Ойнай отырып оқимыз

Абдраманова  Айнур  Турсынбаевна
«№147 бөбекжай — балабақшасы» КМҚК
Алматы қаласы. Түрксіб ауданы
Тәрбиеші


Мақсаты:   Сөздерді  буынға  бөлу,  буындарды  ретімен  айту  және  сызбамен  белгілей  алу  дағдыларын  бекіту.

Міндеті: Балалалардың  заттар  мен  жағдайды нақты  сипаттауда  карапайым  тұжырымдар  мен  өз  ойларын   басқаларға   түснікті жеткізуге баулу

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле  таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырйды даламыз.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Сәлеметсіздерме достарым!

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз Ойнай  отырып  оқимыз

Балалар терезен қарандаршы ауа райы қандай?

Балалар: Салқын

Тәрбиеші: Жылдың  қай мезгілі?

Балалар: Күз

Тәрбиеші:  Күздің соңғы айы,  қараша айы.
Бір  аптада  қанша  күн  бар  екен?

Балалар:  Жеті  күн.

Тәрбиеші: Бүгін  қай  күн?

Балалар: Бейсенбі.
Жүргізуші: Бүгінгі біздің күніміз ерекше болмақ. Бүгінгі  ойынындағы мақсатымыз  қазынаны іздеп тауып алу.
Балалар сендерге қазынаны іздеген ұнай ма?
Балалар ойын барысында түрлі деңгейдегі әр түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз.
Ойынынымыз 4кезеңнен тұрады.
Балалар: апай егер қазынаны тауып  алсақ бізге сыйлықтар беріле ме?
Тәрбиеші: Әрине  балалар.
Балалар: Алақай!Алақай!

Сыйқырлы кілемге отырып көзімізді  жұмып  1-10тура санаймыз.

1-кезең Ертегілер  әлемі.
Тәрбиеші: Балалар мына жерде ертегілер  әлемі бар екен жүріңдер қазынаны осы жерде болуы мүмкін іздеп көрейік.
(Балалар түрлі кедергілер арқылы ертегілер  әлеміне   жетеді. Кенеттен мысық пайда болады)
Мысық: Сәлем достар!  Сендер менің ертегілер  әлемінде не істеп жүрсіңдер?
 Балалар: Біз қазынаны іздеп жүрміз
Мысық: Сендер маған Мақтақыздан  ойыншығымды  алып  берсендер, мен  сендерге қазынаны іздеп табуға  көмектесемін.

Тәрбиеші:  Мақтақыз  ойыншығыңды  неге  бермей  қойды?

Басынан бастап  айтып  бересіңбе?
Тапсырма: «Мақтақыз  бен  мысық»  ертегісі

Жарайсыңдар достар рахмет!  Біз сендер мен қазына іздеуге барайық бір көмегім тиіп қалар.Мақтақыз бен мысық  қазынаны іздеуге достарымен бірге жолға  шығады.

2 ші кезең:  Білімділер елі
Білгішбек: Сәлеметсіңдер ме? Сендер кімсіңдер? Менің білімділер елінде  не істеп жүрсіңдер?
Балалар: Біз қазына іздеп жүрміз.
Білгішбек: Білгішбек Жарайсыңдар! Сендер менің тапсырмады дұрыс орындадыңдар. Мен сендерге іздеген  қазыналарыңды беремін.
Балалар: жарайды орындаймыз.
Тапсырма : «Дыбыстар  әлемі»
Шарты: Кеспе әріптерді  ата.   Дауысты   дыбысты  қызыл үйге,  дауыссыз дыбысты көк   үйге  өз орынына орналастыр.
(Білгішбек қолындағы бірнеше тапсырмасын тәрбиешіге  ұсынады)
Тәрбиеші:Балалар білгішбек біздің білімімізді тексергісі  келіп бірнеше  тапсырмалар берді.Кімнің  жүйрік  екеннін  көргісі  келеді.

Тапсырма: Нерожаттығуы

Тапсырма: Зейінді дамытуға арналған жаттығулар

(Зейін адамның ойын, қиялын, есте сақтау қабілетін  дамытады.)

Тапсырма: Сөздерді  жазып, дыбыстық талдау  жаса.

Білгішбек Жарайсыңдар! Сендер менің тапсырмады дұрыс орындадыңдар. Мен сендерге іздеген  қазыналарыңды беремін.

  • Мысық пен  мақтақыз  қуанып  кетіп  достарын  үйлеріне  қонаққа  шақырады
    3-ші кезең: Мақтақыз бен  мысықтың  ауылына  келеді.

Мысық:  келіңдер  төрлетіңдер  достар.

Тәрбиеші: Мысыққа  рахмет деп  көңілін  көтеріп тақпақ  айтып  берейік.

Балалар:

Тақпақ:   Ане отыр мысық,

Өзі  сондай  қызық.

Қарайды  ол  маған,

Бір  көзін  қысып.

Пеш үстінде мысық  отыр,

Аздап  көзін  қысып  отыр.

Тышқан  етін  жегісі  кеп,

Тісі  оның  қышып  отыр.

Жарайсыңдар.

Тәрбиеші:Гулдердің  үстінде ұшып  жүрген  көбелекті. Үрлеп ұшырып  корейікші.

Тыныс алу  жаттығу: «Гүлге қонған  көбелек»

4-ші кезең:

Тәрбиеші: Мақтақыздың  жинаған асықтары бар  екен. Бізбен бірге  ойнағысы  келіпті.

Тапсырма: Асықтармен   әріп  құрастыру.
Балалар бізге қонаққа келген апайларымызбен де ойын ойнайық.
Ойын: Мақалды тап.
Шарты: Менің қолымдағы суретке қарап мақалды тауып көр.

Тәрбиеші: Балалар бізге келген қонақтарымызда алғыр,тапқыр екен.рахмет сіздерге!
Балалар біз қонақ жай халықпыз. Келген қонақтарымызға да құр қол қайтарған ел емеспіз. Олай болса келген қонақтарымызғада қазынамыздан бөлісейік.
(Қазына ішіндегі сыйлықтар таратылады.)
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін барлық кезеңдердегі тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.
Жарайсыңдар!
Кездескенше күн жақсы!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх