Эссе «Бала болашағы – менің қолымда»

Токишева Рымкеш Смагуловна

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Ұстаз  болу- жай ғана  мамандық емес. Саналы ғұмырымызда өміріміздің ертеңі, көңіліміздің желкені  жас ұрпаққа  мейлінше молынан тәрбие беру деп ойлаймын.  Өйткені  мен бастауыш сынып мұғалімі, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта жас ұрпақтың санасына ізгілік нұрын құя отырып, білім нәрімен сусындату менің өмірлік ұстанымым.

Еліміздің ертеңгі, ұлтымыздың болашағы жас ұрпаққа саналы тәрбиемен сапалы білім беру жолында табандылық,ерік, жігер сияқты құндылықтарды бойыма сіңіре отырып еңбек етіп келемін.

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы

Ұстаз болу адамның асылдығы- дегендей ойын балаларын ойнай отырып ойлантуға, бір- бір үйдің еркесіне ғылым білім әлемінің есігін айқара ашып , қалам ұстатып ,тіл тұсауын кестім.

Бұл жолдың қаншалықты ауыр екенін сезінсемде, мен осы жолды таңдадым.   Өйткені бала ешкімді алдамайды. Бала нағыз әулие дерсіз. Әулие емей ше?! Не айтсаң соны орындайды, не істесе сол әңгемесін еш өзгермессіз  түрде екінші адамға жеткізеді. Тек бала алдында ұстаздық қалып ауытқысыз, алдарқатусыз қалыпта болып,  оқушылардың бүкіл ішкі дүниесіне адалдық алауын жағып отыру керек.

Бала тәрбиесінде кейде өзің бала болып кеткеніңді байқамай қаласың. Оқушыларыммен қайта табысқанда олардың ортасында тұрып, сол балалармен ғана бақыт таба алатыныңа көз жеткізудің өзі де өнегеліліктің нағыз белгісі деп айтуға тұрады.

Алып ұшқан арман жетегі осы бір игілікті  жұмыс  жетегінен ұстатқан екен. Ендеше еш өкінбестен осы бағытымды биіктету жолындағы  қажырлы істерді ізгілендіріп, ілгерлей беру мақсатымның мағыналы тұстарынан  жол аша түседі деп ойлаймын…

Менің оқушыларым егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның  толыққанды азаматы болып шықса, одан  артық менде  қандай  арман  болсын. Сол жұмыс  арқасында  ақ-қараны  танып,  елмен  араласып,  нағыз педагог   болудың қыр-сырын  таныдым.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *