Таза ауада ұлттық ойындар

Бухарбаева Динора Сарсенбековна


Міндетті: ұлттық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұйымшылдыққа баулу.
Армысыздар, балалар!
Бүгінгі «Таза ауада ұлттық ойындар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайыста сіздер қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық ойыдарына қатысып, мерекелік көңіл-күймен тынығып, табиғат аясында ойнайсыздар!
Музыка ойнайды – қара жорға
1-ойын: «Көтермек»
Шарты: балалар шеңберге тұрады. Өз еркімен сайысам дегендер екі балаортаға шығады, бір-біріне қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.
2-ойын: «Тақия тастамақ»
Шарты: Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің басына тақияны кигізіп кетеді. Тақияны алған бала жүргізушіні қуып жету керек. Ал, жүргізуші құған баланың орнына келіп отыру керек.
3-ойын: «Көңілді қаппен жарыс»
Шарты: Әр командадан бір –бірден ойыншы қаппен межеге дейін секіріп барып қайтады. Бірінші келген бала жеңімпаз.
4-ойын: «Қой көтеру»
Шарты: Екі бала қой көтеруден жарысады. Қойды неғұрлым көп көтерген бала жеңеді.
5-ойын: «Хан талапай»
Шарты: Жүргізуші қолындағы асықты Хан талапай -деп ортаға қарай шашып жібереді№ отырғандар тез- тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
Құрметті достар!
Бүгінгі сайысымызда тек мықтылар ғана емес, ұйымшылдық пен батылдық, жылдамдық пен тапқырлық көрініс тапты.
Жеңген балаларға – қөшемет!
Жеңілсе де ренжімей, ойынды қызыққа бөлегендерге де – алғыс!
Ұллтық ойын –ұлттық жаны.
Оны дәріптеу – біздің парызымыз!
Табиғат аясында таза ауа жұтып бойымыз серігіп, ойымыз ашыла түсті.
Келесі кездескенше аман-болайық!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх