренессанс пен жаңа дәуірінде үлкен қызу талқыға түсті. Себебі заман дамыған сайын аударма саласы да өркендеу кезеңіне бет бұрды. Сол кезеңдерде аудармашылар мәтінді нақты жеткізу үшін осы ұғымдарды пайдаланды. Нәтижесінде, мәтін аударылған сәтте де, түпнұсқалық мағынасын сақтап, оның рухында жоғалтпаған. Ал нақтылай кету үшін В.В.Комиссаровтың (2001) еңбегін қарастырып, түсіндіретін болсам: В.В.Комиссаров эквиваленттік пен адекваттықты жақсы аударманың ең маңызды принциптері деп санаған [6]. Яғни, эквиваленттік ол – түпнұсқа қандай, аудармасы да дәл солай тура мағынасын беруі. Тіпті сөздер айырмашылығы болса да. Ал келесі адекваттық ұғымы Коммиссаровтың ойынша бұл – аудармашы мәтін стильің немесе сөйлемнің құрылымын қалай өзгертсе де, соңында түпнұсқаның негізгі идеясының сақтауы. Бұл жерде негізгі мақсат тек ғана аудару емес, түпнұсқалық мәтіннің аудиторияға жеткізгісі келген әсерін аударылған тілмен де жеткізе білуі. Осы екі ұғымның арқасында аударма одан әрі жаңдана түсті.
Біраз уақыттан кейін, XIX ғасырдың басында, Фридрих Шлейермахер (1813) мәтінді жеткізудің дәлдігі мен оның көркемдік мәнерлілігін тепе-теңдік сақтай отырып аударылуын жүйелеген болатын. Сол кезде ол осыған байланысты аудармаға екі тәсіл ұсынды. Нәтижесінде, бұл тәсілдер аударма теориясына үлкен әсерін тигізді. Бірінші тәсіл «оқырманды авторға қарай жылжыту» деп аталды. Бұл тәсілдің мақсаты аудармашының мәтінді қалай аударса да, оның стильің, құрылымын, ерекшелігін барынша сақтап аударуында [7].
Авторлардың ойынша, осы тәсілмен аудару автордың ойын толық және терең түсінуге көмектеседі. Келесі тәсіл «авторды оқырманға қарай жылжыту». Бұл жерде аудармашы мәтінді аудиторияның тіліне бейімдейді. Толығырақ айтсақ, бұл тәсіл мәтінді қарапайым, түсінікті етіп, сөз тіркестерін өзгертеді. Осылайша, жаңа оқырман аударылған мәтінді жеңіл түсініп, тез қабылдай алады. Осы арқылы Шлейермахер аудармашы түпнұсқаның негізгі ойын сақтап, оны аудара отырып оқырман тіліне бейімдеу процессіндегі үйлесімділікпен тепе-теңдіктің болуы керектігін көрсетеді. Оның осы тұжырымы көптеген аудармашыларға аудару процесін жақсы түсінуге көмектесті.
Өткен кезеңдегі аударма тәсілдері
Аралық тіл арқылы аудару
Ойттиннен Ж. (2000) айтуынша, аралық тіл арқылы аударуды – бұл мәтінді тікелей аудармай, бірінші басқа бір ортақ тілге аударып, ал сосын үшінші тілге аудару процессі [8]. Мысалы, бұрынғы дәуірлерде барлығы бірдей көп тілді меңгере бермеген. Бірақ көбінесе ортақ тіл болған. Мысалы, екі аудармашы ағылшын тілін меңгерген. Алайда, мәтіннің түпнұсқасы араб тілінде жазылған және ол мәтінді грек тіліне аудару керек болса дәл осы тәсіл қолданылған. Яғни бұл жерде екі аудармашының жұмысы бір-бірімен тығыс байланысты және осы тәсіл арқылы өзге тілді білмей-ақ аралық тілге аудару арқылы керек ақпаратты өз тіліне аударып алуға болады. Солай, көне замандарда көптеген ежелгі ғылыми және философиялық еңбектер Еуропа аумағында таралды.
Орындауға арналған бейімдеу: музыка және ырғақ — интонация
Өткен ғасырларда аудармашыларға кейбір мәтіндерді жай аударып қана қоймай, оны ән ретінде айтуға болатындай аударған. Осы мәселені Apter & Herman (2016) мақаласынан қарастыратын болсақ, осы аударма түрі көне заманда гимн, діни әндер және театрлық қойылымдар да қолдану үшін қажет еді [9]. Осы тұста аудармашыларға мәтінді әуенді және ырғақты қылу үшін, басқа сөздерді қолданып,өзгеріс енгізуге тура келетін. Тек сонда ғана, мәтін толықтай әуенді қырына бейімделеді.
Поэтикалық еліктеу немесе өңдеу
Аудармашылар өлеңдерді сөзбе-сөз аударуы өте сирек еді. Ағылшын аудармашысы Джон Драйден (1680) аударманы үшке бөлуді ұсынған. Бірінші, сөзбе-сөз (метафраза), келесі, еркін (парафраз) және соңғысы имитация. Имитацияның мақсаты түпнұсқа мәтіннің негізгі ойын ала отырып, оны өзаудиториясына бейімдеп, аударуы. Яғни, маңыздысы негізгі автордың ойынжеткізу [10].
ХХI ғасыр – ақпарат пен коммуникация ғасыры. Осы өзгеріс аудармасаласына да елеулі әсер етті. Бұрын аудармашының негізгі міндеті –қағаздағы мәтінді бір тілден екінші тілге дәл аудару болса, қазір мәтіндер, хаттар, хат‑хабарлар, тіпті дыбыстық сөйлесулерді де бір батырма арқылы, бірнеше секунд ішінде аударып алуға болады. Бұл – «аударма» ұғымыныңкеңейгенін білдіреді. Сонымен қатар, аударманың жылдамдығынан бөлек, оның сапасы мен мәдени сәйкестігі де аса маңызды болды. Ақпарат ағыныжылдам, бірақ әр мәтіннің – мәдени, жанрлық, стилистикалық ерекшелігібар. Сондықтан бүгінгі аудармашылар тек «сөз‑сөз аудармашы» ғана емес –олар «редактор», «пост‑монтаж маманы», және әсіресе «мәдени делдал(cultural mediator)» рөліне ауысып келеді. Бұл – жай тілдік операция емес; бұл– мәдениаралық коммуникация, мәтін мен мәдениеттің көп деңгейді үйлесуі.
ХХІ ғасырдағы цифрлық және технологиялық үдерістердің қарқынды дамуы аударма саласына түбегейлі өзгерістер әкелді. Бұрын аудармашының қызметі негізінен сөздік баламаларды табу және мәтінді тілдік деңгейде түрлендірумен шектелсе, бүгінгі күні оның рөлі әлдеқайда кеңейіп, мәдениетаралық коммуникацияны қамтамасыз ететін кешенді кәсіби әрекетке айналды. Бұл өзгерістер заманауи аударматануда қалыптасқан түрлі теориялармен түсіндіріледі. Marianne Lederer мен Danica Seleskovitch негіздеген «Interpretive Theory of Translation» аударманы үш кезеңнен тұратын когнитивтік процесс ретінде сипаттап, аудармашыны мағынаны түсініп, оны жаңа тілдік формада қайта құратын белсенді интерпретатор ретінде қарастырады [11]. Аударма бұл теорияда жай сөздерді алмастыру емес, мәтіндегі мағына, эмоция және ниетті толық түсіну, содан кейін оны жаңа мәдени-тілдік контексте қайта құру әрекеті ретінде түсіндіріледі. André Lefevere ұсынған «rewriting» тұжырымдамасы аударманы идеологиялық және поэтикалық тұрғыдан қайта жазу деп қарастырып, аудармашының мәдени жауапкершілігін ерекше атап өтеді [12]. Бұл көзқарас аудармашының рөлін кеңейтіп, оны тілдік делдалдан гөрі белгілі бір мәдени-әлеуметтік ортаның кодтарын тасымалдаушы агент ретінде көрсетеді. Сондай-ақ аудармашының мәдени медиатор ретіндегі қызметін зерттеген Seyed Alireza Shirinzadeh және Tengku Sepora Tengku Mahadi қазіргі жаһандану жағдайында аудармашы екі тілдің ғана емес, екі мәдениеттің де сарапшысы болуы тиіс екенін көрсетеді[13]. Аудармашының міндеті тек тілдік трансформация емес, мәтіндегі мәдени коннотациялар, ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүр элементтері мен прагматикалық реңктерді мақсат аудиторияға толық жеткізу болып табылады. Бұл ойды Berneking те қолдап, аударманы әлеуметтік және мәдени факторлармен тығыз байланысты әрекет ретінде сипаттайды. Аударманың функционалды және мақсаттылық теорияларын дамытқан Катарина Рейс аударма тәсілінің мәтіннің функциясына, түріне және мақсатты аудиториясына тәуелді екенін көрсетеді. Бұл бағыт аударманы таза тілдік операция ретінде емес, коммуникативтік акт және мәдени бейімдеу процесі ретінде қарастырады [14].
Цифрлық дәуірдің келуімен машиналық аударма технологиялары, әсіресе нейрондық машиналық аударма жүйелері айтарлықтай дамып, тұрмыстық және ресми коммуникацияда кеңінен қолданыла бастады. Смартфон қосымшалары аударманы жылдам әрі қолжетімді етіп, күнделікті деңгейдегі тілдік кедергілерді жеңілдетті. Алайда ғылыми зерттеулер автоматты жүйелердің мәдени контекст, идиоматика, стилистикалық реңк, эмоциялық және прагматикалық нюанстарды жеткізуде шектеулі екенін көрсетеді. Сондықтан күрделі, көркем, ресми және мәдени кодталуы жоғары мәтіндер деңгейінде адам аудармашының орны әлі де ерекше. Технологиялық құралдар аудармашының жұмысын жеңілдеткенімен, олар оның кәсіби рөлін алмастырмайды, қайта жаңа міндеттер жүктейді. Қазіргі аудармашы тек тілдік медиатор емес, пост-редактор, мәтінді мәдени бейімдеу маманы, мультимедиалық контентті адаптациялаушы, контекстік интерпретацияны қамтамасыз етуші кешенді маманға айналып отыр. Субтитрлеу, дубляж, визуалды-аудиалды үйлесімділік, мультимедиалық локализация сияқты жаңа бағыттар аудармашының кәсіби функцияларын кеңейте түсті.
Осылайша аударма қызметі тек мәтінді тілдік тұрғыдан өзгерту емес, мәдени, когнитивтік, әлеуметтік және идеологиялық мәндерді тасымалдау әрекеті ретінде бағаланады. Вилен Комиссаров атап көрсеткендей, аударма – тек тілдік кодты ауыстыру емес, мәдениетті жеткізу үдерісі. Бұл ой аударманың көпқырлы табиғатын және адам факторына тәуелділігін дәлелдейді. Заманауи технологиялар аударманың техникасын жеңілдеткенімен, мәдени-семиотикалық деңгейдегі интерпретация тек адам аудармашының кәсіби құзыретіне жатады. Сондықтан қазіргі кезеңде ең тиімді үлгі – адам мен технологияның бірігуі, яғни машиналық аударма жылдамдық пен қолжетімділікті қамтамасыз етсе, адам аудармашы мәдени, стилистикалық және прагматикалық сапаны қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, цифрлық дәуір аударманы жаңа деңгейге көтеріп, аудармашының рөлін тілдік делдалдан мәдени-коммуникативтік агентке айналдырды.
Қорытынды
Қорытындылай келе, ХХІ ғасырдағы цифрлық-диджиталдық үдерістер аударма саласының теориясы мен практикасына түбегейлі өзгерістер алып келді. Н. Гарбовский, В.Комиссаров, В.Виноградов секілді классиктердің еңбектері аударманың тілдік, семантикалық және коммуникативтік негіздерін қалыптастырса, қазіргі заманауи бағыттар – интерпретациялық теория, функционалдық-прагматикалық модельдер, «rewriting» тұжырымдамасы, мәдени медиатор рөлі – аудармашының қызметінің жаңа қырларын ашып берді.
Бүгінгі таңда аударма – жай тілдік сәйкестікке қол жеткізу емес, мәдени мәндер мен авторлық ниетті жаңа тілдік-мәдени кеңістікте қайта өрнектеу процесі. Marianne Lederer мен Danica Seleskovitch сипаттағандай, аудармашы мағынаны түсініп, оны мақсатты аудиторияға бейімдеп ұсына алатын белсенді интерпретатор. Lefevere көрсеткендей, ол – белгілі бір мәдениетке ықпал ете алатын идеологиялық агент. Ал мәдени медиатор ретіндегі қызметі аудармашының екі тілдің ғана емес, екі мәдениеттің де сарапшысы болуын талап етеді.
Цифрлық технологиялардың дамуы аудармашының жұмысын жеңілдетіп, оның қолындағы құралдарды көбейткенімен, адам факторын алмастырған жоқ. Нейрондық машиналық аударма жүйелері жылдамдық пен қолжетімділікті арттырғанмен, мәдени коннотациялар, идиоматика, стиль және прагматикалық реңктерді толық жеткізе алмайды. Сол себепті күрделі ғылыми, көркем, ресми және мәдени жағынан кодталған мәтіндерде адам аудармашының кәсіби құзыреті шешуші рөл атқарады.
Бүгінгі аудармашы тек «сөз тасымалдаушы» емес – ол пост-редактор, мультимедиалық локализация маманы, мәтінді мәдени бейімдеуші, автор мен аудитория арасындағы көп деңгейлі коммуникацияны қамтамасыз ететін маман. Комиссаров атап көрсеткендей, аударма – тілдік кодты алмастыру ғана емес, мәдениетті жеткізу. Бұл тұжырым қазіргі кезеңдегі аудармашылық қызметтің көпқырлы, когнитивтік, әлеуметтік және идеологиялық табиғатын толық сипаттайды.
Сөйтіп, ХХІ ғасыр аудармасын ең тиімді түрде түсіндіретін модель – «адам + технология» синтезі. Технология жылдамдық береді, ал адам – мәдени тереңдік, стильдік дәлдік, прагматикалық үйлесімділік әкеледі. Осындай үйлесім аударманы жаңа сапалық деңгейге шығарып, аудармашының рөлін тілдік делдалдан мәдени-коммуникативтік агентке айналдырып отыр.
Әдебиеттер тізімі:
- Федоров A.B. Основы общей теории перевода. М., 1983.
- Швейцер А.Д. Теория перевода; Статус, проблемы, аспекты. М., 1988.
- Виноградов B.C. Лексические вопросы перевода художественной прозы. М. 1978.
- Гарбовский Н.К. Теория перевода: Учебник. 2007. М.: Изд-во Моск. ун-та, — 544 с.
- Bassnett, S. (2002). Translation Studies. London: Routledge.
- Комиссаров, В. Н. (2001). Современное переводоведение.Москва: Высшая школа.
- Schleiermacher, F. (1813). On the Different Methods of Translating.
- Oittinen, J. (2000). Relay translation and children’s literature.
- Apter, R., & Herman, M. (2016). Translating for Singing: The Theory, Art and Craft of Translating Lyrics. London: Bloomsbury Academic.
- Dryden, J. (1680). Preface to Ovid’s Epistles. London.
- Seleskovitch, D., & Lederer, M. (1984). Interpretive Approach to Translation.
- Lefevere, A. RoutledgeTranslation, Rewriting, and the Manipulation of Literary Fame). Routledge.
- Seyed Alireza Shirinzadeh & Tengku Sepora Tengku Mahadi. (2015). Translators as Cultural Mediators in Transmitting Cultural Differences .
- Katharina Reiss, Möglichkeiten und Grenzen der Übersetzungskritik (1971).