Е.Ерназаров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ “ҒЗИ ғылыми орталықтар және ЖОО мен бірлескен білім беру жобалары.

Ибаділлә Айгерім Алтынбекқызы


1.11 «Руханият-Әбу Насыр әл-Фараби музейі» МККҚ және Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Елтай Ерназаров жалпы білім беретін мектеп КММ ынтымақтастық меморандумға отырды.

2024 жылы 18 қазанда екі тараптан келісімімен қол қойылды.

 

«18 колледж» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны директоры Ақтөре Жандос Жарылқасынұлы және Ордабасы ауданы білім беретін  мектеп коммуналдық мекемесінің  директоры Барбол Бауыржан Оразбекұлы тараптар төмендегілер туралы келісімдер жасасты.

 

Ордабасы ауданы білім беретін  мектеп коммуналдық мекемесінің  директоры  Барбол Бауыржан Оразбекұлы бір тараптан және «Тәшенов университеті»  ректоры Байболатов Қанат Сейітжанұлы екінші тараптан  келісімдер жасасты.

16.09.2025ж

 

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланыс – сапалы білімнің, бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуындағы негізгі тетіктердің бірі болып отыр. Осы мақсатта Е.Ерназаров атындағы жалпы білім беретін мектеп пен еліміздегі жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

 

Меморандумның басты мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау, ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру және білім алушыларды жоғары оқу орнында оқуға жүйелі түрде дайындау.

 

Меморандумның маңызы

 

Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланыс – білім беру сапасын арттырудың заманауи форматы. Мұндай серіктестік арқылы оқушылар ғылыми ортаға ерте араласып, зерттеушілік және жобалық ойлау дағдыларын дамытады.

Сонымен қатар, ЖОО мамандары мен профессор-оқытушылар құрамы мектеп оқушыларына шеберлік сабақтарын, тренингтер мен ғылыми кездесулер өткізеді.

Бірлескен жобалар мен іс-шаралар

 

Меморандум аясында келесі бағыттар бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарланған:

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жобаларды бірлесе жүзеге асыру;

Кәсіби бағдар беру сабақтары мен экскурсиялар ұйымдастыру;

Мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының өзара тәжірибе алмасуы;

Дарынды оқушыларға арналған ғылыми үйірмелер мен байқаулар өткізу.

Күтілетін нәтижелер

 

Мұндай ынтымақтастық нәтижесінде оқушылардың ғылымға, зерттеуге деген қызығушылығы артып, жоғары оқу орындарында бейімделуі жеңілдейді.

Мектеп пен университет арасындағы меморандум – тек қағаз жүзіндегі келісім емес, ол – білім берудің жаңа деңгейіне бағым.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх