Мен ғажайыппын
Сейтпенбетова Бахыт Адильбековна
Мақсаты:Педагогтардыңэмоционалдыжәнекөңіл-күйлерінкөтеруге, кәсібижанудыңалдыналу, топтасыпжұмысістеужүйесінәріқарайдамыту.
Қатысушылар: мұғалімдер
Жұмыстүрі: топтықжұмыс
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. Бүгінгі сабағымызда мен сіздері демалдырып, бір сәт өзіміздің жан дүниелерімізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен жинап отырмын.
Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздерменкездескенімеөтеқуаныштымын!Қане, бәрімізбір-біріміздіңқолымызданұстапшеңберқұрайық. Осы дөңгелекшеңберді неге шаттық, жылулықшеңберідепатаймыз? Қалайойлайсыздар? Шеңбергетұрудыңүлкенбірқасиеті бар. Шеңберіміз — көктегіжылуберетінкүнсияқтыдөңгелек. Шеңбергетұрып, бір-біріміздіжақсыкөреаламыз, жақсылық пен жылулығымыздысыйлайбілугеүйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Сабағымызды бастамас бұрын, танысып алайық. Әр қатысушы өз атына өзінің жақсы мінезін айта кетсін. Мұғалімдер өз атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлумын, мінезім – ашық, Ақжарқынмын.
Әр адамның мінезі жан дүниесінің айнасы,
Ал әркім өз мінезінің қожасы.
Ендеше сіз өз мінезіңіз жайында білгіңіз келе ме?
Мінезіңіз бір қырын былайда байқауға болады екеуін ғана таңдайсыз
- Банан Алма
- Алмұрт Жүзім
- Малина Ананас
- Гранат Помидор
- Кулбника Апельсин
- Киви Шие
- Қауын Мандарин
- Персик Абрикос
- Қарақат Қарбыз
Енді мұқият қандай мінезде екеніңізді қараңыз:
1.Банан – ауыр мінезді 10.Алма – ашық мінезді
2.Алмұрт – қатты адам 11.Жүзім – аңқау
3.Малина – сабырлы 12.Ананас – күшті
4.Гранат – төзімді 13.Помидор – ұялшақ
5.Кулбника – қыдырымпаз 14.Апельсин – шатақ
6.Киви – жүргіз 15.Шие – қайратты
7.Қауын – ақымақ 16.Мандарин – сабырсыз
8.Персик – көп сөйлейтін 17.Абрикос – мисыз
9.Қарақат – өкпешіл 18.Қарбыз – долы
«Адамның өзі туралы анықтама» 4 – этаптан тұрады.
- Ұнаған ыдыстың суретін салады. Ыдыс – көпшіл адам, вазы- жұртқа керекпін деген мағына білдіреді.
- Қару жарақ суретін салу .Мысалы: қылыш – ашық сайысқан шығатын адам, мылтық – жайлап жүретін адам, жарылғыш зат – қауіпты
- Әшекей – моншақ – махаббаты жоғары, нәзік мойншақ – махаббаты адал емес,
- Өсімдік түрі – ағаш, гүл, терек жапырақ болуы мүмкін.
Ағаш- адамның тектілігі, гүл – әсемдік өз уақытында пайдалану.
Кім барлық тілде сөйлейді /Жаңғырық/
Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады /Мысық/
Дүниедегі ең шапшаң нәрсе /Ой-қиял/
Қай кезде аспан жерден төмен тұрады. /Аспан суреті судан төмен көрінген кезде/
Қандай бөшкеге су құюға болмайды? /іші толы бөшкеге/
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.
Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 – қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
«Кім жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір – біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.
«Сіз» қандай жұмысшысыз?
Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз-осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. Бұл тестте жылқы –бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды, жұмысшы жылқылар деп атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
-Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
-Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
-Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз.
-Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.
- кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз!
2- кеңес Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз:
-12 порция ақылдылық
-11 порция шыдамдылық
-10 порция батылдық
-9 порция жұмысқа қабілеттік
-8 порция оптимизм
-7 порция өз ісіне берілушілік
-6 порция ойлануды
-5 порция мейірімділік
-4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
-3 порция юмор
-2 порция такт
-1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз!
Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!
-Қазір шеңбер бойынша жанған май шам жіберіледі. Әр адам алақанына май шамды алып, екі-үш сөйлеммен бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен және тілектеріңізді айтып, келесі қатысушыға шамды жалғап отырасыздар!