Жердің күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы

Тулымшакова Сауле Қуантайқызы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әр жыл мезгілінде жерге күннен келетін жылу мөлшері күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу,талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. Ғарыш әлемге қызығушылығын ояту. Картамен жұмыс жасауға машықтандыру.
Тәрбиелік: Туған елге,жерге деген сүйіспеншілікке , адамгершілікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,СТО технологиялары.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта,глобус,карта,қима-қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Білім сыры көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін үйреткен,
Дүниетану сабағы.- деп, дүниетану сабағымызды бастайық.
Оқушыларды туған күндеріне байланысты төрт топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Кәне ,балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
“Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы”
Әр топтан бір-бір баладаншығып, үй тапсырмасын әңгімелейді.
“Кім жылдам?” ойынын ойнайық.
Шарты: Сұрақтар арқылы өткен материалдарды қалай меңгергендеріңді тексеру.
1.Жерді қоршаған бүкіл дүние не деп аталады?
2. Жерге ең жақын жұлдыз?
3.Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
4.Глобус дегеніміз не?
5.Күн бетіндегі және қойнауындағы температура қандай?
6.Жердің шар тәріздес екендігінің қандай дәлелдері бар?
7.Глобустың градус торы дегеніміз не?
8.Жердің өз білігінен айналуының жердегі тіршілік үшін қандай маңызы бар?
9.Өзінен шырақ шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінбейтін не?

Глобус және жарты шарлар картасымен жұмыс.
1- топ “Көктем”: – Глобустан оңтүстік және солтүстік полюсті,меридиан,экватор,параллель сызықтарын көрсет.
2-топ “Қыс”: – Жарты шарлар картасынан төрт мұхитты көрсет.
3-топ “Жаз”: – Жарты шарлар картасынан материктерді тап.
4- топ “Күз”: – Қазақстан Республикасының қай материкте орналасқанын картадан  көрсет.
Сергіту сәті
ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.
Әр топ өзіне тиісті жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін топтастырады.
Ал, балалар , сендер осы жыл мезгілдерінің неліктен ауысып отыратындығы туралы білгілерің келеді ме?
Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы “Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы”
Мұғалімнің түсіндіруі:
“Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы” беинефильмді пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді абзацқа бөліп, оқып шығады.
Жаңа сабақты түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап алу.
– Жыл мезгілдері неге өзгереді?
– Жердің күнді толық бір рет айналып шығуына кеткен уақыт не деп аталады?
– Жердің күн төңірегіндегі  басып өтетін жолы қалай аталады?
– Солтүстік Америкада жаз болғанда , Оңтүстік Америкада жылдың қай мезгілі болады?
– Оңтүстік Америкада қыс болғанда, Аустралияда жылдың қай мезгілі болады?

 

Тәжірибе
Керекті құралдар: глобус,фонарик.
Фонарикті қосып,глобусқа бағыттап,шам жарығы қай жаққа көп түсті, қай жақта жаз,қай жақта қыс екенін анықтау.

ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
“Бес жолды өлең” стратегиясы
1. Ай.   Күн.    Жұлдыз. Жер.
2.  не істеді?
3. қандай?
4. сөйлем
5. синоним

V. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі.
Біздің ғаламшарымыздың басқа ғаламшарлардан ерекшелігі неде?
Оны қалай қорғаймыз?

VІ. Рефлекция: –  Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Егер ұнаса, қызықты болды, көп нәрсе үйрендім десеңдер- жасыл  парақшаны көтеріңдер.
Жоқ, ұнамады десеңдер – сары парақшаны көтеріңдер.

VІІ.Бағалау кезеңі.
Оқушылардың сабақта жинаған ұпай сандарын санап, баға қою.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі.
Мәтінді оқып келу,әңгімелеу.”Жердің күнді айналуы” тақырыбында сурет салып келу

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *