Есболаева Феруза Нуралиевна
Балабақша – әр баланың ең алғаш білім мен тәрбие алып, өмірге қадам басатын қасиетті мекені. Ал сол мекемеде еңбек етіп жүрген тәрбиеші – тек маман емес, ол – әр баланың екінші анасы, жүрек жылуын сыйлаған жан. «Ұстаз болып қалдың мәңгі жүректе» деген сөз бекер айтылмаса керек. Себебі тәрбиеші баланың өміріне алғашқы із қалдырып, мейірім мен қамқорлыққа бөлейді.
Балабақшадағы әрбір күн – баланың дамуына, дүниетанымының кеңеюіне үлес қосатын маңызды сәт. Сол сәттерді мазмұнды, тәрбиелі әрі мағыналы етіп өткізетін де – ұстаз. Тәрбиеші тек оқытып қана қоймайды, ол баланың жан дүниесіне үңіліп, оның жақсы қасиеттерін ашып, болашаққа сенім ұялатады.
Бүгінгі тәрбиеші – ертеңгі қоғамның тұтқасын ұстаған азаматты тәрбиелеуші. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген барша балабақша ұстаздарына алғысымыз шексіз! Сіздердің еңбектеріңіз әр баланың жүрегінде, әр ата-ананың алғысында, әр ұжымның құрметінде.
Ұстаз – мәңгілік мамандық.