“Пысықтау” Жарыс сабақ
Турабаева Айткуль Төлембайқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір, екі таңбалы санға бөле білуге, амалдарды дұрыс орындауға, бірдей уақыт өлшеміне өрнектей білуге үйрету.
Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, бірлесіп, ұжым болып, жұмыс жасауға дағдыландыру, ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілділікке,дос-тыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жарыс сабақ «Білімді достар»
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Көрнекілігі:интерактивті тақта,фигуралар,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Кіріспе сөз: Балалар,бүгінгі жарыс сабақ өткізілудің мақсаты-сендердің математикалық білімдеріңді ортаға салып,логикалық қабілеттеріңді анықтап,шығармашылық белсенділіктеріңді арттыру болып отыр.Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді.Оқушылар «Білімділер»,»Ойшылдар» болып екі топқа бөлінеді.
Сайыстың жоспары:
1.Таныстыру.
- «Кім тапқыр?» (Бірдей уақыт өлшеміне өрнекте және амалдарды орында)
- «Кім жылдам?» (Фигура құрастыру)
- «Сын сағаты» (Жағдаятты сұрақтар)
- «Ұшқыр ой» (Сұраққа жауап)
- «Кім көп біледі?» (сан есімі бар мақал айту)
- «Білгенге маржан» (Логикалық сұрақтар)
1-тапсырма: Таныстыру
«Білімділер» тобы
Ұраны: «Білімдіге дүние –жарық,білімсіздің күні-қаріп»
Бір сыныпта оқимыз,
Достық сөзі әрқашанда дәрі бізге,
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
«Ойшылдар» тобы
Ұраны: «Оқу-білім азығы,білім-ырыс қазығы»
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар қорқып бізді қашар деп,
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
2-тапсырма: «Кім тапқыр?»Бірдей уақыт өлшеміне өрнекте және амалдарды орында
«Білімділер» тобына:
4сағ 5 мин + 34 мин = мин
6сағ 30 мин + 3сағ5мин= мин
50 мин х 4 = мин
360 с: 4 = с
«Ойшылдар» тобына:
5 сағ 30мин – 90 мин = мин
90 с + 1 мин 30 с= с
3 мин 20 с : 4 = с
40 с х 2= с
3-тапсырма: «Кім жылдам?»
Екі топқа геометриялық фигуралар беріледі,сол фигуралардан бейне жасау.
4-тапсырма: «Сын сағаты»
«Білімділер» тобына: Сабақта 2 алып қалдыңдар.Оған ата-анаң қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?
«Ойшылдар» тобына Мектепке жаңа доп алып келдің.Ойнап жүріп, досың добыңды жарып алды.Не істейсің?Үйдегілерге не айтасың?
Сергіту сәті: Музыка тыңдау.
5-тапсырма: «Ұшқыр ой». Әр топқа сұрақтар қойылады.
«Білімділер» тобына
- Бөлу компоненттерін ата.
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.(а х в х с),(в х а х с)
- Ауданы 16м шаршының қабырғасы нешеге тең?
- 2-нің кубы нешеге тең ?
- 1ғасырда неше жыл бар?
- Фигураның ауданын қалай табамыз ?
- Уақыт өлшемдерін ата.
- Тіктөртбұрышты параллелипедтің көлемін қалай табамыз ?
- 1-см-дің жартысы қанша мм?
- Атайдың жасы ең кіші әртүрлі үш таңбалы саннан тұрады. Атай нешеде?
«Ойшылдар» тобына
- Көбейтудің компоненттерін ата.
- Текшенің көлемін қалай табамыз?
- Фигураның периметрін қалай табамыз?
- 3- тің кубы нешеге тең?
- 1 тәулікте неше сағат бар?
- Жарты ғасыр – жыл.
- Минуттың 1/3 бөлігі – с.
- 40 с х 2= с.
- 60:9 қалдығы қанша?
- 4 баланың саусағы нешеу?
6- тапсырма: «Кім көп біледі?» Сан есімі бар мақалдар айту.
Жанкүйерлер де айтуға болады. Өз топтарына ұпай қосылады.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
7- тапсырма: «Білгенге маржан» Логикалық есептер шығару.
«Білімділер» тобына
- 1 бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
- 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
- 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір неше жаста?
«Ойшылдар» тобына
- Ауладағы тауықтардың 10 аяғы бар. Аулада неше тауық жүр?
- Қандай қар тез ериді? Таза ма, лас па?
- Көше бойымен 2 әкесі және 2 баласы келе жатыр. Көше бойымен барлығы неше адам келе жатыр?
Мұғалім: «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді» – демекші, оқушылардың білімдерін саралап, өнерлерін көрдіңіздер.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріліп, жеңімпаздар анықталып, мақтау қағазымен марапатталады.