Балабақшадағы тәрбие – тұлға қалыптастырудың бастауы

Боранбаева Сандигул Сагинова
Балапан Маржанбұлақ балабақшасы тәрбиешісі

Бала — еліміздің болашағы, ұлттың ұлы байлығы. Оның бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерін сіңіру ең алдымен отбасы мен балабақшаға жүктеледі. Балабақша — баланың алғашқы әлеуметтік ортасы, сондықтан тәрбие жұмысының мазмұны баланың жан-жақты дамуына бағытталуы тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиенің басты мақсаты — әр баланың жеке тұлғалық қабілеттерін ашу, мінез-құлқын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеу.

Балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асады:

Адамгершілік тәрбиесі.

Баланы мейірімділікке, адалдыққа, сыйластыққа баулу. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу дәстүрін үйрету.

Эстетикалық тәрбие.

Өнерді сүюге, сұлулықты сезіне білуге, қоршаған ортаны әдемі ұстауға баулу.

Еңбек тәрбиесі.

Еңбектің қадірін түсіндіру, өз бетінше іс атқаруға үйрету. Мысалы, ойыншықтарын жинау, гүлді суару сияқты қарапайым еңбектен бастау.

Дене тәрбиесі.

Баланың денсаулығын нығайту, қозғалыс белсенділігін арттыру, таза ауада ойындар ұйымдастыру.

Экологиялық және ұлттық тәрбие.

Табиғатты қорғау, туған жерін сүю сезімін қалыптастыру. Ұлттық киім, салт-дәстүр, мақал-мәтел арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Тәрбиешінің рөлі

Тәрбиеші — баланың екінші анасы. Оның мейірімі, жылы сөзі, үлгі-өнегесі арқылы бала өмірге деген сүйіспеншілікті, адамгершілікті бойына сіңіреді. Тәрбиешінің әрбір іс-әрекеті балаға өнеге болуы тиіс.

Қорытындылай келе бала тәрбиесі — ұлттың болашағына салынған инвестиция. Балабақшада басталған тәрбиенің іргетасы мықты болса, болашақ азаматтың өмір жолы да нұрлы болмақ. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар күш біріктіріп, баланың жан-дүниесін ізгілік пен сүйіспеншілікке толтыруы қажет.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх