Алаш орда үкіметінің құрылуы
- Bilimger ·
Нұрланова Бану Шугаевна
-
Сабақтың тақырыбы: Алашорда үкіметінің құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы орын алған саяси оқиғалар, Алашорда үкіметінің құрылуы, қазақ зиялылары, олардың атқарған қызметі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Отанына деген патриотизмге, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнектілігі: интерактивті тақта, БҰҚ, портреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақты қорытындылау:
І. Сен білесің бе? (жаңа термин сөздердің мағынасын ашу)
1. Революция (төңкеріс) – белгілі бір топ адамдардың мемлекеттік билікті басып алуы немесе ескі биліктің орнына жаңа биліктің келуін атаймыз.
2. Социализм – латын тілінен аударғанда «ортақ, тең» деген мағынаны береді.
3. Партия – ( лат. бөлік, топ) идеялары мен көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.
4. Алаш – қазақ деген ұғымды білдіреді.
5. Автономия – бір мемлекет ішінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық
құрылым.
6.Зиялылар – латын. түсінетін, саналы, ойлаушы, яғни ой еңбегімен, мәдениеттідамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдықтобы.
ІІ . Сәйкесін тап.
№ Партияның аты Мерзімі Партия басшысы Газеттері Шыққан қаласы
1. «Алаш» 1905,1917 Ә.Бөкеханов «Қазақ» Орынбор
2. «Кадет» 1917 Либерал-демократтар «Еркін сөз» Семей
3. «Үш жүз» 1917-1918 Көлбай Тоғысов «Үш жүз» Омбы
4. «Шура-ислами» 1917-1918 М.Абдурашидханов «Шура-ислами» ТашкентІІІ. Венн диаграммасы.«Алаш» партиясы мен «Үш жүз» партияларының ұқсастығы мен айырмашылықтары.
«Алаш» партиясы Ұқсастығы «Үш жүз» партиясы
1.Уақытша үкіметті қолдады 1. 1917 жылы құрылды. 1. Кеңес үкіметі жағында болды
2. Нақты бағдарламасы бар, халыққа танымал өкілдері болды, өмір сүру кезеңі ұзағырақ болды. 2. Өздерінің көздеген мақсаттары, бағдарламалары болды. 2. «Алаш» партиясының дәрежесіне жете алған жоқ, себебі қазақ халқына танымал, әрі кеңінен насихаттауға мүмкіндігі болмай, өмір сүру кезеңі қысқа болды.
3. Мүшелері –либерал-демократар( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.с.с. дарынды зиялылар болды) 3. Жетекшілері көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары. 3. Партия біртұтас болмады, сондықтан мақсатына жете алмады.(сол қанатын К.Тоғысов басқарса, оң қанатын М.Әйтпенов басқарды)
4. «Автономия» туралы пікірлері – «көпұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішіміздегі орыстар оны қолдайды» деп үміттенді. 4.Екі партия қайраткерлерінің де армандары бір, ол тәуелсіздік 4. «Автономия» туралы пікірлері – «көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата қоймайды» деп есептеді.
5.Дін ісін мемлекет ісінен айыруды көздеді. 5.Бағыттары мақсаттарына бейбітшілік, демократиялық жолмен қол жеткізу. 5.Дінге үлкен құрметпен қарап, қазақтың болашақ заңына шариғат қағидаларын енгізуді ұсынды.
6. «Қазақ» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды. 6.Өз бағдарламаларын халыққа өз газеттері арқылы жеткізіп отырған. 6. «Үш жүз» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды. -
Мұғалімнің сөзі: ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының қылышынан қан тамып тұрған заманда атқарған еңбектері орасан зор. Қазақ автономиясына қол жеткізген зиялылардың қазақ жерін ҚАКСР-інің қарамағына біріктірудегі еңбектері ұшан-теңіз. Осылайша Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы болған Орынбордың (1920-1924ж.ж.) оның қалыптасу мен дамуында белгілі рөл атқарды.
Қазақстанның астанасы болған қандай қалаларға тоқталсақ:
1. Орынбор 1920-1924ж.ж.
2. Қызылорда 1924-1929ж.ж.
3. Алма-Ата 1929-1997ж.ж.
4. Астана (Ақмола) 1997-2011ж.ж.
Ал енді, «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасыБөкейханов Әлихан Нұрмұхаммедұлы туралы дерекке назар аударайық:
1. Туған жері Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.
2. Ата-тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған. Арғы атасы – атақты Көкжал Барақ.Көкжал Барақтан Бөкей, Бөкейден –Батыр, Батырдан –Мырзатай, Мырзатайдан- Нұрмұхаммед.
3. Мамандығы Экономист
4. Білімі 1894 жылы Санкт-Петербург орман институтының экономика факультетін бітірді.
5. Атқарған қызметі «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы, 250-ден астам мақала, аудармалары жарық көрген, алгебра оқулығының авторы.
6. Өмірінің соңғы күндері 1922 жылдан бастап Мәскеуде бақылау астында тұруға тиіс болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы сотының үкімімен ату жазасына кесілген.1920-1940 ж.ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды. 1997 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Еліміздің тәуелсіздігін алу үшін, өз үлесін қосқан барлық ХХ ғ. басындағы өмір сүрген қазақ зиялыларының еңбегі зая кетпеді деп толықтай айта аламыз.Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар.
1. Алаш бағдарламасы жарияланған газет.(Қазақ)
2. Заңгер, қазақтан шыққан тұңғыш магистрі? (М.Шоқай)
3. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші қазақ сьезі қай қалада өтті? (Орынбор)
4. Алашорда үкіметінің көтерген ұраны қалай аталды? (Оян қазақ)Үйге тапсырма:Шағын әңгіме жазу:«Тәуелсіздік толғауы»
3)ОБЛЫС Маңғыстау облысы
АУДАН/ҚАЛА Ақтау қаласы
МЕКТЕП Ақтау қаласындағы медицина колледжі
Пәні Қазақстан тарихы
ФИОНұрланова Бану Шугаевна
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718