Бисенбина Нургул Кенесовна
Білім беру дағдысы: Кіріктірілген ҰІӘ
Бөлімі: Математика, Сурет салу, Сөйлеуді дамыту, Дене шынықтыру, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тәрбиеші: Бисенбина Н.К
ҰІӘ тақырыбы: Ата әжеде қонақтамыз
ҰІӘ мақсаты: Балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру.Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдануын қалыптастыру. Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу қанша? неше? сұрағына жауап беруге үйрету. Балалардың қимыл белсенділігін дамыту. Шығармашылық дағдыларын, эстетикалық талғамын, зерттеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту. Үлкенге құрмет көрсетуге, сөйлеу әдебін сақтауға тәрбиелеу.
Ресурстар: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
ҰІӘ барысы: Балалар көңілді әуенмен топқа кіреді.
Қайырлы күн балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Көңілді әуенмен амандасады. Балалар сендер ата әжелеріңді жақсы көресіңдер ма? Ендеше, бүгін ата мен әжеге қонаққа барамыз.
Қимылды ойын «Секірмек»
Мақсаты: Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Шарты: Балалар әртүрлі бағытта орналасқан іздер бойынша секіреді.
Балалардың назарын экранға аудару.
Ойын «Ұршық иіру»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.
Ойын шарты: Тарқатылған жіпті тыйым сөздермен орап жинақтайды.
Балалар өз қалауымен түстер бойынша топқа бөліп отырады.
Таңдалған түстер бойынша тапсырмаларды ұсынылады.
Ойын «Ойна, ойла»
Мақсаты: Заттардың санын ажыратуға үйрету, бір немесе бірнеше бірдей затты табу қанша? Неше? сұрағына жауап беруге үйрету.
Ойын шарты: Жануарларды санайды, сандармен сәйкестендіреді.
Ойын «Ерінбе, үйрен»
Мақсаты: Сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық таныту.
Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға үйрету.
Шарты: Трафареттің көмегімен таға суретін салуды үйренеді.
Ойын «Ізден тап»
Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру.
Шарты: Киіз үй ішіндегі белгісіз заттарды жарықтандырғыштың көмегімен (фонарикпен) қарап анықтап атын атайды.
Сергіту жаттығуы:
ҰІӘ-н қорытындылау
Балалар сендерге ата әженің тапсырмасы ұнады ма? Бүгінгі күн керемет өтті деп есептеймін. Ата әже де риза бізде ризамыз.
Күтілетін нәтиже
-Үлкендерден үйренгенін айтады, қазақ халқының құндылықтарымен танысады
-Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады.
-Сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады.