Әлібекқызы Асылай
Табиғат – балалардың сезімін оятып, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтетін тамаша орта. Балабақшада табиғатқа саяхат жасау – тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор іс-шаралардың бірі.
«Біз күзеуге барамыз» атты ашық сабағымыздың мақсаты – балаларды күз мезгілімен таныстыру, табиғаттағы өзгерістерді байқауға үйрету және туған жерге сүйіспеншілігін арттыру болды. Саяхат кезінде балалар алтын түске боялған ағаш жапырақтарын тамашалап, олардың түстерін, пішіндерін салыстырып, табиғаттағы әдемілікті сезінді.
Сабақ барысында балалар күз туралы өлеңдер айтып, жұмбақтар шешіп, табиғи материалдардан шағын қолөнер бұйымдарын жасады. Бұл іс-шара балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұжыммен жұмыс істеуге үйретті.
Осындай табиғатқа саяхаттар арқылы балалар экологиялық мәдениетті меңгереді, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиеленеді. Тәрбиеші үшін ең маңыздысы – әр балаға табиғаттың сұлулығын сезіндіру, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Қорытындылай келе, «Біз күзеуге барамыз» тақырыбындағы саяхат сабағы балалардың ой-өрісін кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды. Осындай іс-шаралар арқылы біз балаларға туған жердің әсемдігін танытып, рухани-адамгершілік тәрбие береміз.