Примжар Камшат Тоқтасқызы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту.Оқушылардың ой –қиялын,арманын іске асыра білуіне көмек беру.Ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың міндеті:Оқушылардың сана-сезімін,білімге деген қабілетін ояту.Болашағын қызықты етіп елестетуіне жол көрсету.
Дамытушылық:Оқушылардың өз ойын ашық еркін айтуына,өзін еркін ұстауына үйрету.
Көрнекіліктер :Абайдың суреттері,оқулықтары,өлең жинақтары т.б плакаттар
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын қайталау.
Өткенді еске түсіру
Сұрақ-жауап арқылы
Жаңа сабақ.
«Жетім»
М.Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Қазатың ұлы жазушысы,әдебиет зерттеуші,драматургі және қоғам қайраткері.Абайтану ғылымының негізін сала отырып,қазақ әдебиеті тарихына шексіз қызмет еткен.М.Әуезовтың Балаларға арнаған «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б шығармалары өте көп соның ішінде біз «Жетім» романынан үзінді өтеміз .
Жаз ортасының қоңыр кеші.Күн батып,ымырт жабылып барады.Күнбатысты қалың қара бұлт басқан.Айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып,түн тыныштығына қарай бой ұсынған сияқты.Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді.Бұлардың беті қалың таудың іші.Күнбатыста,алыста жауын бар еді.Сол алыста күн күркіреп жатты.Анда санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың жарқылдағы күшті еді.Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен,жалғыз аяқ жолмен түн қатып келе жатыреді.Осы кезде осы таудың сыртында жалғыз бала жаяу келе жатты.Жол үстінде ымырт жабылып,қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң,қабағында қалың қайғы бар.Табиғат балаға қатал,суық көрінді.Әрі салқын,әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады.Жүрегін қорқыныш басып,жалғызсырап келе жатқан баланы не бастап келеді.? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім?Айдаушы сол баланың тағдыры еді.Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп еді.Одан жарты жыл бұрын өзінің туған әкесі –шешесі өлген.Өз әке-шешесі өлгенде Қасымның сүйеніші болып қалған кәрі әжесі бар еді.Бұрынғы бала-бұрын еркелікпен жылайтын.Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді.Басына аспан құлағандай уайымды сол күні көріп еді.Шешесінің үстіне жығылып,айрылғысы келмей құшақтап :-Әжетай ,мені кімге тастап кеттің? Мені неге ала кетпедің? Менің қаңғып қалғаным ба? Менің шынымен сорлы,шынымен жетім болғаным ба?-деп зарлағанда ,елдің сай-сүйегін босатып,кәрі-жастың жүрегің еріткен болатын.Қасымға өзге өлімнің бәрінен әжесінің өлгені батып еді.Әжесі демі үзілген минутына дейін қарсы алдына, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген.Сонда өмірді тілесе ,Қасым ержеткенше деп тілеген. « Құлынымның бұғанасы қатқанша рақым ет.Сорлы қылып қақсатпа,зарлатпа,көрде мені күңірентпе!» -деп тілеген.Әжесі осы тілектің үстінде өліп еді.Қасым сол күннен бастап үлкен кісідей қайғыға ,қаралы күйге түсті.Әжесі өлген соң «жақы нымын» -деп,жаны ашыған ие болып шығып ,Иса деген ағайыны Қасымды қолына алды.Исаға Қасымның малын берерде жұрт «Жетімнің малына қиянат жасама ,өзін адам ет,күт,асыра,жылатпа!»-деп тапсырған болып беріп еді.Исаның балалары бірінен-бірі ерке болып шығып,Қасым қаға берісте қалып қоя беретін болды.Олардың ересегінен таяқ та жеп жүрді.Үнемі аштық,күтімсіздік, ауыр жұмыс қосылып,ойын шатастыра берді.Әжесі өлген соң,көңілінде де тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ.Кішкентай Қасымның түсі де,көңілі де қартайып жүдеп барады.Бұл уақытта Қадишаның (Исаның әйелі) қолы үйреніп алған таяғы күннен-күнге «жетім ит»,»жаман неме» деп көзге шұқып ,жиі-жиі тие бастады. Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында таңертеңнен кешке шейін кешке шейін Иса мен Қадиша бұны үйіне жолатпай,ауылдан қуып жүріп сабап еді.
Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен әлі біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бойұсынған пішінмен Исаның үйін жағалап келе жатыр еді.Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда,алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді.Иса бұны тағы да ұрмақшы болып қарсы жүрді.Сол уақытта Қасымжаны күйіп,шыдай алмай,жылап жүріп сөйлеп :
-Мені мұндай сорлы қылғандай,не жазып едім. ? Неңді жеп едім ? Жазығым- қуарып қуарып қалған жетімдігім бе?-деп жерде жатқан үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаның тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай қаша жөнелді.Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан ,зар еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан қал-осы.Қасым жүгіре бастады.Шошынған қабақпен алды-артына қарай берді.Жетім көзі белгісіз бірдемені күткендей болады.Пайдасыз күту.Көзіне көрінер тірі жан жоқ.Қап-қараңғы түн болды.Қасым тау ішінде келе жатыр.Бұдан кішірек күнінде көп естіген қараңғы ,сырлы әңгімелер болушы еді.Түнде кездесетін жын-шайтандар ,қара түндей жалмауыздар,сау адамды қағып кететін перілер.Бұл уақытқа шейін Қасымды қайғы ,жазықсыздық ашу жетелеп, дедектетіп,келіп еді.Қазіргі уақытта қараңғы түннің қара желі қатайып,түн түсі суи бастаған сайын Қасымның жүрегі қалтырап,шошынып ,елеңдеп келе жатты.Оның үстіне алыстағы бұлт жиі-жиі күркіреп ,күн жарқылдайды.Түнгі тау,қара жартас алыстан перілер мекеніндей болып ,жарқ етіп,қайта қараңғылыққа қара бірдеңе жасырынып,әлденені күтіп тұрғандай.Тас қабақты,жұлдыз көзді,түндей қара түсті қара кемпір тау ішін құйындай құтырып,келіп жүргендей….
Қорытынды:
Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?
Нені түсінбедіңдер?
Сабақ қызықты болдыма, әлде түсініксіз болды ма?
Ойларыңды ашып айтып үйреніңіздер
Сабақты бекіту:
Бағалау
Оқушылар өз ойларын стикерге жазып бір-бірін бағалайды.
Үйге тапсырма:
Жетім әңгімесін түсінігін айтып келу.