«Бала тәрбиесінде бірге болайық!» тренингі

Баймақаш Жаннұр Қайратқызы

«Бала тәрбиесінде бірге болайық!»тренингі

(Ата-аналарға арналған)

Мақсаты:

  • Ата-аналарды бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеуге ынталандыру;
  • Баланың психологиялық, әлеуметтік дамуына ата-ананың ықпалын көрсету;
  • Бірлескен әрекет арқылы ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді нығайту.

Ұйымдастыру форматы  •Презентация, тренинг элементтері, топтық жұмыс

Ұзақтығы: 15–20 минут

1-БӨЛІМ: (5 минут)

Психолог:

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!

Бүгін біз дәстүрлі жиналыстан сәл өзгеше форматта, яғни шебер-сынып түрінде жиналып отырмыз.

Біздің ортақ мақсатымыз — бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын арттыру.

Бүгін біз бірге ойланып, пікір алмасып, тәжірибе бөлісеміз.

(Кішігірім видеоролик немесе мотивациялық цитата ұсынылады. Мысалы: “Бала – ата-ананың айнасы.”)

2-БӨЛІМ: ТАНЫСТЫРУ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯ (10 минут)

Жаттығу: «Мен – ата-анамын, себебі…»

Нұсқаулық: Әр ата-ана өз атын айтып, сөйлемді жалғастырады. Мысалы:

– Мен — Жанар, мен ата-анамын, себебі баламның күлкісі — менің бақытым.

Мұғалім түйіндейді:

Әрбір сөзіңізде махаббат пен жауапкершілік жатыр. Бүгін осы сезімдерімізді тәжірибемен толықтырамыз.

3-БӨЛІМ: НЕГІЗГІ ЖҰМЫС (25 минут)

а) Топтық жұмыс: “Бала мен ата-ана арасындағы диалог”

(Ата-аналар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа бір жағдаят беріледі. Мысалы:)Әр топ өз шешімін ортаға салады. Мұғалім мен басқа ата-аналар кері байланыс береді.

б) Тренинг: “Жылы сөз – жан азығы” (5 минут)

Әр ата-ана көршісіне қарап, жылы бір сөз айтады:

– Сіз жақсы ата-анасыз, себебі…

(Көңіл-күйді көтеру, атмосфераны жұмсарту үшін)

Қызықты сұрақтар:

1.Балаңыздың аты-жөні?

  1. Балаңыздың досы кім?
  2. Балаңыздың сүйікті пәні?
  3. Балаңыздың сынып жетекшісі?
  4. Балаңыздың сүйікті тағамы?

6.Балаңыздың сүйікті түсі?

  1. Балаңыздың қызаға оқыған кітабы?
  2. Балаңыздың сүйікті әншісі?
  3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
  4. Балаңыздың хоббиі?

Сұрақ:

Сіздің балаңыз БОЛАШАҚТА  қандай болуын қалайсыз?Ойыңызды жазыңыз

4-БӨЛІМ: ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ РЕФЛЕКСИЯ

Мұғалім:

Бүгін біз баламен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын, ата-ананың рөлін талқыладық.

Қорытынды сөз:

Сіздердің балаға деген махаббаттарыңыз – мектеппен бірлесе отырып үлкен нәтижеге жетудің негізі. Келешек – сіздердің балаларыңыздың қолында. Ал олардың қолында сіздің үмітіңіз тұр.

Сіздің балаңыз БОЛАШАҚТА  қандай болуын қалайсыз?Ойыңызды жазыңыз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх