Темирбаева Гулжан Жалгасбаевна
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру.Өлеңдерді мәнерлеп айтқызы отырып,олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
ә) дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін,сөз байлығын,сөздік қорын,көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту,есте сақтау қабілетін дамыту.
Ауызша және жазбаша еркін, шешен сөйлеуге үйрету.
б) тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын,тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып,олардың бойында қазақ халқына,қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру,оларға эсетикалық патриоттық тәрбие беру
. Сабақтың көрнекілігі:: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, слайд.
С. Аронұлының, К. Әзірбаевтың, суреттері, тірек-сызбалар, плакат, сөзжұмбақ, компьютер.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ — жауап;
миға шабуыл;
түсіндіру;
әңгімелестіру;
жаздыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы кезең:1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Өткен сабақты қайталау: 2. Сұрақ — жауап:
1.Балалар қандай атақты Ұлы тұлғаларды білесіңдер ?
2.Қандай ақын жазушылардың шығармаларын оқыдыңдар?
3.Оқыған шығармаларыңнан өздеріңе қандай ілім-білім алдыңдар?
Болжау әдісі
Жаңа сабақ: «Стоп кадр»
Видио
- Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Жамбыл Жабаев (28.02.1846ж. Жамбыл облысы, Хан тауының етегі -22.05.1945ж.) –халық ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде – осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен. Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шығыстың «Рүстем» дастанын, «Көрұғлыны», «Жүсіп – Зылиқаны» жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді. Айтыс өнеріне Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жадында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендері мыналар: Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сара ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлмамбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Бұлардың бәрі жинақтарына еніп, зерттеулер мен мақалаларда талданып келеді.
Жамбылдың ақындық, айтыскерлік даңқын шығарған – Құлмамбетпен айтысы.
Демек, сабағымыз Жамбыл Жабаев жайлы екен. Алдыңғы сабақта ақын жайлы оқушыларға үйде реферат жазып келу тапсырылған. Алдымен оқушылар өздерінің Жамбыл аталары жайлы жазып келген рефераттарын кезекпен қысқа-қысқа айтып қорғайды. (17-20 мин)
1-оқушы: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туылған.
2-оқушы: Жамбылдың әкесі Жапа (Жабай), анасы Ұлдан баласының атын өздерінің көшіп-қонып жүрген Жамбыл тауының атымен атаған.
3-оқушы: Жамбыл он төрт жасынан бастап өлең айтып, он бес жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Ол Жетісу жеріне әншілігімен, ақындығымен әйгілі болған. Бұрымға, кейінірек Сараға ғашық болады.
4 оқушы:Ол бай мен кедейге, патшаға қарсы, Отан сүйгіштікке, Ұлы отан соғысы жылдарында елін, жерін жаудан қорғауға арнап, т.б. тақырыптарда өлеңдер жазған.
5-оқушы:Жамбыл бірнеше дастандар жазған.
- Өтеген батыр.
- Сұраншы батыр.
- Көрұғлы.
- Бақ, дәулет, ақыл.
6 — оқушы: Ол Кененнің ұстазы. Екеуі 1902 ж. қырғыз елінің би-манабы Шабденге ас беріп жатқанда танысады.
7-оқушы: Жамбылдың баласы Алғадай Ұлы Отан соғысында қаза табады. Жамбыл қатты күйніп жатып қалады. Сонда Сәбит Мұқанов: — Жакең, бір тыңдаса Кененді тыңдайды.- деп Қордайдан Кененді алдырған.
8-оқушы:Кенен сонда:
Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың.
Қайғырып Алғадайғажатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесін бе қылған ісін, – дегенде,
– Кененім келген екен ғой, — деп басын көтерген.
9-оқушы:
Алғадай майданға аттанғаннан кейін бір жетіден соң әйелі Жәмеш ұл туады. Атын атасы Қуаныш деп қояды. Ол немересін өзіне жұбаныш еткен.
Өте жақсы құрметті оқушылар. Ал, енді Жамбыл атамыз жайлы бір көрініс тамашаласақ.
Компьютер арқылы
Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Ұжымға ат қою мақсатында сұрақ қоямын.
- Жамбылдың ұстазы кім? — Сүйінбай Аронұлы.
- Шәкірті кім? — Кенен Әзірбаев.
«Сиқырлы сандықшамызда» сол үшесім жасырылған. Оны әр ұжым басшылары келіп алады.
І-топ – «Жамбыл» тобы.
ІІ-топ – «Кенен» тобы.
ІІІ-топ – «Сүйінбай».
Әр топтың басшылары тапсырмаларын алып, оны өз топтарымен бірге, белгілі уақыт аралығында орындайды. Осы уақытта әр топтан бір оқушыдан шығып компьютерде тест жұмыстарын орындайды. «Жамбыл» тобы «Зымыран» сұрақтарға жауап беру. «Кенен» тобы сөзжұмбақ шешу. «Сүйінбай» тобы тест тапсырмаларын орындау. «Зымыран» сұрақтары түскен топ бірінші жауап береді.
8 сұрақ, әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
Зымыран сұрақтары:
- Жамбылдың әкесінің есімі кім?
- Жамбыл айтыстарының ерекшелігі неде?
- Жамбылдың бір өлеңін жатқа айт.
- «Маса» кімнің жинағы?
- Жамбылдың соңғы жазған өлеңі.
- 1936 жылы Жамбыл қай жерге барған?
- «Құлагер» кімнің өлеңі?
- Жамбылдың айтыстары ішінде ең көрнектісі қайсы?
ТЕСТ тапсырмалары.
- Жамбыл қай жылы қайтыс болды?
А)1945 ж. С)1947ж.
В)1948ж. D)1944ж. Е)1946ж.
- Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.
А) «Өмір мектебі» С) «Өсиет»
В) «Менің қысқаша өмірбаяным» D) «Өмір, қымбатсың маған»
Е) «Менің мектебім»
- Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?
А)1945ж. С) 1941ж.
В)1942ж. D)1943 ж Е)1947ж.
- Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?
А)1884ж. С) 1885ж.
В)1881ж. D)1887ж. Е)1890ж.
- «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз.
А) Табиғат, жер С) Кедейлердің аянышты халі
В) Адамгершілік қасиетD) Достық Е) Білім, өнер
- Ж.Жабаев «Өтеген батыр» мен «Сүраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?
А) Шашубай С) М.Өтемісұлы
В) Қалқа ақын D) С.Аронұлы Е) Құлмамбет
- 1941 жылы Жамбылға қай шығармалар» үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
- A) «Алынбас қамал» C) «Айтыстары үшін»
- B) «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»D) «Ворошилов туралы поэма»
- E) «Өлеңдері үшін»
- Ж.Жабаевтың дастанын табыңыз.
- A) «Гималай» C) «Сыр сандық»
- B) «Жетісу суреттері»D) «Көрұғлы» E) «Мырқымбай»
| Ы
|
| Ж
|
| Р
|
| А
|
| Л
|
| Ы
|
| Б
|
| Ы
|
СӨЗЖҰМБАҚ. Сөзжұмбақ сұрақтары:
Тігінен:
- Жамбылдың әкесі.
- Жамбыл айтысқан ақынның бірі.
- Жамбылдың шәкірті.
- Жамбылдың баласы.
- Жамбылдың өлеңі.
- Жамбылдың алғаш жазған өлеңі.
- Жамбылдың сүйгенқызы.
- Жамбылдың туған жері.
Сергіту сәті
Жамбыл Жабаев өлеңдерін жатқа оқу
Айтыс өнері жайлы әңгімелейміз. Жамбыл — айтыскер, суырып-салма ақын. Ол кімдермен айтысқан? әртоптағы оқушылар қол көтеріп жауап береді.
Құлмамбетпен, Бөлек қызымен, Айкүміспен, Бақтыбаймен, Шыбыл шалмен, Сарыбаспен, Досмағанбетпен, Шашубаймен.т.б.
Ұпай саны есептеліп отырады.
Балалар, біз Жамбыл атамызды айтыскер ақын ретінде танимыз. Ақындар айтысынан үзінді тамашалайық.
Жамбыл-Айкүміс
Жамбыл-Құлмамбет
«Өлең құрастыр» ойыны.
Үш топтағы оқушыларға Жамбылдың үшөлеңінің әрбір сөзін қиып беріп, қайта құрастырғызамын.
Тез және дұрыс құрастырған топқа бір ұпай беріледі.
Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас,-
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке.
«Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті»дер, әке.
Балалардың білімдерін жинақтау мақсатында «Топтастыру стратегиясы» бойынша жұмыс жүргізу.
«Үш топ өз топтарының атына тірек — сызбалар құрайды».
| 1846 |
| Домбырашы айтыскер |
| Жыршы |
| Көркемсөз сазгері |
| 1945 |
| Насихатшы |
| Патриот ақын |
| күйші |
| ақын |
| Жамбыл |
Жамбыл тобы:
| 1884 |
| Домбырашы |
| Сал-сері |
| Қайраткер |
| 1976 |
| Әнші |
| Композитор |
| күйші |
| ақын |
| Кенен |
| күйші
|
Кенен тобы: е
| 1884 |
| Домбырашы |
| Сал-сері |
| Қайраткер |
| 1976 |
| Әнші |
| Композитор |
| күйші |
| ақын |
| Кенн |
| күйші |
Сүйінбай тобы:
Баламалaқ тест өткізу.
Үш топтың жалпы жинаған ұпайларын есептейміз. Қайсы топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңген болып есептеледі.
Қорытынды. (4-5 мин)
Жамбыл жасы жұзге келіп отырғанда 1945 жылы 9 мамыр күніөзінің ең соңғы өлеңі «Жеңіс жырын» жырлаған. Бұдан азамат қартайса да, ақындық өнер, жыршылық рух қартаймайтынын көреміз.
Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.
Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мұңдаған, халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры –осындай жыр. Оны халқымыздың поэтикалық энциклопедиясы десе де болады. Ол төкпе жырдың дүлділі, халық бағының бұлбұлы.
Рефлекция. «Көңіл-күй»
Үйге тапсырма: Жамбыл өлеңдерін жаттап келу. (1-2 мин)