Асан Мөлдір Исабекқызы
Аралбаева Гүлдана
Алматы технологиялық университеті
фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы 1 курс студенті
Алматы қаласы
Жумабаева Куралай Жумабаевна
заңғылымдарының кандидаты
әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистент-профессоры
Алматы технологиялық университеті
Алматы қаласы
Аңдатпа
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 92-1-баптың мазмұны, мәні және оның құқықтық жүйедегі рөлі қарастырылады. Аталған бап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы заңнаманы бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауаптылықтың тәртібін түсіндіреді. Жұмыста бұл норманың қандай жағдайларда қолданылатыны, жауаптылықтың түрлері, құқық қолдану ерекшеліктері, уәкілетті органдардың рөлі және бақылау тетіктері жан-жақты талданады. Сонымен қатар МӘМС жүйесінің жұмысындағы құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер, азаматтар мен жұмыс берушілердің міндеттері, сондай-ақ бапты қолдану барысында туындайтын проблемалар мен оларды шешу жолдары көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде 92-1-баптың денсаулық сақтау саласындағы тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттілікті сақтау және медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында маңызды құқықтық құрал екені анықталады.
Аннотация
В данной работе рассматриваются содержание и сущность статьи 92-1 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, а также её роль в правовой системе. Указанная статья регулирует порядок привлечения к административной ответственности за нарушение законодательства об обязательном социальном медицинском страховании (ОСМС). В работе подробно анализируются случаи применения данной нормы, виды ответственности, особенности правоприменения, роль уполномоченных органов и механизмы контроля. Кроме того, отражаются правовые и организационные проблемы функционирования системы ОСМС, обязанности граждан и работодателей, а также возникающие при применении статьи трудности и пути их решения. По результатам исследования устанавливается, что статья 92-1 является важным правовым инструментом для обеспечения законности в сфере здравоохранения, социальной справедливости и устойчивого функционирования системы обязательного медицинского страхования.
Annotation
This paper examines the content and essence of Article 92-1 of the Code of Administrative Offenses of the Republic of Kazakhstan, as well as its role within the legal system. This article regulates the procedure for imposing administrative liability for violations of the legislation on compulsory social health insurance (CSHI). The study provides a detailed analysis of the circumstances under which this norm is applied, the types of liability, enforcement mechanisms, the role of authorized bodies, and control procedures. In addition, the paper highlights the legal and organizational issues of the CSHI system, the obligations of citizens and employers, as well as the difficulties encountered in the application of the article and possible solutions. The study concludes that Article 92-1 serves as an important legal instrument for ensuring legality in the healthcare sector, maintaining social fairness, and supporting the stable functioning of the compulsory health insurance system.
Кіріспе
Азаматтардың денсаулығын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорғаудың басты тетігі. Бұл жүйе әр адамның сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді. Мемлекет осы жүйе арқылы емдеу, тексеру және алдын алу кызметтерін қаржыландырады. Бірақ заң талаптарын бүзу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай бұзушылықтар сактандыру жүйесінің тұрақтылығына кері әсер етеді. Сондыктан зацмен бекітілген міндеттерді орындау әрбір толеушінің жауапкершілігі.92-1-бапта осы талаптарды орындамаған жағдайда қолданылатын әкімшілік жауапкершілік нақты жазылған. Бұл бап жұмыс берушілерге, кәсіпкерлерге және банктерге қатысты міндеттерді реттейді. Оның мақсаты сақтандыру қорына қаражаттың уақытылы түсуін камтамасыз ету
Негізгі бөлім
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу заңмен белгіленген міндет. Әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін жарна аударады. Ал жеке кәсіпкерлер мен нотариустар өз табыстарынан жарна төлеуі тиіс. Егер бұл міндет орындалмаса, 92-1-бап бойынша жауапкершілік туындайды. Медициналық сақтандырудың тиімді жұмыс істеуі елдің әлеуметтік тұрақтылығының көрсеткіші.Әрбір азамат денсаулығына алаңдамай, кез келген уақытта көмек ала алуы керек. Бұл үшін заңталаптары орындалуы шарт.
Бірінші тармак бойынша, жарналарды уактылы төлемеу немесе толық аудармау ескерту жасауға негіз болады. Бұл жеңіл жаза, бірақ ол бұзушылықтың тіркелгенін білдіреді. Ескерту алған тұлға келесі жолы заңды бұзса, жаза күшейеді. Екінші тармақ қайталанған заң бұзушылықтарға арналған. Егер төлеуші бір жыл ішінде тағы да жарна гелемесе, оған айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері үйымның көлеміне байланысты есептеледі. Мысалы, шағын кәсіпорындар үшін төленбеген соманың 20 пайызы, орта кәсіпорындарға 30 пайызы, ал ірі кәсіпорындарға — 50 пайызы. Бұл талап кәсіпорындарды тәртіпке шақырады және қор қаржысының тұрақтылығын сақтайды. Үшінші тармақ банктер мен каржы ұйымдарына қатысты. Егер банк кіріс органдарының өкімін орындамаса немесе төлеушінің есепшотынан қажетті соманы ұстап қалмаса, айыппұл салынады. Бұл айыппұл банктік операциялар көлемінің 5 пайызына тең. Осылайша, мемлекет каржы жүйесінін жауапкершілігін де камтамасыз етеді. Баптың сонында ерекше ескерту берілген. Егер төленбеген жарна сомасы бір айлық есептік көрсеткіштен аспаса, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұл ереже ұсак техникалық қателіктерді ауыр бұзушылыкка жатқызбау үшін енгізілген.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тек қана азаматтардың денсаулығын қорғап қоймай, мемлекет экономикасына да әсер етеді. Себебі, қор арқылы медициналық мекемелер тұрақты қаржыландырылад Дәрігерлер еңбекақы алады, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынады. Егер бір бөлігі заңды бұзып, жарна төлемесе бүкіл жүйе зардап шегеді. Сондықтан заңды сақтау қоғамдық борыш. Көп жағдайда жарналарды телемеу салғырттықтан немесе заңды білмеуден болады. Кей кәсіпкерлер бұл жүйенің мәнін толық түсінбейді. Ал кейбіреулер әдейі уақытылы төлемейді. Мұндай жағдайларда мемлекеттік кіріс органдары бақылау жүргізеді. Олар тексері нәтижесінде заң бұзушылық анықтаса, айыппұл салады. Бұл әдіс жауапкершілікті арттыруға бағытталған. 92-1-баптың тағы бір маңызды қыры оның алдын алу әсері. Яғни, бұл бап азаматтарды сақтандыру төлемдерін кешіктірмеуге және заңды бұзбауға ынталандырады. Қорға уақытылы түсетін қаражат халықтың емделуіне жұмсалады. Сондықтан әрбір төлеуші өз міндетін орындау арқылы тек өз пайдасын емес, қоғамның саулығын қамтамасыз етеді.
Қортынды
92-1-бап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін нығайту құралы. Ол жұмыс берушілер мен кәсiп керлерді жауапкершілігін арттырады. Сондай-ак банктердің де өз міндетін нақты орындауын талап етеді. Әрбір жарна мен төлем халық денсаулығына косылған үлес. Сондықтан жарнаны уақтылы және толық төлеу тек заң талабы емес, азаматтық парыз. Мемлекет те өз тарапынан бакылауды күшейтіп, әділ айыппұл жүйесін енгізген.
Бұл баптын негізгі мақсаты — қордың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Ал кордың тұрақтылығы ел азаматтарының өмір сапасының кепілі. Міндетті әлеуметтік медициналык сақтандыру заңнамасын бұзбау әрбіртөлеушінін және әрбір ұйымның жауапкершілігі. Тәртіп сақталған жерде тұрақтылық орнайды. Ал тұрактылық дамудың басты шарты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. (ҚР АКБК, 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V). – 92-1-бап. https://adilet.zan.kz
- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. (2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ). https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты. жүйесі туралы ақпарат. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm
- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ресми сайты. Сақтандыру жарналары мен төлем тәртібі жөніндегі мәліметтер. https://fms.kz
- Baribar.kz ақпараттық порталы. “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істеу https://baribar.kz