Сабақта оқушы белсенділігін арттыру

Байболова Динара Рашидқызы

Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз бетінше ізденуге, ой қорытуға және білімді өмірде қолдануға бейімдеу. Сабақта оқушы белсенділігін арттыру – осы мақсатқа жетудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Оқушы белсенділігінің мәні

Оқушының белсенділігі – оның оқу процесіне саналы түрде қатысып, жаңа білімді өз тәжірибесі арқылы меңгеру қабілеті. Белсенді оқушы тек тыңдаушы ғана емес, сонымен қатар сұрақ қоюшы, талдаушы, жинақтаушы рөлін атқарады. Мұғалімнің міндеті – осындай белсенді орта қалыптастыру.

Белсенділікті арттыру әдістері

Сабақ барысында оқушы белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану қажет. Олардың қатарында мыналар бар:

  • Топтық және жұптық жұмыстар;
  • Деңгейлік тапсырмалар беру;
  • Ойын элементтерін қолдану;
  • Сұрақ-жауап, пікірталас әдістері;
  • АКТ құралдарын пайдалану;
  • Жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

Мұғалімнің рөлі

Мұғалім оқыту процесінде бағыттаушы және серіктес рөлін атқаруы тиіс. Ол оқушыны тыңдап, оның пікірін ескеріп, ынталандыру арқылы оқуға деген қызығушылығын арттырады. Әрбір жетістікке қолдау білдіру оқушының ішкі мотивациясын күшейтеді.

Қорытынды

Сабақта оқушы белсенділігін арттыру – мұғалім шеберлігінің көрсеткіші. Ол үшін дәстүрлі әдістерден гөрі, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану маңызды. Белсенді оқушы – ертеңгі өз ойын еркін жеткізе алатын, өмірлік ұстанымы қалыптасқан тұлға.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх