«Достық» жалпы білім беретін мектеп» КММ ҒЗИ, ғылыми орталықтар және ЖОО-мен бірлескен білім беру жобаларының нақты іске асырылуы

Шыныбекова Лаура Маратбекқызы


2024–2025 оқу жылы барысында “Достық” жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірдегі ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ), ғылыми орталықтар және жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асырды.

Бірлескен жұмыс аясында:

  • ЖОО-мен біріге отырып, оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын

дамытуға бағытталған Шымкент қаласындағы   М.Әуезов атындағы университетте «Қазақстандғы IT және AI: Болашаққа жаһандық көзқарас» тақырыбында Халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысты «Достық»жалпы білім беретін мектебінен 27 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Байқауда бас жүлдені 9-сынып оқушысы  Серикбай Сымбат  иеленді.»Достық» ұжымына арнайы кубок және алғыс хат берілді.

  • 11-сынып оқушыларымен бірге “Жұмысшылар жылы” аясында

25 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» кәсіптік бағдар беру орталығының Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі — Білім беру бағдарламаларын, оқу-зертханалық кешендерін таныстыру мақсатында университет базасында мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына «Ашық есік күнін» ұйымдастырып өткізді.

Осыған орай, университеттің білім беру бағдарламаларын насихаттау және мамандық таңдауға бағыт-бағдар, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесін реформалау.

  • 11 сынып оқушылары 10.02.2025 ж. күні Түркістан қаласы, Қожа

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткен көрмеге барып қайтты. Еліміздің жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ел аумағында орналасқан шетелдік ЖОО-ның филиалдарының, кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде ЖОО-дың көрмелері және ЖОО-мен біріккен үлкен конференция болып өтті. Оқушылар өздеріне керекті біраз мағлұматтар алып, сол оқу орындарынан келген мамандарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала  алды. Конференцияда әр оқу орны өздері жайлы ақпарат беріп оқушыларды оқуға шақырды. Шетелдік ЖОО көрмесі кәсіптік бағдарларын жүргізді. Педагог- профориентолог  Айдос Жұманазар Қаңтар  ҰБТ-не жоғары балл алған оқушыларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынып, Мамандық қалай дұрыс таңдау қажет сол туралы кеңестерін берді. Кәсіптік бағдар беру жұмысына Ғылым және жоғары білім министірлігінің кеңесшісі Руслан Емелбаевпен оқушылар кездесіп, керекті ақпараттарын алады. ҰБТ жайында да біраз ақпарат айтып өтті.

  • Жергілікті ТжКБ базаларында Техникалық және кәсіби білім беру

жүйесінде 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекітілуіне байланысты Шұбар ауылындағы №18 колледжде жұмысшы мамандықтары туралы ақпарат беру кездесулері ұйымдастырылған.

Осыған орай,  2025 жылдың 06 наурыз күні “Достық” жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогы Л.Шыныбекованың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларын ашық есік күніне алып барды. Білім алушыларымыз колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, концерттік бағдарламасын тамашалап қайтты.

Бұл жұмыстар оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға, кәсіби бағдар беру мен ғылымға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

КББП: Л.Шыныбекова

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх