Сценарий «Қош бол, Айголек»

Абдраманова Айнур  Турсынбаевна
КМҚК «№147 бөбекжай-балабақшасы»
Тәрбиеші


Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата–аналар! «Бақытты балалық шақ әуе ұшағы № 147 бөбекжай —балабақшасына келіп қонғалы тұр,
Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!

Тәрбиеші:Қымбатты ата — аналар,балабақша қызметкерлері қонақтар, бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген ,тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренген түлектеріміз таудай талаптарымен мектеп атты білім ордасына қадам аттағалы отыр.

(Музыкамен) Балаларды шақыру. (қызыл кілеммен жүру)

  1. Биші қыз  Адия                                      мен Тапқыр бала   Алинур
    2. Сыпайы қыз      Айша                             мен жаны жайсаң     Санжар
    3. Биязы мінезді    Көркем                          мен Қайсар жігіт       Ерсін
    4. Әдепті қыз     Нұрай                                 мен Сабырлы бала  Рамазан
    5. Ақылды қыз      Аяла                               мен Тапқыр бала  Ертөре
    6.
    Ерке де пысық  Е. Айару                  мен Алғыр жігіт Дінмұхамед
    7.
    Сүйкімді ару  Ақерке                             мен Әдепті   жігіт   Муслим
  2. Көркем мінезді М.Айару                мен  Мейірімді жігіт Абдурахим
  3. Білімді ару  Аманисахан мен  Батыр  жігіт    Халид 
    10.
    Сымбатты ару      Асылым                 мен Тапқыр  жігіт Ж.Алихан
  4. Әдепті қыз Әсия мен Зейінді  жігіт   Аман
  5. Биші қыз Ханшайым                   мен  Салмақты жігіт    Абдулхамид       

13.Әдепті қыз     Сабина                           мен  Кеңпейіл жігіт    О.Алихан

Би: «Стюардесса»

Тәрбиеші: Балалар бізге білімнің кілтін табыстау үшін буратино келуі керек еді ,кешігіп жатқан сияқты ғой.

Буратино: Сәлеметсіздерме ата-аналар,балалар. Мен мына әдемі әуенді естіп сендерге ертегілер елінен қонаққа келіп қалдым.Барлықтарың сондай әдемі болып киініп алыпсыңдар.Бұл қандай мереке?

Тәрбиеші:Қош келдің буратина бізге қонақ бол,балалардың өнерін тамашала. Біздің балалар балабақшамен қоштасып, мектепке аттанбақшы.

Буратино :Жолы болды деген осы болар ,білімнің кілті менде.Мен сендерге кәзір оны табыстайтын боламын. (Қалтасын ақтарып кілтті таппайды). ООООЙ балалар мен кілтті жоғалтып алған сияқтымын. Енді нестедім?

Тәрбиеші:Бұл қиын болды ғой.Енді кілтті қалай табамыз.Балалар болса сол сәтті асыға күтіп еді.

Буратино:Балалар еш уайымдамаңдар мен  білім кілтін қайдан табуға болатынын білетін сияқтымын.Сендер маған өнерлеріңді көрсетсеңдер айтамын.Ал жігіттер болса мен сендерге карта беремін осы картамен баратын болсаңдар кілтті табасыңдар.

«Ұлдарды киінуге шығару»

Тәрбиеші: Жарайды буратино ендеше қыздардың орындауында үйретеді әнің тыңдаңыз.

Хор: «Үйретеді»

Буратино:Қандай әдемі ән,дауыстарың да тамаша екен, жігіттер кілтті әкелеміз дегенше мен сендердің мектепке дайындықтарыңды тексерейін.Менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: Қыздармен

Буратино: Қандай білімді қыздарсыңдар сендер мектепке дайын екенсіңдер.Бірақ біздің жігіттердің келетін уақыты болды ғой ,олар әлі көрінбейді.Жолда бір қиындыққа тап болмадыма екен?

Тәрбиеші:Буратино енді нестейміз?Балаларды мектепке шығарып салатын уақытта таяп қалды,

Буратино: Ендеше қыздар бізде құры тұрмайық,кілтті іздеуге бізде шығайық.

(Буратино барлық қызды алып залдан шығып кетеді)

Қыздардың барлығын киіндіру.

Осы кезде ұлдар залға кіреді (залдың іші қараңғы болады)

Санжар: Жігіттер біз адасып кеткен сияқтымыз.Мына жерде ешкім жоққой.

Ерсін: Әкелші картаны дұрыстап қарайын,сен шатасып кеткен шығарсың.

Аман:Жоқ жігіттер біз тура келдік.

Меруерт: Сендер шатаспадыңдар балалар мені тура тауып келдіңдер.Сендер білімнің кілтін іздеп жүр дейме Ха-Ха-Ха…….

Ерсін:Иә сіз оны қайдан біліп қойдыңыз?

Меруерт: Менің білмейтінім жоқ,бұл ертегілер әлемі балалар,менің мына қолымдағы сиқырлы шарға қарасаңдар әлемде не болып жатқанын көруге болады.Мен сендерге кілттің қайда екенін айтамын,бірақ менің сендерге қоятын шартым бар.

Ерсін: Ол қандай шарт екен?

Меруерт: Ендеше менің сендерге тосын сыйым бар.

(ортаға шапка шығады ,балаларға сұрақтар қояды)

Сұрақтар:

Сауат ашу сабағынан

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2-ге,дауысты дауыссыз)

2.Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?(қызыл)

3.Дауыссыз дыбыстар ше?(көк)

4.Мына сөздерді оқып береміз?(Айша,Айна,Ана,маса)

5.Сөздерді буынға бөліп оқы?(Бо-та, қа-ла, да-ла, ша-на.)

Меруерт:Жарайсыңдар жігіттер шеттеріңнен білімді екенсіңдер,мен қойған сұрақтың барлығына толықтай жауап бердіңдер.Енді сендердің өнерлеріңді тамашалайын.

Би: «Ұлдар»

Тәрбиеші:Біздің жігіттер тек би билеп қана қоймай,тақпақты да жақсы айтады.

Тақпақ:

1.Санжар:Бір-бірімен сыйласты

Татумыз біз баршамыз

Бал достықтың ұясы

– Біздің балабақшамыз

Айтып ертегі, әңгіме

Үйретеді әнді де

Беріп кәмпит, тамақта

Оқытады сабақты

«№147»балабақшаға.

Мың  алғыс

2.Ерсін :

Күліп бізді қарсы алған,
Меңгеруші  апай жақсы адам.
Сондықтанда біз үшін,
Артық өзі басқадан.
Бізде мұнда әр дайым

Бәрі-бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Бақшамыздың меңгеруші

Гулайым апаймызға

мың алғыс.

3.Рамазан:

Үйреткен еңбекке,

Үйреткен білімге.

Үйрететін әдепке.

Тәртіпті боп жүруге,

Бақшамыздың әдіскері

Назерке  апаймызға

мың алғыс!               

4.Аман:

Көңілді әркез жүретін

Бізбен ойнап күлетін

Дене тәрбиесін

Асыға күтіп тұрамыз,

Доппен ойнауды

Үйрететін әрдайым,

Раушан апай мен Айымгул апаймызға,

 мың алғыс.

 

 

 

5.Абдурахим:

Бал татиды әніміз

Мың бұралған биіміз

Үйреткен оны

Айсұлу мен Салима апаймызға

мың алғыс!

 

6.Муслим:

Ақ төсекке жатқызған

Дәмді тамақ әкелген

Бала болып ойнаған

Күтуші Айымгул айпаймызға

 мың алғыс!

 

7.Абдулхамид:

Төсек орын тап таза

Әппақ жуған сүлгісі

Кір жуатын

Ажар апаймызға

мың алғыс!

 

8.Ж.Алихан:

Тәтті тамақ пісіретін,
Айран сүтін ішкізетін,

Шебер қолды аспазшы

Динара апай мен Жанна апайға.

Айтамыз біз мың алғыс

 

9.Димаш:

Қызықты сабақтарды

Әдістермен өткізген

Үйрендік талай жақсыны

Психолог Маржан  апаймызға

мың алғыс

 

10.Ертөре:

Әріптерді таныдық,

Санауды да,меңгердік,

Атымды мен жазамын

Тәрбиеші Айнур апаймызға

Мың алғыс

11.О.Алихан:

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Қамқоршымыз дәрігер

Маржан  апаймызға

мың алғыс!

 

12.Алинур:

Қаламды ұстатып, Санауды үйреткен,
Жақсы болсақ қуанған,
Қатем болса кешірген.

Тәрбиеші Мөлдір апайға

Мың алғыс

 

13.Халид:

Күні-түні бақша қамын ойлап жүрген

Біз үшін бәрін іздеп тауып берген

Бақшамыздың бар кілтімен меңгеретін

Шаруашылық меңгерушісі

Жансая апаймызға

мың алғыс

 

Жалқаубек: Сәлем достар қалайсыңдар,нестеп жатырсыңдар,шулап миымды ашытып жібердіңдер ғой.

Меруерт: Мына бала кім,қайдан жүрсің?

Ерсін: Бұл біздің досымыз жалқаубек қой,ол үнемі балабақшаға келмейді,тақпақ, өлең жаттамайды.

Меруерт:Жалқаубек сенің мұның дұрыс емес қой неге балабақшаға келмейсің,кел бізге қосыл біз саған әріптерді үйретеміз.

Жалқаубек:ЖООООҚ маған әріптердің дымға қажеті жоқ,менің ішім пысады……Балалар оданда менімен бірге жүріңдер, ойнаймыз кеттік.

(3-4 бала жалқаубекпен ілесіп кетіп қалады) 

Тәрбиеші:Балалар тоқтаңдар сендер қайда барасыңдар,біз жалқаубекпен ойнаймыз.

Меруерт: Балалар бұл дұрыс емес,білімнен қашуға болмайды,сендердің достарың қатты қателесіп жүр.Жүріңдер Жалқаубекті тауып алып келейік.Білімге үйретейік.

(Қалған баланы алып залдан шығып кетеді)

Тәрбиеші:Қап енді нестедік,мынау қызық болды ғой.

Сіз бізге көмектесіп жіберіңізші,мына Жалқаубек мерекенің шырқын бұзды ғой ,не істесек болады?Сіз мүмкін бізге көмек берерсіз.

Меруерт:Иә мен сендерге көмектесемін,Қәнекей қолымдағы сиқырлы шарымнан қарап көрейін,Жалқаубектің қайда жүргенін .Жалқаубек Буратиноның жоғалтқан сандықшасын тауып алсын,осында қайтып келсін.(сиқыр жасау).

(Жалқаубек залға қайтадан келеді) Бірге  қыздар  кіреді (матаға  билейтін  қыздар)

Жалқаубек: Апай қараңызшы мен мен не тауып алдым,жолда достарыммен ойнап келе жатсам мына сандық жатыр екен,оны ашалмадым.Ішінде не бар екен қызық болып тұрғанын ай.

Тәрбиеші:Ой қандай тамаша бұл сандықшаны біз буратиномен бірге іздеп жүрсе,сен тауып алған екенсің ғой.Біз бұл сандықты тектен тек ашалмаймыз.

Буратино:(Залға аптығып,асығып кіреді)

Біз кешігіп қалған жоқпыз ба?

Тәрбиеші: Буратино бағанадан бері іздеген кілтіміз мына сандықтың ішінде тұр екен.Оны Жалқаубек тауып алып келді .Буратино ол үшін бізге сенің көмегің керек.

Буратино:Оның дымда қиыны жоқ,мен қыздарым өте білімді барлын сұраққа жауап бере алады.Кәне қыздарым дайынсыңдарма?

ІІ тапсырма Математика сабағынан.

  1. 1ден-10ға дейін санап,кері санаймыз?

2.Геометриялық фигураларды атап айтамыз?

3.Сандардың көршісін тап? …2…, …3…,  …4…

Тәрбиеші:Жарайсың Жалқаубек сен сұраққа дұрыс жауап бердің ,сенің арқаңда сандықтың кілті ашылды,енді балалар мектепке бара алатын болды.

Буратино: Жалқаубек біздің ойынымыз саған ұнады ма?Сен бізбен бірге мектепке баруға дайынсың ба?

Тәрбиеші: Көрдің бе жалқаубек біздің балалар шетінен өнерлі.Егер сен бізбен бірге қалатын болсаң балалардың бүгінгі қоштасу кешіне дайындаған әндері мен билерін көретін боласың.Бізбен бірге қаласың ба?

Жалқаубек: Шынымен де балалар өте білімді екен,менде сендер секілді ән айтып ,би билегім келеді.Маған үйретесіңдер ме?

Тәрбиеші: Ендеше Айгөлек тобының бір топ қыздарын әдемі билерімен ортаға шақырамын.

Би: «Матамен»

                 Ақерке  — Нұрай

                 Көркем  — Аманисахан

                   Адла   —   Айша

                    Аяла    —  Әсия

 

Қыздардың  тақпақтары:

 

 

2.Әсия: Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би — биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан — жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым

 

  1. Нұрай: Сен үйреттің сөйлеуді,
    Сенде ойым есейді.
    Мектепке барам мен енді,
    Бала бақшам қош енді.
    Алты жасқа толамыз,
    Әдепті бала боламыз.
    Қуантып ата – ананы
    Мектепке кетіп барамыз.

 

4.Көркем:  Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз білім аламыз.
Қашық та емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала — бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз

 

5.Айша: Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

 

6.Аманисахан:

Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен,
Бақшамызды қимаймыз.
 

9.Адия:

Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз

Есептен де қашпаймыз

Жазуды енді бастаймыз

Мектепке енді барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

10.Ақерке:

Әліппеден әріп алып,

Алғаш рет оқимыз

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз,

Мектеп енді шақырады,

Қош бол, балабақшамыз!

11.Аяла: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі бала боламыз,
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» аламыз!
Көк жүзінде самғаймыз
Тауды бұзып, тас жарып.
Мұхиттарды жалғаймыз!
Күллі әлемді шарлаймыз
Ғарышқа да самғаймыз
Тентекте   болмаймыз,                                                                                                                             Сабақты жақсы оқимыз,                                                                                                                             Әдепті бала  боламыз!

Жалқаубек:Қандай тамаша би, балалр тағыда би көргім келіп тұр.

Тәрбиеші:Жалқаубек бізде әнде көп,биде бар.Ендеше бір топ сұлу қыздарымды ортаға биге шақырайын.

 

Би «Қыздар»

            Е. Айару -Асылым — М. Айару

                        Ақерке  — Нұрай

                        Көркем  — Аманисахан

                         Адла   —   Айша

                           Аяла    —  Әсия

 

Тақпақ:

1.Асылым: Мыж-мыж  етіп  тастаған

Киімдерімді  үтіктеп

Анам  бұрын  бақшаға

Әкелетін  жетектеп

Еркелігім  аз  енді

Бүгінде  есті  баламын

Мазаламай  анамды

Мектепке  өзім  барамын.

  1. Айару . М

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен кіші жасымыз кәріміз де

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Білім сырын түсіндім мақтанамын,

Осы сырды үйреткен балабақшам

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

7.Е. Айару:

Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Ата-анам қуансын.
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.

Би «Вальс»

Ойын: Ата-аналармен…..

1.Ата  Бәйтерек, кім  жапырақ?      -Бала

2.Кімнін  жүрегі  таудан   да үлкен?  Әке

3.Ағайын  алтау  кім  біреу?  Ана

(Барлық балаға мантия кигізу)

Ән: «Қоштасар уақыттың жеткені ме?»

Ақерке.Халид.Айару . Ерсін

(Барлық бала сахнаға шығады)

Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! — дей отырып құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Бейсебекова Гүлайым Жұмабайқызы және

балабақшамыздың әдіскері Шаханова Нәзерке Мейірбекқызына береміз

Диплом беру. Марапаттау

Ата-аналарға сөз беріледі

Тәрбиеші:

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх