Ұлттық құндылық-балабақшадағы тәрбие негізі

Ешимова Раушангуль Коныровна
Павлодар облысы Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің
№16 сәбилер бақшасы тәрбиешісі


Бала тәрбиесі – ұлт болашағының іргетасын қалыптастырудың басты кепілі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды балабақшада насихаттау және балалардың санасына сіңіру – аса маңызды мәселе. Өйткені балабақша – баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы алғашқы қадамдарының бірі.
Ұлттық құндылық дегеніміз – ұлттың мәдениеті, тілі, дәстүрі, өнері, дүниетанымы және тарихи мұралары. Бұл құндылықтар бөбектерге өз халқының бай мұрасын түсінуге және оны құрметтеуге жол ашады. Тәрбиеленушілер бойына осы құндылықтарды сіңіру түрлі бағыттарда көрініс табады.
Балабақша бағдарламасына қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын енгізу өте маңызды. Мысалы, «Тұсау кесер», «Бесікке салу» сияқты салт-дәстүрлердің мәнін балаларға түсіндіру, ойын түрінде көрсету, ертегілер арқылы жеткізу балалардың қызығушылығын арттырады.
Тіл – ұлттық болмыстың негізгі тірегі. Балаларға қазақ тілін ойындар, әндер, мақал-мәтелдер арқылы үйрету олардың тілді сүюіне ықпал етеді. Қазақ ертегілерін тыңдау, кейіпкерлердің бейнесін сомдау – тіл үйретудің қызықты әрі тиімді тәсілі.
Қазақтың ұлттық ойындары балаларды шы­дамдылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. «Қыз қуу», «Теңге алу», «Асық ойнау» сияқты ойындарды балабақшада ұйымдастыру балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке баулиды.
Балаларға ұлттық ою-өрнектердің мәнін түсіндіріп, оларды сурет салуға немесе қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сондай-ақ домбыраның үнімен таныстыру, ұлттық ән-күйді тыңдату арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті оятуға болады.
Тәрбиешілер ұлттық құндылықтарды балалардың жас ерекшелігіне сай қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуі қажет. Олар ұлтжанды, мәдениетті, тарихты жақсы білетін маман болуы тиіс.
Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу – балалардың болашақта өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейтін, өзіне сенімді, елжанды азамат болып өсуіне жол ашады. Бұл – ұлт ретінде мәңгілік ел болуымыздың кепілі.

Ұлттық ойындардың мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін түрлері:
1.Қимыл әрекет ойындары : «Орамал тастау, Айгөлек, Күзетші, Ақсерек-Көксерек, Күн мен Түн, Орныңды тап»
2.Спорттық ойындар: «Теңге ілу,Қыз қуу,Қазақша күрес, Қол күрес, Ат жарысы»
Бұл спорттық ойындардың түрлері- үлкен топтарға арналған ойындар.
Президенттік ұстанымның, бүгінгі өмірлік талаптың тұғыры ор­тақ арнаға меңзейтіні айғақ­та­луда. Ойлы тоқтамның ма­ңызы – болашақта құнды ізгілікке, иман­дылық пен парасаттылық­қа апа­ратын ұстанымдардың ұтым­ды жақтарын айқындап түсін­діруде; тәуелсіздігіміздің құнды­лығы, болашағы біртұтас ұлтта, елде екенін қонымды дәйектер­мен сенім деңгейіне көтермелеуде білінбек. Ұстамды ұқыптылықта адам сезімінің, сөзінің, сенімінің патриоттық рухын ашып беруге тәптіштеп назар аударудың маңызы арта беретіні күмәнсіз. Сол бетбұрысқа лайықты үлес қосалық.

Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін, тарихи ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Мәңгілік ел — ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз.Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», -деді. Сондықтанда біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған баймұрамыз  салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен  таныстыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады.  Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыныбелгілі. Балабақша қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелігін   білу, салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру-ең басты қағидат.
Ендеше бұл тұрғыда отбасы мен тәрбиешінің атқарар ролі зор. Білім алудың негізгі қағидасы  тәлім-тәрбие. Расында, бар  күшімізді  білімге  жіберіп,  бала  тәрбиесін  назардан  тыс  қалдырсақ, біздің  ұрпақ алдындағы  үлкен  қателігіміз де сол болмақ.
«Бала  тәрбиесі-баршаға»  демекші  ұстаздар, тәрбиешілер  баланы  дұрыс  тәрбиелеуге, санасының  қалыптасуына  үлес  қосамыз. Бүгін  ақылды  ұрпақ  тәрбиелеп,ертеңге  сенімді  ұрпақ  табыс ету  де біздің  еншімізде  десе де  болады.
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  басты  ұстаным-тәрбиелеудің  ұлттық  жолдарын  саралап, айқындап бала бойына сіңіре  білу. Яғни, бала  бойына ұлттық құндылықтарды  сіңіре  отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. Өйткені, ұлттық  тәрбиенің  мақсаты болашақта ұлттық  сана-сезімі  жоғары,өз  елінің  салт-дәстүрін,тарихын,мәдениетін  жақсы  білетін, сүйетін, ұлттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  ұштастыра  білетін ұлтжанды  тұлға тәрбиелеу. Ұлттық  санасын  ояту,  өз  ұлтының ана  тілін, дінін, мәдени  мұраларын  меңгерту. Бала  бойына  жанашырлық, сенімділік,  шыдамдылық,  намысшылдық тәрізді  ұлттық  мінезді  қалыптастыру.
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Балаларды қазақстандық  патриотизмге  шығармашылық  жағынан жеке  тұлға   ретінде  тәрбиелеу  қажет, бүгіннен   бастап  ұлттық  мінез-құлық, биік  талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық  намыс  қасиеттерін  қалыптастыруымыз  керек»,-деп  үндеу  тастаған  болатын. Ұлттық  тәрбиеміздің  негізгі  көздері – әдет-ғұрып,салт-дәстүр  мен  ұлттық  әдебиетіміз.Сонымен   бірге  отбасы  тәрбиесінің  ұлттық  ерекшеліктері,жеті  ата  туралы  түсінік,  туыстық  қарым-қатынас  атаулары, ата-ана  мен  перзент алдындағы   парыз  бен  қарыз, ұлттық  намыс. Міне,  осыларды бала  санасына сіңіріп,бойына  дарыта  білу ұрпақ  тәрбиесіндегі ең  басты қағидамыз.Халқымыз  қандай  да  бір  біліммен  өнегені балаға  қолма-қол  көрсету, көрсете отырып  үйретуді басшылық  еткен. Мысалы, еңбек  дағдысын   игерту  үшін ең  әуелі өзі  істеп көрсетіп,  ең  соңында балаға  өз бетінше  істеткен.Үлкенді  сыйлау, құрметтеу, қонақ  күту оны  аттандыру сияқты  әдеп тәрбиелерін   ұқтырып, үйретіп  отырған. Қазақ  үйретіп, көрсетіп,ұқтырумен  ғана  шектелмеген. Қандай  да бір әдеп,  әдет    дағдыларының  шынайы  мәнін  түсіндіріп, ойға  тоқытып  отырған. Тәрбиелеудің   ұлттық  үрдісінде баланың  қандай  да  бір  ұнасымды  қылығын   мадақтап  отырған. Өйткені, бала   қашанда  үлкендердің  өзіне  ыстық  ықылас,  ізгі  ниет  көрсеткенін  күтеді. Сол  үшін  де  баланы  ынталандыру  үшін мадақтау  арқылы  психикасына  ықпал  етудің  үлгісін   қалыптастырған.  Ынталандыруды  баланың  жас ерекшелігіне  сай  ұтымды  пайдалана  білген.
Осылайша, қазақ  ұрпақ  тәрбиелеудің  талай  тамаша  жолдарын  тағайындап, оны  жүзеге  асырудың  амал-тәсілдерін  айқындаған.
Педагог  М. Жұмабаев: «Әрбір  ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе  жатқан  жеке-жеке  жолы  бар. Ұлт  тәрбиесі, бала  тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып, көп  буын қолданып  келе  жатқан  тақтақ  жол  болғандықтан,тәрбиеші  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  жетелеуге  міндетті»,- деп ұлттық  тәрбиенің, халықтық  педагогиканың ұлағаттылығын  дөп  басып  айтқан.
Патриоттық тәрбиенің түп қазығы ұлттық педагогика. Ұлттық педагогика — баланың анасына отансүйгіштік, еліне,жеріне деген махаббаты арттыру бесік жырлары, батырлық жырлар, ертегі, ұлттық ойындар арқылы ұлттық патриоттық сананы қалыптастыруға негізделеді.
Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шараларды ұйымдастырғанда ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрек еттерді жиі қайталап отырған абзал.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Бала тілінің дамуы өзін қоршаған ортамен тығыз байланысты. Туғандары, анасы қай тілде сөйлесе, бала да сол тілде алғашқы сөздерін айта бастайды. Бала тілі бал, олар түрлі пікірлер айту арқылы өз қиялын жеткізеді. Әр Қазақстан азаматы өз ана тілінде еркін сөйлеп, тілін құрметтеп, Отанының мемлекеттік тілін жетік меңгеруі тиіс. Осы сәтте балаға отбасы үлгі болуы қажет.
Ал мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші баланың ойын дамытып, жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындырып отырғаны абзал. Ана тілі рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңіл бөлген жөн.
Осы  орайда  мен  де оқыту  мен  тәрбие  ісінде ұлттық  сипатымызды  айқындайтын  халықтық  педагогиканы, атап  айтсам, ұлттық  ойындар мен  салт-дәстүрлеріміздің  бөлшектерін баланың  деңгейіне  қарай  пайдаланып  отырамын

Қорыта келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі  ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп,
туымызды жықпай,ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің міндетіміз болып табылады. Жалпы балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық күш-жігері Отанды, халқымызды , туған-туысты құрметтейтін шығармашыл және талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.Алдымызда осы құндылықты бойына
сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аябайтын, білімді иманды, еңбекқорұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх