Серикова Айгуль Сргабайевна
Тәрбиеші
Менің мамандығым – тәрбиеші. Бұл жай ғана қызмет емес, бұл – жүрек қалауымен атқарылатын, үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін ерекше мамандық. Себебі тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, ақылы мен жан дүниесіне бағыт-бағдар беретін тұлға.
Әрбір күніміз кішкентай бүлдіршіндердің шат күлкісімен, таңғалысымен, қиялы мен қуанған сәттерімен басталады. Тәрбиеші – тек білім үйретуші ғана емес, сонымен қатар баланың бойына жақсы қасиеттерді дарытушы, өмірге алғашқы қадам жасатушы тұлға. Біз балалармен бірге күлеміз, бірге ойнаймыз, бірге үйренеміз. Әр бала – бір әлем, ал сол әлемді ашу үшін тәрбиешінің мейірімі мен шыдамдылығы қажет.
Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын. Себебі әрбір бала – еліміздің болашағы. Ал сол болашақтың жарқын болып қалыптасуы – біздердің, яғни тәрбиешілердің қолында. Баланың сенімін ақтау, оларға қамқор болу – мен үшін үлкен бақыт.
Бала тәрбиесі – ұлы міндет. Бұл жолда мен бар ынтаммен, шынайы сүйіспеншілікпен еңбек етемін. Себебі мен – тәрбиешімін!