Кимаденова Анар Досанқызы
“Ақбота” бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі
Бала – біздің болашағымыз, ел ертеңі. Сол себепті әр баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру – ең басты міндетіміз. Рухани-адамгершілік тәрбие – баланың мейірімді, әдепті, қайырымды, үлкенді сыйлайтын, кішіні құрметтейтін болып өсуіне бағытталады.
“Ақбота” бөбекжай балабақшасында біз балалардың бойына осындай ізгі қасиеттерді дарытуға ерекше мән береміз. Күн сайынғы сабақтар мен ойындар барысында балаларға бір-біріне көмектесуді, сәлемдесуді, алғыс айтуды, кешірім сұрауды үйретеміз.
Ертегілер оқу, ұлттық ойындар ойнау, мақал-мәтелдер айту арқылы олардың бойында жақсылыққа ұмтылу сезімі қалыптасады. Мысалы, «Жақсылық пен жамандық» туралы әңгімелер арқылы бала өмірде адал болу керек екенін түсінеді.
Осындай күнделікті тәрбие жұмысының нәтижесінде біздің балабақша тәрбиеленушілері айналасындағы адамдарға сыйлы, мейірімді, жауапкершілігі жоғары болып өсіп келеді.
Рухани-адамгершілік тәрбие – баланың өміріне бағыт беретін шамшырақ. Сондықтан оны балабақшадан бастау – әр тәрбиешінің қасиетті борышы.